Құрметті клиенттер, ЦентрКредит Банкі кешенді медициналық тексеруден өтуді Кореядағы туристік орындарға барып, керемет демалумен ұштастыру мүмкіндігін ұсынады.
«BCC Check-up Service» арнайы ұсынысы Корей ұлттық туризм ұйымымен және «Рувенс» ЖШС-мен ынтымақтастықта әзірленді!
«BCC Check-up» дегеніміз не?
Кешенді медициналық тексеруден өту, ауруды емдеу, офтальмологтың тексеруінен өту, пластикалық операциялар жасау және Кореяның көрікті жерлерін аралап, демалу сияқты пайдалы да жағымды істерді ұсынатын кешенді өнім.
Өнімді кім пайдалана алады?
- ЦентрКредит Банкінің картасын ұстаушылар немесе аталған өнімді сатып алу үшін ЦентрКредит Банкінен қарыз алған қарыз алушылар. Енді Сіздерде медициналық турдың ақысын бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігі бар екенін қуана хабарлаймыз.
Құны
- Бір адамға 2200 АҚШ доллары (оған әуебилет, медициналық тексеру, Кореяның көрікті жерлеріне тур жасау, қонақүйде тұру және тамақтану құны кіреді)
Өнімнің бір адамға белгіленген құны валюта бағамының ауытқуына байланысты 3% шамасында арту жағына қарай өзгеруі мүмкін.
Қатысушылар саны: топта 25 адам
Тур өткізілетін кезең: ай сайынғы негізде Сеул-Сокчо бағыты бойынша тур жасалады. Тур 7 күнге созылады.
Қосымша ақпарат:
Әуекомпания: Азиана Эйрланс
Демеуші: Корей ұлттық туризм ұйымы
Акцияның талаптары бойынша сұрақтарыңыз болса, «Рувенс» ЖШС-ға хабарласуға болады.
8 (727) 311-1727
8 (727) 311-1227
8 (701) 911-1727
Ресми сайт:
www.ruvens.kz
«BCC Check-up Service» кешенді өнімін пайдалануға асығыңыздар.
«BCC Check-up Service» – тиімді талаптармен диагностика жасап, емделіңіздер және Оңтүстік Кореяның көрікті жерлерін аралап, тамаша әсер алып қайтыңыздар!