"Банк ЦентрКредит" АҚ "JH Corporation" ЖШС-мен бірге Оңтүстік Кореяның сауда және инвестицияларды дамыту жөніндегі агенттігінің (бұдан кейін – КОTRА) қолдауымен өз клиенттері үшін "Саудадағы делдал қызметі" атты жаңа бірегей өнімін әзірлеп, қолданысқа енгізгенін қуана хабарлаймыз.
КОTRА компаниясында Кореяның экспорттаушы компаниялары туралы ауқымды деректер базасының болуына байланысты және делдал компанияның сауатты кеңес беруінің арқасында біз Кореядан әртүрлі материалдарды (шикізат), дайын өнімді, техниканы, жабдықтарды және басқа тауарларды импорттауды жоспарлап жүрген және валюталық (сауда) операцияларды ЦентрКредит Банкі арқылы жүргізетін барлық қазақстандық компанияларға өзара тиімді жеткізушілер табуға қуана көмектесеміз.
olga.kuon@bcc.kz электрондық мекенжайларына өтінім жіберіп, өнімнің немесе шикізаттың құны бойынша өздеріңізді қызықтыратын барлық ақпаратты тегін алуға болады.
Өтінімде келесі деректерді көрсету қажет:
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.