2023 жылғы 1 ақпаннан бастап ЦентрКредит Банкінде бүкіл Қазақстан бойынша бастапқы және қайталама тұрғын үй үшін бастапқы жарнасыз ипотека ресімдеуге болады. Бастапқы жарна сомасы ретінде пәтер немесе тұрғын үй түріндегі қосымша кепілді ұсынуға болады. Бұл ретте жылжымайтын мүлік қарыз алушының меншігінде ғана емес, сонымен қатар оның туысының немесе жақын адамының меншігінде болуы мүмкін.
Кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүлікке қойылатын талаптар:
• жылжымайтын мүлік кепілге қойылмаған болуы тиіс;
• жылжымайтын мүлік иелері пәтерді немесе үйді кепілге беруге келісетін үшінші тұлғалар болуы мүмкін;
Кепілге қойылатын жылжымайтын мүлік ретінде келесіні қабылдауға тыйым салынады:
• Сыйға тарту шарты бойынша алынған меншік құқығы
• Кәмелетке толмағандарға меншік құқығымен тиесілі мүлік
3-ші тұлғалардың мүлкін кепілге қойған жағдайда қарыз бойынша кепілгердің тартылуын қамтамасыз ету қажет. Кредит мерзімі аяқталған кезде 68 жасқа толмаған Қазақстан резиденті кепілгер бола алады.
Бастапқы жарнасыз ипотека шарттары #Ипотека және #Ипотека плюс өнімдерімен бірдей, бірақ қосымша талаптары бар:
• қарыздың ең көп сомасы 100 миллион теңгеге дейін
• қарыз мерзімі 15 жылға дейін
• сыйақы мөлшерлемесі 17%-дан бастап (СЖТМ 18,7%-дан бастап)
• мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі.
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.