Басты бет
Автотөлем
Тағы Басты бет
Автотөлем

Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Басты мәзіріндегі
Басты  / 
 
Автотөлем
Қазіргі зымырап өтіп жатқан заманда жақсы әкімгер ақшаны емес, уақытты есептейді. Әлбетте мобильді болу – сәттілікке қол жеткізудің негізгі кілті. Бүгінгі күні әлдебіреуді ұялы телефонсыз елестету де қиын. Көптеген келіссөздер, іскери іссапарлар мен басқа да іс-шаралар мұқият үйлестірілген іс-әрекетті талап етеді. Сондықтан да ұялы байланыс кез келген іскери адамның баға жетпес көмекшісіне айналды. Тіпті бұл көптеген іскери серіктестермен, жеткізушілермен, клиенттермен және басқа абоненттермен қарым-қатынас жасауға мәжбүр болғанда негізгі фактор іспеттес.

"Банк ЦентрКредит" АҚ Сізге "Автотөлем" атты жаңа қызметті ұсынуға әзір. Қызмет Kcell, Activ және Vegaline абоненттеріне арналған.

"Автотөлем" дегеніміз телефон балансында 100 теңге мөлшеріндегі шекті сома қалған кезде ЦентрКредит Банкінің төлем карточкасынан ұялы телефон нөміріне ақшаны автоматты түрде аудару. Ұялы телефоныңыздағы қаражат 100 теңгеден төмендеген сәтте-ақ Сіздің балансыңыз өзіңіз қосылған сәтте көрсеткен сомаға карточкаңыздан автоматты түрде толықтырылады. Бір реттік толықтыру сомасын 200 теңгеден бастап 5000 теңгеге дейінгі аралықта белгілеуге болады. Сондай-ақ бір айда жасалатын төлем сомасына лимит белгілеуге де болады. Мысалы, егер Сіз төлемді 1000 теңге мөлшерінде белгілесеңіз және бір айда толықтырылатын соманың 5000 теңгеден аспауын қаласаңыз, онда автотөлем бір айда 5 реттен артық жүргізілмейді. Қызмет тегін көрсетіледі!

Сіз аталмыш қызметке банкоматтар (функционалы кеңейтілген), өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және Банк бөлімшесіндегі менеджер арқылы қосыла аласыз. Бұл үшін картаңыздың PIN-кодын енгізгеннен кейін мәзірден "Жеке кабинетті" таңдап, "Автотөлем" қызметін басуыңыз қажет. Осыдан кейін Сіз ұялы телефон нөміріңізді енгізіп, бір реттік төлем мөлшері мен бір айдағы жалпы төлем сомасын белгілеуіңіз қажет. Сонымен қатар бұл қызметке туыстарыңыз бен жақындарыңызды да қоса аласыз. "Автотөлемді" нөмірі жеке тұлғаның атына ресімделген кез келген Kcell, Activ, Vegaline абоненттері қоса алады. Қызметтен бас тарту тек клиенттің өтініші бойынша Банк бөлімшесінде жүзеге асырылады.

"Автотөлем" қызметі арқылы кезекте тұруға уақытыңызды жоғалтпайсыз, төлем картасын сатып алу орындарын немесе балансты толтыру үшін терминал іздемейсіз. Автотөлем – жедел, ыңғайлы әрі заманауи қызмет! Өз туыстарыңыз бен жақындарыңыз, іскери серіктестеріңіз бен өзіңізге қымбатты басқа адамдар үшін әрдайым байланыста болыңыз.

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.