Банк ЦентрКредит сізге өз ілтипатын таныта отырып, компанияңыздың көркейе беруіне тілектестігін білдіреді.
Сіздің кәсіпкерлік қызметіңізге байланысты есеп айырысуды жүргізу үшін оңтайлы құрал
Жеке кәсіпкерге арналған картаны* қуана ұсынамыз.
Visa және MasterCard карталарын пайдалану Сізге ұйымыңыздың шығыстарын, сондай-ақ жеке шығыстарыңызды тиімді басқаруға көмектеседі.
* Жеке кәсіпкерге арналған картаны ресімдеген кезде Банк 3 жұмыс күні ішінде есепшоттың ашылғаны туралы міндетті түрде салық органдарына хабарлайды.
Жеке кәсіпкерге арналған картаны пайдаланудың негізгі артықшылықтары:
- карта бойынша ақша қаражатының жұмсалуына тиімді бақылау жасау;
- қолма-қол ақша алуға, инкассациялауға және сақтауға байланысты тәуекелдіктер мен шығындарды азайту;
- картаның көмегімен кеден төлемдерін төлеу мүмкіндігі;
- бір есепшотқа қосымша карточка ресімдеу мүмкіндігі;
- "Банк ЦентрКредит" АҚ коммерсантарының POS-терминалдарында жасалған қолма-қолсыз операциялар үшін алынатын комиссиялардың сомасын картаға өндіріп алу мүмкіндігі.
ЖК картасын пайдаланушы дегеніміз кім::
- Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар;
- Адвокаттық қызметпен айналысатын тұлғалар;
- Нотариат қызметімен айналысатын тұлғалар;
- Желілік компаниялардың өкілдері;
- Шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар;
- Агенттер;
- ЖК мәртебесіне ие басқа тұлғалар
Жеке кәсіпкерге арналған карталардың түрлері:
MasterCard Standard және Visa Classic – классикалық карточка өнімі. Оның ерекшелігі – құны мен көрсетілген қызметтер жиынтығының қолайлы үйлесуі. Бұл карталар міндетті түрде авторизация жасауды талап етпейді, қонақүйге және билет сатып алуға бронь қою, Интернет арқылы сауда жасау бойынша қашықтан операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.
MasterCard Gold және Visa Gold – бұл өз иесінің дәулеті мен беделін білдіретін жоғары сападағы карта. Алтын картаны ұстаушылар ерекше қарым-қатынасқа, жоғары қызмет көрсету сапасына, елеулі жеңілдіктер алуға және дүние жүзінде тауарлар мен қызметтерге төлем жасаған кезде тиімді ұсыныстар алатынына сенімді болуға құқылы.
MasterCard Platinum және Visa Platinum – өз иелеріне Gold картасынан да көбірек мүмкіндіктер береді. Бұл – көбірек несие лимиті, банктен бөлінген дербес менеджердің қызмет көрсетуі және сатып алу, саяхат, ойын-сауық салаларындағы көптеген мәселелерді шешуге қабілетті дүниежүзілік консьерж-сервис қызметі.
Егер Сіздің "Банк ЦентрКредит" АҚ-тан ашылған карточкалық есепшотыңыз болса, онда біздің
"StarBanking" атты жаңа жүйемізге қосылуды ұсынамыз.
Бұл жүйе Сізге ұтқыр болып, өз есепшоттарыңызды әр түрлі құрылғылар – компьютер, смартфон, планшет және т.б. арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл қызметке банк бөлімшесіне келіп, сондай-ақ банкомат арқылы тегін қосылуға болады.
Сонымен қатар ЦентрКредит Банкінің төлем карточкалары бойынша төмендегі қосымша қызметтерді ұсынамыз:
- SMS-хабарлама: бұл қызмет арқылы Сіз карт-шот бойынша баланстың өзгергені туралы 5 секунд ішінде автоматты түрде хабардар боласыз, бұл өз алдына барлық жүргізілетін операциялардың толық бақылауда болуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
- Банкомат арқылы картадан депозитке ақша аудару. Банк бөлімшесіне бармай-ақ ақша аудару;
- Банкомат арқылы несиені өтеу. Банк бөлімшесіне бармай-ақ ақша аудару.
- Банкомат арқылы картадан қазақстандық/шетелдік банктің кез келген картасына ақша аудару. Банк бөлімшесіне бармай-ақ, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы дүние жүзі бойынша ақша аудару;
- Кеден төлемдері. Банктің Visa және Mastercard карточкаларын ұстаушылар үшін Қазақстан Республикасының кеден бекеттерінде кеден төлемдерін төлеу мүмкіндігі.