Клиенттерден келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы:
Кері байланыс Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Несиенің түрі:*
ЦентрКредит Банкінің жеке тұлғаларға арналған несиелері. Тиімді талаптар, төмен пайыздар.
Тұрғын үй сатып алуға, салып алуға немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға несие беру.
Сізді бекітілген мөлшерлеме, табысыңызды растайтын анықтамасыз несие алу мүмкіндігі қызықтыра ма?
Банк Сіз үшін тиімді талаптармен және барынша аз шығынмен ипотекалық несие ұсынуға дайын.
Онда Сіз ақша іздеп әуре болмай-ақ, өз үйіңізді сатып ала аласыз.
Автосалоннан, сондай-ақ ұсталған автомобиль сатып алуға несие беру.
Банк базардан және Банктің серіктес автосалондарынан ерекше тиімді талаптармен автокөлік сатып алу үшін несие береді.
Автонесие бағдарламасы әмбебап, ол табысы тұрақты адамдарға ғана емес, өз табысын растауға мүмкіндігі жоқ адамдарға да арналған.
Кепілсіз несие беру – бұл кепілсіз, несиелеу мақсатын көрсетпей, 3 жылға дейін, 1 000 000 теңгеге дейін берілетін несие. Өтінім беретін сәтте клиенттің жасы 22-ден төмен болмауы қажет.
Кіріс БЖЗҚ-ға (кемінде 6 ай) аударылатын зейнетақы аударымдары арқылы расталуға тиісті.
Несиені ресімдеу үшін бір ғана құжат - жеке куәлік қажет
*ЦКБ-нің жалақы жобасына қатысушылар үшін 4 жылға дейін.
Бұл бұрын алған несиеңізді өзіңіз үшін тиімді талаптармен өтеу мақсатында біздің Банктен несие (ипотека, тұтыну несиесін) алу мүмкіндігі немесе көптеген ұсақ несиелерді бір үлкен несиеге жинау мүмкіндігі. Пайыздық мөлшерлемені төмендетудің есебінен ай сайынғы төлемдеріңізді азайту, сонымен қатар несие мерзімін, сомасын және валютасын өзіңізге ыңғайлау мүмкіндігіне ие боласыз.
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып, дес бермей жүрген адамдарға арналған депозит.
"VIP" депозиті – ақшаны түпкілікті салу. Егер Сіз ауқатты тұлға болып, болашақты қамдау үшін қаражатыңызды тиімді орналастырғыңыз келсе – бұл Сізге арналған депозит.

Қомақты сома – тиімді талаптар.
Салымшының ағымдағы айналымына қызмет көрсетуге арналған депозит.
Ақшаны пайдалану еркіндігі және күнтізбелік жыл аяғында алатын кепілдікті кіріс.
Оң қадам жасап, капиталды сақтау және көбейту жөнінде дұрыс шешім қабылдайтын уақыт келді.

«Оңай шешім» депозиті – ЦентрКредит Банкінің қарапайымдылықты, сенімділікті және жоғары табыстылықты бағалайтын адамдарға арналған ұтымды ұсынысы.
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Филиалды таңдаңыз:*
Жеке куәлігіңіздің суретін жүктеп салыңыз:*
Ден 15 Мб максималды файл өлшемін асты басқа файлын таңдап.
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Кері байланыс
Аты-жөніңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
Телефон нөміріңіз:
Сіздің қалаңыз:*
Түрін таңдаңыз:*
Өнім немесе Қызмет:
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА
ФИЛИАЛДАР МЕН БАНКОМАТТАР
БІЗДІҢ БАНК
БАСТЫ МӘЗІРІНДЕГІ
Басты  /  Біздің Банк  /  Директорлар кеңесінің қаулылары

Директорлар кеңесінің қаулылары

 
8 Ақпан 2015
"Банк ЦентрКредит" АҚ (бұдан кейін – Банк) Сізге банктің Директорлар кеңесі "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың еншілес ұйымы "Банк ЦКБ-Мәскеу" жауапкершілігі шектеулі қоғамының Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Директорлар кеңесінің құрамынан «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарма мүшесі Янг Джин Хван мырза шығарылды. Қазіргі уақытта Директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей:

"Банк ЦКБ-Мәскеу" ЖШҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы – Альжанов М. К.,
"Банк ЦКБ-Мәскеу" ЖШҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшелері – Ишмуратов Т.Ж., Зданович Л.П., Асылбек Ержан Асылбек улы.
18 Желтоқсан 2014
Директорлар кеңесі 2013 жылғы желтоқсаннан 2014 жылғы желтоқсанға дейінгі кезең үшін жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады.
16 Қараша 2014
"Банк ЦентрКредит" АҚ 2014 жылғы 17 қарашада "Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №204 қаулысына сәйкес "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың еншілес ұйымы "Центр Лизинг" ЖШС-ны (мекенжайы: Алматы қ., Шевченко к-сі, 100) тарату туралы хабарлайды.
26 Қазан 2014
"Банк ЦентрКредит" АҚ өз ілтипатын білдіреді және осы арқылы Директорлар кеңесінің 27.10.2014 жылғы №184 қаулысымен "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ-қа қосылу арқылы "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың еншілес ұйымы - "Капитал" ЖЗҚ АҚ-тың ерікті түрде қайта ұйымдастырылғаны туралы хабарлаймыз.
20 Қазан 2014
Oh Ki Hong мырзаның өкілеттігін тоқтауға байланысты 21.10.2014 жылы Банктің Директорлар кеңесі "Банк ЦКБ-Мәскеу" ЖШҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі етіп "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Yang Jinhwan мырзаны тағайындау туралы шешім қабылдады.
16 Қаңтар 2014
Директорлар Кеңесі қаулы етеді Директорлар Кеңесінің мүшесі Suh Ki Youl мырзаның өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы және "Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу туралы
4 Желтоқсан 2013
"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Директорлар кеңесі Банктің жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Банктің жай акцияларға айырбасталатын бір артықшылықты акциясына шаққан дивиденд мөлшері - 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) теңге. Жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу мерзімі 2013 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2014 жылғы 31 қаңтарға дейін
19 Мамыр 2013
"Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесі стрестік активтерді басқару бойынша еншілес ұйым құру туралы шешім қабылдады.
12 Наурыз 2013
"Банк ЦентрКредит" Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі "Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы" шешім қабылдады. Күн тәртібінде: 
  1. "Банк ЦентрКредит" АҚ Басқармасының 2012 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі;
  2. "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың 2012 жыл бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  3. "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың 2012 жыл бойынша таза табысын бөлу тәртібін бекіту;
  4. "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Жарғысын жаңа нұсқада бекіту.
  5. "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
29 Қараша 2012
"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Директорлар кеңесі Банктің жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу жөнінде шешім қабылдады. Банктің жай акциясына айырбасталатын артықшылықты бір акция үшін төленетін дивидендтің мөлшері – 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) теңге. Жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу мерзімі 2012 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2013 жылғы 31 қаңтарға дейін.
23 Қазан 2012
Директорлар кеңесі "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы – "Банк БЦК-Мәскеу" жауапкершілігі шектеулі қоғамының Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім қабылдады. 
Директорлар кеңесінің қазіргі сәттегі құрамы:
  • "Банк БЦК-Мәскеу" ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы – Альжанов М.К., 
  • "Банк БЦК-Мәскеу" ЖШҚ Директорлар кеңесінің мүшелері – Oh Ki Hong, Карлаш Л.И., Ишмуратов Т.Ж., Абишев М.М.
22 Тамыз 2012
Директор кеңесі 01.11.2012 ж. дейінгі мерзімде тіркеуші «РЕЕСТР» АҚ-мен жасалған Акциялар мен облигацияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу туралы шартты бұзып, «Бірыңғай тіркеуші» АҚ-мен шарт жасау туралы шешім қабылдады.
26 Сәуір 2012
Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің төрағасы етіп Байсеитов Б.Р. мырзаны сайлау туралы шешім қабылдады.
13 Наурыз 2012
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы» шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2011 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі;
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2011 жыл бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту;
  3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың таза табысын бөлу тәртібін бекіту;
  4. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесін сайлау;
  5. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілет мерзімдерін белгілеу, комиссия мүшелерін сайлау.
1 Желтоқсан 2011
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Банктің жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады.
31 Тамыз 2011
Директорлар кеңесі «РЕЕСТР-СЕРВИС» АҚ-пен бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөнінде шартты бұзу және жаңа тіркеушіні таңдау туралы» шешім қабылдады. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жаңа тіркеушісі «РЕЕСТР» Акционерлік қоғамы болып табылады
6 Маусым 2011
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Бірінші несие бюросы» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесін сату туралы» шешім қабылдады. Мәміле жасағаннан кейін серіктестіктің жарғылық капиталындағы банктің үлесі 15,667%-ды құрайды.
4 Наурыз 2011
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы» шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2010 жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері туралы есебі.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2010 жыл үшін шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін бекіту.
  3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту.
9 Ақпан 2011
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – «Банк БЦК-Мәскеу» Жауапкершілігі шектеулі қоғамының жарғылық капиталына қосымша жарна салу туралы» шешім қабылдады. Қосымша жарна салғаннан кейін Банктің үлесі өзгермейді және 100%-ды құрайды.
26 Желтоқсан 2010
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Сырттай дауыс беру арқылы банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы» шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту.
18 Қараша 2010
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Банктің жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады.
12 Қазан 2010
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Сырттай дауыс беру арқылы банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы» шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту.
30 Мамыр 2010
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі етіп Shim Moo Gil мырзаны сайлау туралы шешім қабылдады.
30 Наурыз 2010
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы» шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2009 жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері туралы есебі.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2009 жыл үшін жылдық қаржылық есебін бекіту.
  3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2009 жыл ішінде алған таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
  4. «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын Банк сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне» өзгерістер енгізу.
10 Наурыз 2010
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесі басым құқықпен акцияларды сатып алу арқылы «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – «Капитал» ЖЗҚ» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталына қосымша жарна салу туралы» шешім қабылдады. Акцияларды сатып алғаннан кейін Банктің үлесі өзгермейді және «Капитал» ЖЗҚ» Акционерлік қоғамының орналастырылған акцияларының жалпы санының 75,05%-н құрайды.
27 Желтоқсан 2009
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі Рахимбаев М.И. мырзаның басқа лауазымға ауысуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
2 Қараша 2009
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «BCC Securities» АҚ-ты «BCC Invest» АҚ-қа қосу туралы шешім қабылдады.
29 Қыркүйек 2009
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі Lee, Woo Shick мырзаның басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
27 Тамыз 2009
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі қосымша 100 000 000 дана жай акция шығару арқылы, «BCC Invest» АҚ-тың жарияланған жай акцияларының санын 1 375 000 000 данаға дейін арттыру туралы шешім қабылдады.
26 Наурыз 2009
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы» шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының есептеу комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, есептеу комиссиясының мүшелерін сайлау.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2008 жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері туралы есебі.
  3. «Банк ЦентрКредит» АҚ 2008 жыл үшін жылдық қаржылық есебін бекіту.
  4. «Банк ЦентрКредит» АҚ 2008 жыл ішінде алған таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
  5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу.
  6. «Банк ЦентрКредит» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер енгізу.
  7. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін сыйақының мөлшерін және оны төлеу талаптарын белгілеу.
9 Наурыз 2009
«Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесі Украинаның Киев қаласында «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының өкілдігін ашу туралы шешім қабылдады.
9 Желтоқсан 2008
Директорлар кеңесі басым құқықпен акцияларды сатып алу арқылы «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – «Капитал» ЖЗҚ» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталына қосымша жарна салу туралы шешім қабылдады.

Акцияларды сатып алғаннан кейін Банктің үлесі өзгермейді және «Капитал» ЖЗҚ» Акционерлік қоғамының орналастырылған акцияларының жалпы санының 77,16%-н құрайды.
1 Желтоқсан 2008
Директорлар кеңесі «BCC Invest» АҚ жарияланған акцияларының санын арттыру туралы шешім қабылдады. Банк «BCC Invest» Акционерлік қоғамының жалғыз акционері болып табылады.
15 Қазан 2008
Директорлар кеңесі акционерлердің басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру арқылы банктің қосымша шығарылған жай акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдады.
Орналастырылатын жай акциялардың саны – 16 805 556 дана. Әрбір жай акцияның орналастыру бағасы – 1 150 (Бір мың бір жүз елу) теңге.
Банктің жай акцияларын ұстаушы акционерлердің басымдықпен сатып алу құқығын пайдалану мерзімі – баспасөз бетінде акцияны сатып алу туралы ұсыныс жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.
6 Қазан 2008
Директорлар кеңесі «Центр ДАР» Акционерлік қоғамымен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жүргізу жөнінде қызмет көрсету шартын бұзу және жаңа тіркеушіні сайлау туралы шешім қабылдады.
«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының жаңа тіркеушісі «РЕЕСТ-СЕРВИС» Акционерлік қоғамы болды.
15 Тамыз 2008
Директорлар кеңесі «ЦентрЛизинг» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қосымша жарна салу туралы шешім қабылдады. Серіктестіктің жарғылық капиталындағы банктің үлесі 75,95%-ды құрады.
3 Тамыз 2008
Директорлар кеңесі «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес ұйымы – «BCC Securities» ЖШС-ны «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы – «BCC Securities» Акционерлік қоғамы етіп қайта құруға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша жарна салуға шешім қабылдады.
24 Шілде 2008
Директорлар кеңесі 2008 жылғы 27 тамызда «Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру» туралы шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын арттыру.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату.
  3. «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
Жиналыс өткізілетін орын: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98, «Банк ЦентрКредит» АҚ. Жиналыс басталатын уақыт: жергілікті уақыт бойынша сағат 16-00.
15 Шілде 2008
Директорлар кеңесі басым құқықпен акцияларды сатып алу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес ұйымы – «Капитал» ЖЗҚ» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталына қосымша жарна салу туралы» шешім қабылдады. Акцияларды сатып алғаннан кейін Банктің үлесі өзгермейді және «Капитал» ЖЗҚ» АҚ-тың жарияланған акцияларының жалпы санының 74%-н құрайды.
7 Сәуір 2008
Директорлар кеңесі 2008 жылғы 27 мамыр күні «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру» туралы шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2007 жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері туралы есебі.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2007 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту.
  3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2007 жыл ішінде алған таза табысын бөлу тәртібін бекіту,
  4. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін ұзарту туралы.
Жиналыс өткізілетін орын: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98, «Банк ЦентрКредит» АҚ. Жиналыс басталатын уақыт: жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00.
8 Қараша 2007
Директорлар кеңесі «Капитал» ЖЗҚ» АҚ-тың акцияларын сатып алу туралы» шешім қабылдады. Банктің үлесі «Капитал «ЖЗҚ» АҚ-тың орналастырылған акцияларының жалпы санының 74%-н құрады.
15 Мамыр 2007
Директорлар кеңесі акционерлердің басымдықпен сатып алу құқығымен акцияларды өткізуі арқылы банктің қосымша шығарылған жай акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдады.
Орналастырылатын жай акциялардың саны – 10 000 000 дана.
Әр жай акцияны орналастыру бағасы – 600 (алты жүз) теңге.
Банктің жай акцияларын ұстаушы акционерлердің басымдықпен сатып алу құқығын пайдалану мерзімі – баспасөз бетінде акцияны сатып алу туралы ұсыныс жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.
29 Сәуір 2007
Директорлар кеңесі «Инвестментс Компани «Центр Инвест» Акционерлік қоғамын құру және оның қызметіне банктің қатысуы туралы» шешім қабылдады. Компания бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызмет атқарады. Компанияның жарғылық капиталындағы банктің үлесі 19%-ды құрайды.
10 Сәуір 2007
Директорлар кеңесі 2007 жылғы 25 мамыр күні «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру» туралы шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2006 жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері туралы есебі.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2006 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту.
  3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2006 жыл ішінде алған таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
  4. «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу.
Банк операцияларының жекелеген түрлеріне тексеру жүргізу үшін аудиторлық ұйымды белгілеу.
13 Желтоқсан 2006
Директорлар кеңесі «Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында еншілес банк құру туралы» шешім қабылдады.
29 Қараша 2006
Директорлар кеңесі «Сырттай дауыс беру арқылы Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу» туралы шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту.
  2. «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер енгізу.
9 Қараша 2006
Директорлар кеңесі «Банктің қосымша шығарылған акцияларын орналастыру туралы» шешім қабылдады.
23 Қазан 2006
Директорлар кеңесі «Акционерлердің басымдықпен сатып алу құқығының мерзімінің аяқталуына байланысты Банктің жай акцияларын өткізу туралы» шешім қабылдады.
28 Қыркүйек 2006
Директорлар кеңесі «Алматы өңірлік қаржы орталығына қатысушы – Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы «BCC Securities» ЖШС құру туралы шешім қабылдады.
22 Тамыз 2006
Директорлар кеңесі «Банктің қосымша шығарылған акцияларын орналастыру туралы» шешім қабылдады.
4 Маусым 2006
Директорлар кеңесі «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалын құру туралы» шешім қабылдады.
23 Мамыр 2006
Директорлар кеңесі 2005 жыл ішінде алынған табысты банктің бөлінбеген табысының құрамында қалдыру туралы ұсынысты акционерлердің жылдық жалпы жиналысында талқылау туралы шешім қабылдады. 2005 қаржы жылы үшін банктің жай акциялары бойынша дивиденд төленбейді.
5 Мамыр 2006
Директорлар кеңесі «Банктің артықшылықты акцияларын жай акцияларға айырбастау туралы» шешім қабылдады.
23 Сәуір 2006
Директорлар кеңесі «Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру» туралы шешім қабылдады. Күн тәртібінде:
  1. «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының есептеу комиссиясының сандық құрамын және өкілеттілік мерзімін белгілеу, есептеу комиссиясының мүшелерін сайлау.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2005 жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп.
  3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2005 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту.
  4. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2005 жыл ішінде алған таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
  5. Корпоративтік басқару Кодексін бекіту.
  6. «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының Жарғысының жаңа нұсқасын бекіту.
  7. «Банк ЦентрКредит» АҚ орналастырылған акцияларды сатып алатын кезде акциялардың құнын айқындау әдістемесін бекіту.
  8. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу туралы.
10 Сәуір 2006
Директорлар кеңесі «Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында еншілес банк құру туралы» шешім қабылдады.
8 Ақпан 2006
Директорлар кеңесі «Акционерлердің басымдықпен сатып алу құқығының мерзімі аяқталуына байланысты Банктің жай акцияларын өткізу туралы» шешім қабылдады.