Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Главное меню
Басты  /  Жаңалықтар  /  «Теңгемен салынған салымдарды қорғау бағдарламасы»
12 2022
«Теңгемен салынған салымдарды қорғау бағдарламасы»

Сізге жеке тұлғалардың ұлттық валютамен орналастырған депозиттері бойынша өтемақы төлеу қағидаларының бекітілгені туралы хабарлаймыз.

Өтемақы Қағидаларға сәйкес өзінің келісімін өтініш арқылы 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей растаған салымшыларға төленеді.

Өтініштерді жинау BCC.KZ мобильді қосымшасында 2022 жылғы «12» қыркүйектен бастап жүзеге асырылады.

Егер Сізде «Банк ЦентрКредит» АҚ-та Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін қолданыстағы депозитіңіз болса – мобильді қосымшада Сізге парақшаға белсенді сілтемесі бар баннер қолжетімді болады, онда Сіз өтінішке ОТР пароль (СМС-код) арқылы электронды түрде қол қойып, Бағдарламаға қосыла аласыз.

Бағдарламаның қысқаша талаптарын еске саламыз:

Бағдарламаға 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша қолданыстағы ұлттық валютамен салынған депозиттер қатысады.

10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) бір салымшыға бір рет – 2022 жылғы 23 ақпандағы күннің соңында депозиттерде тіркелген қалдықтар шегіндегі жалпы сомадағы барлық теңгемен салынған депозиттерге есептеледі, бірақ 20 000 000 теңгеден аспайды.

Банктегі салымды Бағдарламаның қолданыс мерзімінің соңына дейін, яғни 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (қоса алғанда) сақтау сыйлықақы алудың міндетті талабы болып табылады. Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейін аяқталса, депозит Бағдарлама аяқталғанға дейін ұзартылуы тиіс.

Салымды ішінара алған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу бір жыл ішінде (23.02.2022 жылдан 23.02.2023 жылға дейін) салымда тіркелген ең төменгі сомаға жүзеге асырылады.

Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап еткенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.

СҰРАҚ ЖАУАП
Өтемақы бағдарламасына қандай салымдар қатысады? 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша жеке тұлғалардың қолданыстағы салымдары қатысады, бағдарлама ағымдағы және карталық шоттарға, сондай-ақ талап еткенге дейінгі депозиттер және шартты депозиттерге қолданылмайды.
Шетел валютасындағы салымдар бойынша қалдықтарға өтемақы бола ма? Жоқ, өтемақы тек теңгедегі қалдықтарға ғана қатысты.
Өтемақыға жеке табыс салығы салына ма? Жоқ, салынбайды.
Бағдарламаға бейрезидент-салымшылар қатыса ала ма? Бағдарламаның шарты бойынша ҚР салымшы резиденттері, бейрезиденттері де қатыса алады.
Өтемақы (сыйлықақы) алу үшін қандай шарттар орындау қажет? өтемақы (сыйлықақы) алу үшін депозитті 23.02.2022 жылдан бастап (яғни қоса алғанда 23.02.2023 жылға дейін) кемінде 12 ай мерзім сақтау қажет.
Бағдарлама аясында қандай өтемақы (сыйлықақы) көзделген? 23.02.2022 жылдан бастап қоса алғанда 23.02.2023 жылға дейін 12 ай ішінде тіркелген ең төменгі соманың 10%-ы

Өтемақы (сыйлықақы) келесідей есептеледі:
Өтелетін депозиттен ақшаны ішінара алу болмаған кезде:
2023 жылғы 23 ақпанға дейін қоса есептегенде өтелетін депозиттен ақша ішінара алынбаған кезде – 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңында өтелетін депозитте бар, бірақ 10%-ға (он пайызға) көбейтілген 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сома ретінде есептеледі;
Өтелетін депозитте ақшаны толықтыру, ішінара алу кезінде:
2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпан қоса есептелген кезеңде өтелетін депозиттен ақшаны толықтыру, ішінара алу кезінде өтемақы (сыйлықақы) 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпан қоса есептелген кезең бойынша операциялық күннің соңында тіркелген өтелетін депозиттің ең төменгі қалдығының сомасына, бірақ 10%-ға (он пайызға) көбейтілген 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сомаға есептеледі.
Өтемақы (сыйлықақы) бойынша шектеулер бар ма? 10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) 1 салымшыға депозиттердің қалдығына (23.02.2022 ж. бойынша) 1 рет, бірақ ақшаны ішінара алған кезде 20 млн теңгеден аспайтын – 23.02.2022 жылдан бастап 23.02.2023 жылға дейінгі (қоса есептелген) кезеңде тіркелген ең төменгі сомаға есептеледі.

1-мысал: Сіздің банкте 2 депозитіңіз болса: № 1 депозит – 23.02.2022 ж. қалдық 15 000 000 KZT құрады, № 2 депозит – 23.02.2022 ж. қалдық 3 000 000 KZT құрады, екі депозиттегі жиынтық сома 18 000 000 KZT

бұл жағдайда өтемақы 18 000 000 KZT-нің 10%-ын – 1 800 000 теңгені құрайды.

2-мысал: Сіздің банкте 2 депозитіңіз болса: № 1 депозит – 23.02.2022 ж. қалдық 15 000 000 KZT құрады, № 2 депозит – 23.02.2022 ж. қалдық 10 000 000 KZT құрады, депозиттердегі жиынтық сома 25 000 000 KZT

бұл жағдайда өтемақы 20 000 000 KZT-нің 10%-ын құрайды, себебі депозиттердегі жиынтық сома өтемақыға тиісті, бірақ 20 000 000 KZT-ден аспайды, яғни өтемақы сомасы 2 000 000 теңгені құрайтын болады.
Ағымдағы шоттарда, карточкаларда орналастырылған ақша Бағдарламаға қатыса ма? жоқ, Бағдарламаға тек депозиттер қатысады
Өтемақы қашан төленеді? 2023 жылғы наурызда
Бағдарламаға қатысатын депозиттен ақшаны ішінара алуға бола ма? Депозитіңіздің талаптарына сәйкес белгіленеді, Бағдарлама ақшаны алуға тыйым салмайды
Егер депозиттен ақшаның бір бөлігі алынса, онда өтемақы қандай сомаға есептеледі? өтемақы бір жыл ішінде тіркелетін ең аз қалдыққа есептеледі (23.02.2022 жылдан бастап 23.02.2023 ж. дейін)

Мысалы: 23.02.2022 жылғы депозитте 15 000 000 қалдық бар, 12 ай ішінде сіз 01.03.2022 жылы 5 000 000 шешіп алдыңыз, кейін 01.09.2022 қайтадан сол 5 000 000 теңгеге толықтырдыңыз және қалдықты 15 000 000 теңгеге дейін жеткіздіңіз, алайда өтемақы ең төменгі сомаға 10 000 000 теңгеге төленеді, өйткені есептелген кезең ішінде ең аз тіркелген және өтемақы сомасы 1 000 000 теңге болады.
Өтемақы (сыйлықақы) қайда төленеді? өтемақы 2023 жылғы наурызда «Банк ЦентрКредит» АҚ-та ашылған ағымдағы шотыңызға төленеді
Егер депозит мерзімі 24.02.2023 ж. дейін аяқталса, онда депозит Бағдарламаға қатыспай ма? Банк Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін депозиттің мерзімін Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі үшін ұзартады.
Егер мен Бағдарламаға қатысқым келмесе, Шартты бұза аламын ба? иә, депозитті 24.02.2023 ж. дейін жабу салымыңыздың автоматты түрде Бағдарламаға қатыспайтынын білдіреді
Менде «Банк ЦентрКредит» АҚ-та және басқа Банкте депозиттер болса, мұндай жағдайда өтемақы қайда төленеді? Өтемақы салымдарға кепілдік беру жүйесінің әрбір қатысушы банкінде ашылған депозиттерге төленетін болады
Менің «Eco Center Bank» АҚ-та (бұрынғы «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ) депозитім болған, бұл депозит Бағдарлама талаптарына сай келеді, бірақ ол «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ауыстырылды, ол Бағдарламаға қатыса ма? иә, «Eco Center Bank» АҚ-тан (бұрынғы «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа аударылған жеке тұлғалардың депозиттері Бағдарламаның талаптарына сәйкес келсе, олар Бағдарламаға қатысады.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес:
Қайта ұйымдастыру және борышты аудару шеңберінде қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелерді беруі депозитті толық алып қою/банктік салым шартын мерзімінен бұрын тоқтату ретінде қаралмайды.
Егер қандай да бір себептермен 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін Бағдарламаға қатысуға өтініш беруге үлгірмесем, менде кейінірек өтініш беру мүмкіндігі бола ма? Қатысушы банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген 31.12.2022 ж. дейінгі (қоса есептегенде) мерзімде келісімі туралы өтініш бермеген депозиторларға (салымшыларға) өтемақы (сыйлықақы) төлеу жүзеге асырылмайды.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қалай беремін? Егер сізде Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін «Банк ЦентрКредит» АҚ-та қолданыстағы депозитіңіз болса – мобильді қосымшада Сізге парақшаға кіру үшін белсенді сілтеме жасалған баннер қолжетімді болады, онда Сіз ОТР пароль (СМС-код) арқылы өтінішке электрондық түрде қол қойып, Бағдарламаға қосыла аласыз.
Банк бөлімшесінде өтініш беруге бола ма? Иә, болады
Мұрагерге өтемақы төлеу үшін қалай өтініш беруге болады? Мұрагерлік құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда, Банктің кез келген бөлімшесіне келіп, өтініш беруге болады

Тізімге қайта оралу

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.