Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың рейтингін тұрақты болжаммен B2 деңгейінде растады
Халықаралық рейтинг агенттігі Moody's «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың рейтингтерін «В2» деңгейінде растады, болжам – тұрақты.
Аналитиктер Банктің кредиттік артықшылықтары ретінде келесі факторларды атап көрсетті:
• ШОБ және бөлшекті бизнес сегменттеріндегі орнықты нарықтық позициялар.
• Өтімді активтердің сенімді буфері (2020 жылғы 30 маусымдағы жай-күйі бойынша активтердің жалпы сомасының 30%).
• Нарықтағы жоғары үлесі.
Moody's агенттігі аналитиктерінің пікірі бойынша, ЦентрКредит Банкі активтерінің сапасы пандемияға және мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, біртіндеп жақсарып келеді. Банктің проблемалы кредиттерінің үлесі (3-кезең және POCI) ағымдағы жылы төмендеді, соның ішінде алдыңғы кезеңдерден қалған проблемалы кредиттерді қайтарудың, есептен шығарудың және өндіріп алудың есебінен төмендеген.
«Банк рейтингтерінің тұрақты болжаммен расталуын мен тікелей өзіміз аса құрмет тұтатын клиенттеріміздің сенімімен байланыстырамын», – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов, – Пандемияға және күрделі макроэкономикалық жағдайға қарамастан, біз жеке клиенттер үшін де, жеке кәсіпкерлер үшін де барынша тиімді және жайлы жағдайлар жасауды жалғастырудамыз. Осы жылы біз ШОБ субъектілеріне қызмет көрсетуге белгіленген тарифтерді толығымен нөлге теңестірдік, пайдалануға ыңғайлы және тиімді көптеген бөлшекті өнімдерді әзірледік, қашықтағы сервистер бойынша сапалы жұмыс жасадық. Пандемия кезінде өтініш жасаған барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға қарызды өтеу мерзімін кейінге жылжытуға мүмкіндік бердік. Қазіргі таңда біздің барлық қарыз алушыларымыз төлем жасаудың стандарт кестесіне көшті. Осы жағдайлардың барлығы Банктің көрсеткіштеріне, сәйкесінше Банктің рейтингтеріне де жағымды әсерін тигізді. Клиенттерімізге бейілділіктері мен сенімдері үшін алғыс айтамыз».
ЦКБ-нің ұзақмерзімді рейтингтері тұрақты болжамға ие. Агенттіктің пікірі бойынша, осы тұрақты болжам AQR процедурасы бойынша оң кредиттік қорытындылар мен капиталдың кейінгі толықтырылуы арасындағы, сонымен қатар Қазақстандағы короновирус пандемиясының жағымсыз әсері, мұнайға белгіленген баға мен теңгенің құнсыздануына қатысты шоктың арасындағы байланысты білдіреді.
01.10.2020ж. жай-күйі бойынша шоғырландырылған қаржылық деректер:
• Коронавирус пандемиясына байланысты ішкі операциялық ортаның нашарлауына қарамастан, ЦентрКредит Банкінің пайыздық кірісі ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 93 млрд теңгені құрады, яғни дағдарысқа дейінгі деңгейді сақтап қалды;
• ЦКБ есептелген пайыздық сыйақының жиналуы бойынша жоғары көрсеткішті бұрыннан ұстап келеді. Тіпті пандемия жағдайында да іс жүзінде алынған сыйақының есептелген сыйақыға қатынасы 97% аса мөлшерді құрады, бұл нарықтағы деңгейден әлдақайда жоғары;
• Сонымен қатар Банк резервтерді қалыптастыруға 35 млрд теңгеден аса қаражат бағыттады, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 32%-ға жоғары. Резервтеу өсімі AQR нәтижелері аясында провизия қалыптастыру бойынша жоспардан озық жүруге бағытталған.
• Қаралатын кезеңдегі Банктің пайыздық кірісі іс жүзінде екі есеге ұлғайды, соның ішінде транзакциялық бизнестен түскен кіріс дилингті дамытудың – жаңа онлайн-платформалар мен өнімдерді енгізудің нәтижесінде 9%-ға өсті.
• Резервтерді қалыптастыруға жұмсалған шығыс елеулі түрде өскен жағдайда да ағымдағы жылғы Банктің таза пайдасы 12,7 млрд теңгені құрады, яғни өткен жылға қарағанда 41%-ға өсті.
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның әмбебап бизнес-моделі бар алғашқы және ірі коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. Банктің ауқымды филиалдық желісі бар және 110-нан аса құрылымдық бөлімшеде заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісінде 40 шақты шетел банк бар. Толық ақпарат Банктің ресми сайтында:
www.bcc.kz.
Өнімдер желісі мәселелері бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
505 – жеке тұлғалар үшін мобильді телефоннан тегін
605 – заңды тұлғалар үшін мобильді телефоннан тегін
Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы
Igor.Bushmelev@bcc.kz