Басты бет
Тағы Басты бет

Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Пікір қалдыру Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА
БИЗНЕС-КЛИЕНТТЕРГЕ
ФИЛИАЛДАР МЕН БАНКОМАТТАР
БІЗДІҢ БАНК
БАСТЫ МӘЗІРІНДЕГІ
Басты  / 
 

Валюталық бақылау

Валюталық операцияларды 
сүйемелдейміз және қолдаймыз














 
Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттерінің валюталық операцияларын сүйемелдеу және қолдау парақшасына қош келдіңіз! Біздің Банк валюталық операцияларды жүргізген кезде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жауапкершілікті клиенттермен бірге көтереді:

Рисунок6.png


Валюталық шартқа on-line режимінде есептік нөмір береді  в режиме on-line
Иконки3.png


Валюталық операциялар бойынша есептің және есептіліктің толық, сондай-ақ объективті болуын қамтамасыз етеді
Иконки4.png


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет етеді
Иконки1.png


Валюталық бақылау жүргізудің мәселелері – валюталық шарттарды жасау, ақша төлемдері/аударымдарын жүргізу, есептік нөмірді алу бойынша, оның ішінде капиталдың қозғалысына қатысты операциялар бойынша кеңес береді
Иконки2.png


Клиенттердің валюталық шарттарын тіркейді және сүйемелдейді
Иконки5.png


Бейрезиденттің міндеттемелерін орындау мерзімін сақтауына қатысты бақылау жүргізеді және клиенттерге міндеттемелерін орындамағаны туралы хабарлайды
 
Сіздің сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, Сіз бізге өтініш жасай аласыз.
  
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
БСН/ЖСН:
Телефон:*
Email:
Хабарлама мәтіні:
Файл:
Ден 15 Мб максималды файл өлшемін асты басқа файлын таңдап.
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Басқа жазу
 
Пайдалы ақпарат.

.
Q&A.

№1 сұрақ. Шарттың қандай сомасынан бастап Банкте есептік нөмірді (ЕН) алу талап етіледі?
Жауап:
Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың сомасы оны жасаған күні 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламасынан асатын болса, осындай шарттарға ЕН алу қажет.
Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта оны жасаған күні шарттың сомасы көрсетілмесе, онда осындай шарт есептік тіркеуге жататын шарт ретінде қаралады.

№2 сұрақ. Валюталық операцияның қандай сомасынан бастап Банкке құжаттарды (шарт, инвойс, шот, шот-фактура және т.б.) ұсыну қажет?
Жауап:
• Есептік тіркеуге жататын валюталық шарт бойынша валюталық операциялар ЕН берілген валюталық шарт болған жағдайда ғана жүргізіледі. 
• Резидент және бейрезидент заңды тұлғалар сомасы 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын операцияларды жүргізетін болса, құжаттарды міндетті түрде ұсынады.
• Заңды және жеке тұлға бейрезиденттер, сондай-ақ резидент жеке тұлғалар сомасы 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын операцияларды жүргізген кезде, операцияларды құжаттарды ұсынбай-ақ жүргізе алады. 
• Резидент заңды тұлғалар сомасы 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын операцияларды жүргізген кезде, осы төлем және (немесе) ақша аударымы ЕН-ді беру талап етілетін валюталық шартты орындауға байланысты емес екенін растайтын жазбасы болған жағдайда, операцияларды құжаттарды ұсынбай-ақ жүргізе алады. 

№3 сұрақ. Валюталық шартты және валюталық операциялар бойынша құжаттарды қай электрондық мекенжайға жөнелтуге болады? 
Жауап:
Валюталық бақылау бойынша құжаттарды Өзіңіздің орналасқан жеріңізге сәйкес келетін электрондық мекенжайға жөнелту қажет:
Ақтау қ. - vk.aqtay@bcc.kz
Ақтөбе қ. - vk.aqtobe@bcc.kz
Атырау қ.- vk.atyray@bcc.kz
Астана қ. - vk.astana@bcc.kz
Жезқазған қ. - vk.jezqazgan@bcc.kz
Қарағанды қ.- vk.qaragandy@bcc.kz
Көкшетау қ. - vk.koksetay@bcc.kz
Қостанай қ. - vk.qostanai@bcc.kz 
Қызылорда қ.- vk.qyzylorda@bcc.kz
Павлодар қ. - vk.pavlodar@bcc.kz
Петропавл қ. - vk.petropavl@bcc.kz
Семей қ. - vk.semei@bcc.kz
Орал қ.- vk.oral @bcc.kz
Өскемен қ.- vk.oskemen@bcc.kz
Шымкент қ. - vk.symkent@bcc.kz
Тараз қ.– vk.taraz@bcc.kz
Талдықорған қ. - vk.taldykorgan@bcc.kz

№4 сұрақ. Егер шарт «Интернет-банкинг» жүйесі (ИБЖ) арқылы Банкке тіркеуге жөнелтілген болса, Банк берген ЕН көрсетілген шарттың көшірмесін қайдан алуға болады?
Жауап:
ИБЖ-де «ЭИВБ» тарауындағы ЕН-ді алуға ұсынылған бұрынғы өтінімге өтіп, осы өтінімде жүктеліп салынған файлды ашу қажет, осы жерде ЕН берілген шарт орналастырылады. 

№5 сұрақ. ЕН көрсетілген келісімшарттарды басқа банктен қалай ауыстыруға болады?
Жауап:
Басқа банкке ауысқан кезде, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша жаңа ЕН берілмейді. 
Экспорттаушы немесе импорттаушы алдыңғы есептік тіркеу банкіне: 
1) басқа банкке өтуге байланысты экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылаудан алу туралы еркін нысандағы өтінішті;
2) басқа уәкілетті банкке валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты еркін нысанда беруге жазбаша келісімді ұсынады. 
Осыдан кейін экспорттаушы немесе импорттаушы жаңа банкке өту мақсатында:
1) бекітілген нысан (№ 42 Қағиданың 1-қосымшасы) бойынша экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтінішті;
2) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың түпнұсқасын немесе көшірмесін ұсынады.

№6 сұрақ. Осы ақша аударымының есептік нөмірді беру талап етілетін валюталық шартты орындауға байланысты емес екені туралы жазбаны қандай жағдайда жазу қажет?
Жауап:
Резидент заңды тұлға (төлемді және (немесе) ақша аударымын жөнелтуші және (немесе) төлемнің және (немесе) ақша аударымының бенефициары) валюталық операциялар бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын валюталық шартты ұсынбай-ақ 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомада жүргізген кезде жазу қажет. 

№7 сұрақ.  Репатриациялау мерзімі дегеніміз не?
Жауап:
Репатриациялау мерзімі – экспорттаушы немесе импорттаушы тараптардың экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде есептейтін:
• экспорт күні мен экспортты төлеуге валюта келіп түскен күн арасындағы уақыт кезеңі;
• бейрезидент міндеттемелерін орындамаған және (немесе) толық орындамаған жағдайда, импорт бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы күні мен импорт бойынша пайдаланылмаған аванстық төлем қайтарылған күн арасындағы уақыт кезеңі;
• валюталық шартта пайдаланылмаған аванстық төлемді қайтару мерзімі болмаған жағдайда, импорт бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы күні мен импорт күні арасындағы уақыт кезеңі.
Басқа сөзбен айтқанда, репатриациялау мерзімі дегеніміз – бейрезиденттің экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі.

№8 сұрақ.  Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) бойынша репатриациялау мерзімін қалай есептеуге болады? Қай кезде 180.00 деп, ал қай кезде 000.01 деп көрсету қажет? 
Жауап:
Егер валюталық шарт тауарларды импорт үшін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына алып өтуді көздесе, импорттаушы есептеген репатриациялау мерзіміне тауарларды әкелу туралы өтінішті алу үшін қажетті 180 (бір жүз сексен) күндік уақыт кезеңі қосылады.
Егер валюталық шартта тауарларды Қазақстан Республикасы мен Одаққа мүше басқа мемлекет арасында алып өту көзделсе, экспорттаушы есептеген репатриациялау мерзіміне бейрезиденттен жанама салықтарды төлеу немесе қосымша құн салығын төлеуден және (немесе) акциздерден босату туралы растауы бар тауарларды әкелу туралы өтінішті алу үшін қажетті 180 (бір жүз сексен) күндік уақыт кезеңі қосылады.
Осы ретте, репатриациялау мерзімін экспорттаушы немесе импорттаушы валюталық шарттың талаптарына байланысты өз бетінше есептейтіндігін ескертеміз.

№9 сұрақ. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы келісімшарттар бойынша тауарларды есепке алу үшін Банкке қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Жауап:
1. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (1-қосымша).
2. Электрондық түрдегі салық есептілігін мемлекеттік кірістер органының қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама (36-қосымша).
3. Жанама салықтарды төлеу фактісін растау (босатудың не төлеудің өзге тәртібі) туралы хабарлама (3-қосымша).

№10 сұрақ. Егер Банк жүйесінде шарт бойынша тауарларға арналған декларация туралы ақпарат көрсетілмеген жағдайда, клиент не үшін Мемлекеттік салық комитетіне (МСК) өтініш жасауы тиіс?
Жауап:
Экспорттаушы немесе импорттаушы алған ТД туралы ақпаратты ҚР Ұлттық Банкі МКК-ден алып, электрондық түрде Банкке жөнелтеді. 
2019 жылғы 30 наурыздағы №42 Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес Банкке ҚРҰБ-дан ТД туралы деректемелер электрондық тәсілмен келіп түспеген жағдайда, МКК-нің ақпараттық жүйесінде ТД-ның болуы туралы МКК-нің аумақтық бөлімшесінің жазбаша растамасы болған жағдайда ғана Банк ТД-ны клиенттен қағаз тасымалдағышта қабылдай алады. МКК-нің аумақтық бөлімшесі жоғарыда көрсетілген растаманы Клиент өтініш жасағаннан кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады. 

№11 сұрақ. ИБЖ-нің клиенттік бөлігіндегі валюталық келісімшарттар бойынша тізілімдерді (ақша және тауарлар қозғалысы туралы ақпарат) қалай қарауға болады?
Жауап:
ИБЖ-де «ЭИВБ» қосымша бетіне кіріп, көрсетілген экранның оң жақ бөлігіндегі тізілімді көрсету қажет етілетін шартты іздеу үшін фильтрде мәнді белгілеу керек. Осыдан кейін «Көрсету» батырмасын басқан кезде, экранда келісімшарттар тізімі көрсетіледі. Деректерді көру үшін тізімнің сол жағындағы «Тізілім» батырмасын басу керек
реестр.pngреест123123123.png.

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.