Бағалы қағаздар
Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) қаржы нарығының өте тартымды секторларының бірі болып табылады, өйткені олардың сенімділік деңгейі мен өтімділігі жоғары. МБҚ бойынша табысқа мемлекет кепілдік береді және оған салық салынбайды.
МБҚ – мемлекет шығарған борыштық, құжатсыз бағалы қағаздар.
МБҚ-ны заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да, оған қоса бейрезиденттер де сатып ала алады.
МБҚ-ны топтастыру:
Эмитент бойынша:
- ҚР Үкіметі (Қаржы министрлігі);
- ҚР Ұлттық Банкі.
Айналым мерзімі бойынша:
- Қысқа мерзімді – 1 жылға дейін;
- Орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді – 5 жылдан жоғары.
Сатып алу талаптары бойынша:
- Дисконтталған құны бойынша;
- Атаулы құны бойынша;
- Нарықтық құны бойынша.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында көрсететін қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттеріне Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында инвестор болуды ұсынады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ – 1994 жылдан бастап бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттердің есепшоттарын жүргізу құқығымен брокерлік-дилерлік қызметпен айналысуға мерзімсіз № 248 мемлекеттік лицензиясын 2014 жылғы 17 қантар алған, мемлекеттік қазынашылық міндеттемелермен (эмитенті – ҚР Қаржы министрлігі) және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қысқа мерзімді ноталарымен (эмитенті – ҚР Ұлттық банкі) жұмыс жүргізу бойынша Бастапқы дилер, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының мүшесі болып табылады. Банк өз қаражаты есебінен, сондай-ақ инвесторлардың есебінен және солардың тапсырмасы бойынша ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының бастапқы және қайтара нарықтарында белсенді қызмет атқарады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттерге ҚР МБҚ нарығында келесі қызметтерді ұсынады:
- МБҚ-ны аукциондарда сатып алу, бастапқы орналастыру кезінде жазылу;
- МБҚ-ны қайталама нарықтарда сатып алу, сату;
- МБҚ-мен тура және кері РЕПО операцияларын жүргізу;
- Брокерлік, ақпараттық қызмет, кеңес беру.
Толығырақ ақпарат алу үшін бізбен (727) 2598-585, 2598-542 телефондары бойынша (Дилинг басқармасы) хабарласуға болады.