Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Главное меню
Басты  /  Біздің Банк  /  Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

 
Санаттар: 
Сұрақтар санаттар: VISA/MasterCard төлем карталары
  • VISA/MasterCard төлем карточкалары
    1. VISA/MasterCard карточкасын ашу үшін қандай құжаттар қажет?
      ҚР резидент тұлғалары үшін: 
      • ЖСН көрсетілген жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, шетел азаматының Қазақстан Республикасында қоныстануға ықтиярхаты, туу туралы куәлік). 

      ҚР бейрезидент тұлғалары үшін: 
      • Жеке басты куәландыратын құжат (азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, шетелдік төлқұжат); 
      • ЖСН көрсетілген бейрезидент тұлғаны салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлік (Жеке басты куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда); 
      • Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен басқаша қарастырылмаған болса, бейрезидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасына кіру, шығу және онда мекендеу құқығының Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгендігін куәландыратын құжаты. 
    2. Қосымша карточкалардың шығарылуы мүмкін бе?
      Қосымша карточкаларды шығаруға болады. Қосымша карточка бойынша ақша қаражаттарын пайдалану лимиті белгіленуі мүмкін. Егер клиент қосымша карточка бойынша ақшаны пайдалану лимитін белгілемесе, онда қосымша карточканың ұстаушысы есепшоттағы барлық ақша қалдығын пайдалана алады.
    3. Карточкалық есепшотты қалай толықтыруға болады?
      • Банктің кассасы арқылы қолма-қол қаражат енгізу арқылы;
      • o Cash In функциялы банкоматтар/ Ақпараттық Төлем Терминалдар арқылы;
      • қаражаттарды қолма-қолсыз аудару (банк ішіндегі және басқа банктен);
      • жұмыс берушінің автоматты түрде жалақыны аударуы;
      • ЦКБ банкоматтары арқылы банк ішінде картадан картаға ақша аудару;
      • BCC.KZ жүйесі арқылы есепшоттан/картадан ақша аудару.
    4. Сауда және сервис орталықтарында қызмет көрсеткені үшін комиссия мөлшері қандай?
      Сауда саласында тауарлар мен қызметтің төлемін жүргізген кезде комиссия алынбайды. "Банк ЦентрКредит" АҚ желісінде казинода төлем жүргізген кезде соманың 1%+ 250 теңге мөлшерінде, ал басқа банктер желісінде казинода – соманың 1,55% (ең аз 1 200 теңге) мөлшерінде комиссия алынады.
    5. Егер карточка жоғалса не істеу қажет?

      Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны тосқауылға қою үшін клиент келесі телефон нөмірлері арқылы колл-центрге қоңырау шалу қажет (тәулік бойы): Алматы қаласында +7 (727) 244-30-30 немесе 505 (ҚР барлық ұялы операторларына қоңырау шалу тегін).

      Егер Клиент BCC.KZ қосылған болса, онда осы қашықтан банктік қызмет көрсету жүйелері арқылы өз картаңызды жедел тосқауылға қоюға болады. 

    6. Бұрын тосқауылға қойылған карточканы қайтадан тосқауылдан шығару қажет болса не істеу керек?
      Егер бұрын тосқауылға қойылған карточканы қайтадан тосқауылдан шығару қажет болса клиент жазбаша өтінішімен банктің кез келген бөлімшесіне баруы қажет (өзімен бірге жеке басын куәландырушы құжаты болуы тиіс). Қауіпсіздік мақсатында аталған өтінімдер телефон арқылы орындалмайды.
    7. Картаны ЦКБ банкоматы алып қойған жағдайда, қандай іс-әрекеттер жасау қажет?
      Банктің бөлімшесіне келіп (өзіңізбен бірге жеке тұлғаңызды куәландыратын құжат болуы тиіс), банкомат алып қойған картаны алуға өтінім беру қажет. Сондай-ақ Call Center қоңырау шалып, өтінім беруге болады.

      Банкомат алып қойған карта өтінім бергеннен кейін 5 жұмыс күніне дейінгі мерзімде алынады.

    8. Ұйым өз қызметкеріне карточка аша ала ма?
      • VISA Business
      • VISA Gold
      • Business Platinum
    9. Клиент қандай сауда-сервис орындарында тауар мен қызмет үшін төлем карточкасы бойынша есеп айырыса алады?
      Клиент VISA/MasterCard белгісі бар кез келген сауда-сервис орындарында есеп айырыса алады. 
    10. Карточканы Интернет желісінде қалай пайдалануға болады?
      Төлем карточкасының нөмірін, карточка ұстаушысының атын, тегін, карточканың қолдану мерзімін және CVV нөмірін (карточка ұстаушысының қолтаңбасының үлгісі үшін арнайы жолақ орналасқан картаның артқы жағында көрсетілген, қараңыз: карточканың нөмірінен кейін үш сан таңбаланған) көрсетіп, төлем карточкасы арқылы тауарларды сатып алуға болатын көптеген Интернет-дүкендер бар. 
      Интернет арқылы төлемді кез келген карталары арқылы жүргізуге болады (Visa Gift (Visa Prepaid) картаны есепке алмағанда).

      Интернет желісінде төлем жүргізу үшін алдын-ала өзіңіздің картаңыз бойынша шектеулерді алып тастаңыз. Call Center-ге хабарласу қажет (727) 244-30-30 немесе 505 (ҚР барлық ұялы операторларына қоңырау шалу тегін). Өз картаңыздың нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, аты-жөніңізді, туған куні, айы, жылыңызды, құпия сөзді (ДСН-кодпен шатастырмау керек) айтуыңыз қажет.
      Егер Клиент StarBanking жүйесіне қосылған болса, онда осы қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі арқылы интернет-транзакция жасау үшін карточка бойынша шектеулерді жеке алып тастауға болады. 
      Немесе ЦентрКредит Банкінің кез келген бөлімінде төлем карточкасы бойынша стандартты шектеулерді өзгертуге арналған өтінішті толтыруға болады – «ИНТЕРНЕТ желісінде қызмет көрсету» тарауына белгі қою қажет (өзіңізбен бірге жеке басты куәландырушы құжатыңыз болуы керек). 

      НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Internet арқылы тауарлар мен қызмет үшін төлем жасаған кезде Internet-дүкенді таңдау кезінде өте мұқият болуыңыз керек, өйткені электрондық коммерцияның бұл түрі қауіпті болып саналады (алаяқтық фактілердің таратылуы – жалған Internet-дүкендердің тіркелуі). 
    11. Карточка жоғалған кезде қайда хабарласуға болады?
      Келесі телефондар арқылы Call Center-ге хабарласыңыз (727) 244-30-30 (жұмыс уақытында), немесе 505 (ұялы телефонынан тегін).
    12. Банк ұялы телефонға SMS-хабарлама жіберу арқылы карточкадағы ақшаның қозғалысы және қалдықтар туралы ақпаратты ұсына ма?
      "Карточка бойынша SMS-хабарлама" қызметі – төлем карточкасы бойынша қаражаттың қозғалысын банк бөлімдеріне бармай-ақ бақылауға мүмкіндік береді. Ұялы телефонында роуминг болса, мұндай хабарландыруларды клиент шет елде жүрсе де ала алады. Әрбір кіріс және шығыс операциялары жүргізілген кезде SMS-хабарлама ұялы телефонға автоматты түрде жіберіледі. Жасалған операциялар туралы ақпарат: соманы, валютаны, операция жүргізілген уақытты, төлем карточкасы нөмірінің соңғы төрт санын және картадағы ақша қалдықты құрайды. Аталмыш қызметке қазақстандық барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері қосыла алады. Комиссия – 200 теңге айына. Аталмыш қызметке негізгі карта ұстаушылардың келісімі болған кезде қосымша карта ұстаушылар да қосыла алады. Аталмыш қызметке ЦКБ банкоматтары арқылы өз бетімен қосылуға болады, немесе клиент Call Center-ге хабарласыңыз (727) 244-30-30 (жұмыс уақытында), немесе 505 (ұялы телефонынан тегін) шалып қосыла алады (өз картаңыздың нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, аты-жөніңізді, туған куні, айы, жылыңызды, құпия сөзді (ДСН-кодпен шатастырмау керек) айтуыңыз қажет). Сондай-ақ клиент жеке басын куәландырушы құжатпен ЦКБ-нің кез келген бөлімшесіне барып, белгіленген үлгідегі өтінішті толтыра алады. Егер клиент өзінің ұялы байланыс нөмірін жоғалтып алса онда «Банкомат арқылы телефон нөмірін ауыстыру» қызметін пайдаланы Сall Center-ге қоңырау шалып немесе банк бөлімшесінде өтініштің негізінде аталмыш қызметті жаңа нөмірге қосуға болады.
    13. Банк электронды поштаға хабарлама жіберу арқылы карточкадағы ақшаның қозғалысы және қалдықтар туралы ақпаратты ұсына ма?
      Иә, төлем картасының ағымдағы есепшотындағы баланстың өзгерісі жөнінде хабарлау қызметі электрондық пошта арқылы тегін ұсынылады.

      Жасалған операция бойынша ақпаратқа: сома, валюта, операция жүргізілген уақыт, төлем карточкасы нөмірінің соңғы төрт саны және картадағы қалдық ақша кіреді.

      Электрондық пошта арқылы хабарлама алу қызметіне қосылу үшін клиент жеке басын куәландырушы құжатпен ЦКБ-нің кез келген бөлімшесіне барып, белгіленген үлгідегі өтінішті толтыруы қажет.

      Сондай-ақ келесі жағдай кезінде электрондық пошта арқылы қысқаша үзінді көшірме алуға болады:
      Егер клиент BCC.KZ қызметіне қосылған болса, үзінді көшірмелерді e-mail-ге кез келген кезең үшін тапсырыс беруге болады.
    14. «Банк ЦентрКредит» АҚ банкоматтары арқылы қандай да бір қызмет түріне ақы төлеуге бола ма?
      ЦентрКредит Банкінің «Төлемдерді қабылдау» функциясы арқылы ұялы байланыс, интернет / IP телефония, кабельді телевидение, коммуналдық төлемдер, оқу, балабақша, желілік маркетинг және т.б. қызметтер үшін төлем жүргізуге болады.
      Төлемдер тек ЦентрКредит Банкінің карточкалары арқылы қол жетімді.
    15. Банкомат арқылы картадан картаға ақша аударуға бола ма?
      ЦентрКредит Банкінің банкоматтары арқылы Visa International төлем жүйесін ұстаушылардың арасында картадан картаға ақша аударуға болады (карточка қай елде және оны қай банк шығарғанына қарамастан). Сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» АҚ шығарған VISA/MasterCard/Maestro карточкалары арасында ақша аударымдарын жүргізуге болады.
    16. VISA/MasterCard карточкасын ұстаушысы осы карточканы пайдаланудың негізгі қағидаларымен қай жерден таныса алады, соның ішінде ол әртүрлі жағдайлар кезінде қандай іс-әрекет етуі тиіс?
      Өз карточкаңызды қолдану ережелерімен келесі ақпарат арналары арқылы танысуыңызға болады:

      Банктің www.bcc.kz сайты арқылы ("Төлем карталары" > Пайдалы ақпарат сәйкес тарауды қараңыз);

      ЦентрКредит Банкінің филиалдарының тікелей төлем карталары бойынша менеджерлері арқылы;

      Банктік есепшот ашу және VISA/MasterCard халықаралық төлем карточкасын ашу Шартында және карточканың өзінде көрсетілген телефондар бойынша;

      www.visa.com және www.mastercard.com сайттары арқылы.
    17. Мультивалюталық карта ашуға бола ма?
      Банк мультивалюталық карталар шығармайды. Карталар келесі валюталардың бірімен ашылады: теңге, АҚШ доллары, еуро.

      Төлем валютасын карточкалық шоттың валютасына айырбастау төлем карточкасы жүйесінің ішкі талаптарына және/немесе карточкалық шоттан ақша алған сәтте төлем карточкалары жүйесінің қатысушылары арасында жасалған шарттарға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 
    18. Карточкалар бойынша сақтандыру депозиттерінің мөлшері қандай?
      Төлем карталары бойынша сақтандыру депозиті қарастырылмаған.
    19. Карточка қандай мерзімге беріледі?
      Карта 3 жылға беріледі. Мерзім аяқталған кезде карточка қайта шығарылуы мүмкін (тегін).
    20. Қандай жағдайлар кезінде карточка ауыстырылады?
      Карточка: 
      • Карточканы қолдану мерзімі өтіп кетсе (тегін) 
      • карточка бүлінген жағдайда 
      • ДСН-код құпия болып табылмаса
      • клиент ДСН-кодты ұмытып қалса 
      • клиенттің қалауы бойынша ауыстырылады
    21. Карточканы ауыстыру үшін комиссия мөлшері қандай?
      Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты карточканы ауыстыру үшін комиссия төленбейді. Клиенттің өтініші бойынша немесе карточка жоғалған кезде оны ауыстыру: "Тарифтер".
    22. Карточкадағы ақша қаражаттарына қандай да бір сыйақы есептеле ме?
      Карточкадағы қалдық ақшаға сыйақы есептелмейді.
    23. Егер карточка теңгемен ашылған болса, шетелде қолма-қол ақшаны қандай валютамен алуға болады?
      Қолма-қол ақша Сіз болған елдің валютасымен беріледі.
    24. "Банк ЦентрКредит"АҚ-тың банкоматтары қай жерде орналасқан?
      Қазақстан Республикасы бойынша біздің банкоматтарымызды келесі мекенжай бойынша қолдана аласыз...
    25. Картаны қалай пайдалану керек?
      Егер Сіз сатып алған затыңыздың ақысын карта арқылы төлегіңіз немесе банктің бөлімшесінен қолма-қол ақша алғыңыз келсе, Сізге карточкаңызды кассирге көрсету қажет. Сізден карточкаңызбен бірге жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатыңыз (жеке куәлік, төлқұжат) сұралуы мүмкін. Карточканың деректемелерін (карточка ұстаушының атын, карточканың әрекет ету мерзімі аяқталатын күнді) тексергеннен кейін Оператор карточкалық есепшоттан талап етілетін соманы есептен шығарады. Жүргізілген операцияның негізінде Оператор екі чек/слипті береді және оларға қол қою қажет. Чекте/слипте көрсетілген және Сіз төлеген/сұраған сомалардың сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз. Сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы Операторға хабарлаңыз. Бос чекке/слипке немесе қате сома көрсетілген чекке/слипке ешқашан қол қоймаңыз, себебі қол қойылған чек/слип карточка иесінің оның карточкалық есепшотынан белгілі соманы есептен шығаруына келісім бергенін растайтын құжат болып табылады. Сіз қол қойған чек/слиптің бір данасын операторға беруіңіз қажет, екінші данасы өзіңізде қалады. Сіздің есепшотыңыздан барлық көрсетілген сома есептен шығарылғанша, ал ол біз ай сайын тегін беретін карточкалық есепшот бойынша үзінді көшірмеде көрсетіледі, чектің/слиптің көшірмелерін міндетті түрде сақтаңыз. 
      Егер Сіз банкоматтан қолма-қол ақша алғыңыз келсе, ең алдымен, банкоматтың қандай карталарды қабылдайтынын тексеріңіз. Сіздің картаңызда көрсетілген төлем жүйесінің логотипі банкоматта болмаса, бұл банкомат Сіздің картаңызға қызмет көрсетпейді. Картаңызды банкоматтың ойығына дұрыс салыңыз: магнит жолағы төменде оң жақта болуы қажет. Содан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды мұқият оқып, әмірлерді орындаңыз. PIN-кодты терген кезде, Сізді ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіңіз. PIN-кодты қате терген кезде экранда қайта теру туралы ұсыныс шығады. Мұқият болыңыз! Сізге тек үш рет қана теріп көруге болады. Содан кейін де қате терсеңіз, картаңызды банкомат алып қояды. Ақшаңызды алып, түбіртек шыққанша, оны қайта санаңыз. Тапсырыс берген сома мен берілген сома арасында айырмашылық болған кезде банктің қызметкеріне хабарласыңыз. Операция аяқталған соң картаңызды ұмытып кетпеңіз және түбіртекті алыңыз. Банкоматтың нұсқауын орындауды бәсеңдетпеу қажет. 20 секундтан артық уақыт кідіргеніңіз Сіздің операцияны жасаудан бас тартқаныңыз немесе банкоматта картаны ұмытып қалдырғаныңыз болып есептелуі мүмкін. Мұндай жағдайда банкомат картаны алып қалады да, Сізге банкоматқа қызмет көрсететін банкпен хабарласуға тура келеді. 
      Карта бойынша операцияны жүргізгеніңіз үшін Сіз қолданыстағы тарифтерге сәйкес карта шығарған банкке комиссия төлейсіз. Егер сіз басқа банктен қолма-қол ақша алсаңыз, сондай-ақ ол банк осы операцияны жүргізгені үшін өз (қосымша) комиссиясын белгілейді.
    26. ПИН-кодты үш рет қате енгізгеннен кейін қандай іс-әрекеттер жасау қажет?
      ПИН-кодты қате енгізу есептегішін нөлге теңестіру үшін Call Center қоңырау шалып, өз картаңыздың нөмірін, оның қолданыс мерзімін, аты-жөніңізді, туған жылыңызды, құпиясөзді айту қажет. Бұл ретте картадан банктің Тарифтеріне сәйкес комиссия ұсталады. 
    27. ПИН-кодты ұмытып қалған және ПИН-конвертті жоғалтып алған жағдайда, не істеуге болады?
      Банктің бөлімшесіне келіп, менеджердің көмегіне жүгініңіз және картаны қайта шығаруға өтінім беріңіз (ескерту: стандарт дебет карталарын (жалақы жобаларына жатпайтын) ұстаушылар үшін BCC.KZ жүйесі арқылы қашықтан өтінім беруге мүмкіндік бар). 
    28. Cash In қызметі бар банкомат/Ақпараттық-төлем терминалы (АТТ) арқылы (картаны қолданбай-ақ) картаға қолма-қол ақша салу үшін қандай ақпаратты білу қажет?
      Алушы жеке тұлғаның ЖСН-ін және карточкасының нөмірін (картаның беткі жағындағы 16 таңбаны) білу қажет. Ескерту: тек теңге валютасымен ашылған карталарды толықтыруға болады, жәрдемақыға арналған Visa Social картасын толықтыруға болмайды.
  • #Картакарта
    1. Мен кредиттік лимиті нөлге тең карта алдым, ол картамен не істеуім қажет және болашақта маған лимит беріле ме?
      Сіз #картадан ақшаны жұмсаған кезде, ақша табасыз. Жеке ақшаңыздың есебінен зат сатып алыңыз да 30%-ға дейін кэшбэк алыңыз, ал Банк лимиттің мөлшерін қайта қарастырады. Егер Банк нөлдік кредиттік лимит туралы шешім қабылдаса, Сіздің кредиттік лимитті кейін алуға мүмкіндігіңіз бар.
    2. Маған # картасы бойынша кредиттік лимит не үшін қажет?
      Кредиттік лимит - бұл жеке ақшаңыз зат сатып алуға жеткіліксіз болған кезде жұмсауға болатын сақтауда тұрған қаражатыңыз.
    3. Маған кредиттік лимитті белгілегенін қалай білуіме болады?
      Сіз Банктен СМС аласыз.
    4. Мен карта арқылы шетелде төлем жасай аламын ба?
      Картаны бүкіл әлемде пайдаланыңыз! Тек сапарға шығар алдында Сіздің #картаңыз бойынша қажетті лимиттердің белгіленгеніне көз жеткізіңіз. Лимиттерді бірнеше секундтың ішінде күйге келтіруге болады. "BCC.KZ" қосымшасында шоттар тізімінен #картакарта таңдаңыз «Күйге келтіру» «Лимиттер» қажетті лимиттерді күйге келтіріңіз.
    5. Карта бойынша қандай тарифтер белгіленген?
      Картаны шығару, оған қызмет көрсету, ауыстыру, СМС хабарлама - тегін. Барлық тарифтерді осыжерден көруге болады
    6. Картаны қалай толықтыруға болады?
      Картаны басқа картадан немесе шоттан, басқа банктен банктік аударым арқылы, қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар банкомат, Банктің терминалы немесе кассасы арқылы толықтырыңыз. Картаны толықтыру - тегін!
    7. #карта көмегімен кэшбэк арқылы қалай ақша алуға болады?
      Карта арқылы төлем жасап, 30%-ға дейін кэшбэк алыңыз! «BCC.KZ» қосымшасында #картакарта бойынша кэшбэк бағдарламасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар басты экранда «Кэшбэк» сілтемесін басыңыз әрі қарай «Толығырақ» сілтемесін басыңыз. Кэшбэк бағдарламасыменосы жерден танысуға болады
    8. Егер картада менің жеке ақшам және кредиттік желі болса, ақша қалай жұмсалады?
      Алдымен Сіздің жеке ақшаңыз, содан кейін кредиттік лимит пайдаланылады.
    9. #картакарта бойынша кредиттік лимит есебінен бөліп төлеу туралы қалай білуге болады?
      «BCC.KZ» қосымшасында #картакарта бойынша бөліп төлеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар шоттар тізімінен #картакарта таңдаңыз «Бөліп төлеу» батырмасын басыңыз -> «Бөліп төлеу туралы» тарауы. Бөліп төлеу бағдарламасымен осы жерден танысуға болады
    10. Кредиттік лимитті пайдалану үшін сыйақы мөлшерлемесі қандай?
      0% - жеңілдетілген кезеңде (кредиттік лимит пайдаланылған сәттен бастап 55 күнге дейін) жылдық 22,99% - ЦКБ-нің жалақы жобасына қатысушыларға арналған жеңілдетілген кезеңнен тыс (СЖТМ 26%-ға дейін); жылдық 24,99% - басқа клиенттерге арналған жеңілдетілген кезеңнен тыс (СЖТМ 29%-ға дейін).
    11. Жеңілдетілген кезең дегеніміз не?
      Жеңілдетілген кезең - бұл кредиттік лимитті пайдалану үшін пайыз төлеуден босатылатын кезең. Егер Сіз жеңілдетілген төлем сомасын өтейтін болсаңыз, бұл кезең кредиттік лимит пайдаланылған сәттен бастап төлем жасалған сәтке дейін (қоса алғанда) іс-әрекет етеді. Мысалы, Сіз қаңтарда біздің серіктесімізден бөліп төлеусіз 20 000 теңгеге, ал бөліп төлеу арқылы (3 ай мерзімге) 30 000 теңгеге тауар сатып алдыңыз. Егер Сіз 25 ақпанға дейін #картаға 30 000 теңге (бөліп төлеусіз қарыз 20 000 Т + бөліп төлеу бойынша ай сайынғы төлем 10 000 Т) салсаңыз, онда пайыз есептелмейді.
    12. Жеңілдетілген төлем дегеніміз не?
      Жеңілдетілген төлем - бөліп төлеусіз борыштың 100% тұратын сома + бөліп төлеу бойынша ай сайынғы төлем. Егер Сіз Банк есептеген жеңілдетілген төлем сомасын (ең аз төлем сомасын емес) #картакарта 25-ші күнге дейін енгізетін болсаңыз, біз өткен айда жүргізілген операциялар бойынша пайдаланылған кредиттік лимит үшін пайыз есептемейміз. Назар аударыңыз! Жеңілдетілген талаптарды пайдалану үшін төлемді уақытылы, кешіктірмей төлеуіңіз қажет.
    13. Жеңілдетілген кезең қанша уақытқа созылады?
      55 күнге дейін
    14. Ең аз төлем дегеніміз не?
      Ең аз төлем - бөліп төлеусіз борыштың 5% тұратын сома + бөліп төлеу бойынша ай сайынғы төлем. Сіз төлемді мерзімінен кешіктірмеу үшін оны айдың 25-іне дейін төлейсіз.
    15. Карта бойынша ең аз төлем сомасын қалай білуіме болады?
      Әр айдың 1-ші күні Сіз ең аз төлем сомасы мен төлем жасау мерзімі көрсетілген СМС-хабарлама алып отырасыз. Сіз берешектің жалпы сомасын, жеңілдетілген төлем сомасын (кредиттік лимит бойынша пайыз төлемеу үшін), ең аз төлем сомасын «BCC.KZ» жүйесі арқылы да қарай аласыз: шоттар тізімінен #картакарта таңдаңыз «Ақпарат» «Деректер» "Кредит бойынша деректер" тарауы.
    16. Ең аз төлем сомасын қашан төлеуім қажет?
      Ең аз төлем сомасы әр айдың 1-ші күніне есептеледі. Төлем жасау мерзімі - 25-ші күнге дейін. Мысалы, Сіз кредиттік лимитті қаңтар айында пайдалансаңыз, Банк ең аз төлем сомасын 1-ші ақпан күні есептейді. Төлем жасау мерзімі - ақпанның 25-іне дейін.
    17. Ең аз төлем сомасын уақытылы төлей алмасам не болады?
      Егер ең аз төлем сомасын салуды ұмытып кетсеңіз және Сіздің Банкте ашылған басқа ағымдағы шоттарыңызда автоматты түрде өтеу үшін қаражат болмаса, Сіз төлемді шұғыл төлеу қажеттігі жөнінде СМС-хабарлама аласыз. Кредиттік тарихыңызға әсер етуі мүмкін кешіктірілген төлемді және тұрақсыздық айыбының есептелуін болдырмау үшін ең аз төлем сомасын уақытылы төлеп отыруға кеңес береміз.
    18. Карта бойынша берешекті мерзімінен бұрын төлеуіме болады ма?
      Иә. Кез келген уақытта айыппұлсыз және кестені қалыптастыру үшін Банкке бармай-ақ төлеуге болады.
    19. Мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл санкциялары көзделген бе?
      Мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл қарастырылмаған. Картаны өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта толықтыра аласыз.
    20. Кредиттік лимитті ұлғайтуға болады ма?
      Қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз.
    21. Кредиттік лимитті азайтуға болады ма?
      Кредиттік лимитті азайту үшін Банктің кез келген бөлімшесінде өтінім беруге болады.
    22. Мен бейрезидентпін, карта бойынша кредиттік лимит алуыма болады ма?
      Қазіргі сәтте кредиттік лимит тек ҚР резиденттеріне белгіленеді, бірақ Сіз картаны жеке ақшаңыздың есебінен қолданып, 30%-ға дейін кэшбэк алуыңызға болады.

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.