Басты бет
Қаржыландыру талаптары
Сипаттамасы
Біздің филиалдар
Тағы Басты бет
Қаржыландыру талаптары
Сипаттамасы
Біздің филиалдар

Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Басты мәзіріндегі
Басты  / 
 
Қаржыландыру талаптары
Қысқа мерзімді (1 жылға дейін) қаржыландыру аясында импорттық-экспорттық мәмілелерге төлем жасаудың кең тараған және көпшілікке танымал тәсілдерінің бірі аккредитив болып табылады.


АККРЕДИТИВ – бұл тауарды немесе қызметті сатушыға осы тауардың жіберілгенін немесе шарт талаптарының орындалғанын растайтын тиісті құжаттарды банкке уақтылы тапсырған кезде белгілі бір ақша сомасын төлеу жөніндегі банктің нақты міндеттемесі.


Аккредитив - бұл есеп айырысудың айтарлықтай қолайлы нұсқасы және экспорт немесе импортпен байланысты келісімшарт бойынша, сондай-ақ бір мемлекеттің ішінде есеп айырысуда қолданылады.


Барлық аккредитивтер Халықаралық Сауда Палатасы Парижде жариялаған құжаттамалық аккредитивтерге арналған Бірыңғай Ереже мен Дәстүрге (UCP 500, 2007 ж. басылым) бағынады.

Аккредитивтермен жұмыс кезінде Сатушы үшін, сондай-ақ Сатып алушы үшін де айтарлықтай жеңілдіктер туындайды:

Артықшылығы Сатып алушы үшін Сатып алушы сатушы аккредитивінің мерзімі мен талаптарына сәйкес жүкті тиеп жіберу туралы және басқа құжаттарды банкке тапсырғанға дейін өз банкінің сатушыға төлем жасамайтынына сенімді болады.
Сатушы үшін Сатушы негізінен Сатып алушының емес, банктің несиелік қабілеттілігіне сенеді. Банктің аккредитив талаптарына сай келетін құжаттарды тапсырған кезде төлем жасау міндеттемесі болғанда, сатушының жеткізілген тауардың ақысын алатынына сенімділігі арта түседі.


Сонымен қатар есеп айырысудың аккредитивтік түрін пайдалану алдын ала төлеу немесе ашқан есепшот бойынша жұмыс істеу кезінде туындайтын коммерциялық тәуекелдіктерді едәуір төмендетеді.
 
Сипаттамасы
Аккредитив бойынша жұмыс үлгісін қарастырып көрейік:

akkredetiv.jpg
  1.  Тауар жеткізу туралы келісімшарт.
  2. Аккредитив шығаруға өтініш.
  3. Аккредитив шығару.
  4. Бенефициарға аккредитивті авизолау.
  5. Тауарды тиеп жіберу.
  6. Құжаттар қаржыландырушы банкке түседі. 
  7. Төлем жасалады. 
  8. Құжаттар және қарызды өтеу кестесі.
  9. Құжаттар аппликантқа беріледі.
  10. Кестеге сәйкес негізгі борышты өтеу.

Аккредитивке қатысушы тараптар:

Аппликант (Импорттаушы/Сатып алушы) – аккредитив ашатын тарап.

Бенефициар (Экспорттаушы/Сатушы) – пайдасына аккредитив ашылатын тарап.

Эмитент Банк – аккредитив ашатын банк (Өтініш берушінің банкі).

Авизолаушы Банк – бенефициарға аккредитив талаптарын беретін банк, әдетте ол Бенефициардың банкі болады.

Растаушы Банк – Эмитент Банк шығарған аккредитивке өзінің растауын қосатын банк.

Атқарушы банк – Бенефициар төлем жасау үшін құжаттарды беруге тиісті банк. Басқаша айтқанда, бұл бенефициарға төлем жасайтын банк. Әдетте растаушы банк атқарушы банк болып табылады, бірақ ол басқа банк те болуы мүмкін.

Аккредитивтердің нысандары
Аккредитивтердің түрлері
 
1.Көрсеткен кезде төлем жасалатын аккредитив

Бенефициар Атқарушы Банкке құжаттарды береді, ол UCP 500 сәйкес аталмыш құжаттарды 5 банктік күн ішінде тексеруге құқылы. Құжаттарда айырмашылық болмаған жағдайда, Атқарушы Банк құжаттардың сомасын Бенефициардың есепшотына аударады.

2.Төлемі кейінге қалдырылатын аккредитив

Аккредитив төлемді сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім бойынша анықталатын мерзімге кейінге қалдыру арқылы ашылады. Төлемді кейінге қалдыру сатып алушы үшін өте тиімді, яғни тауарды қайта сатудың, өңдеудің есебінен немесе аккредитив бойынша алынған жабдықтардың көмегімен жасалған тауарларды сатудың есебінен төлем болжанған күнге дейін жеткілікті қаражат жинап алуға мүмкіндік береді

Бенефициар өтініш берушінің төлем жасайтын күнін тауарды түсірген күннен бастап 30, 60 күнге дейін кейінге жылжытады. Бенефициар берген құжаттарды (аккредитив талаптарына қатаң сәйкес келетін) Атқарушы банк акцептеу керек және болашақтағы төлейтін күнді жазбаша растауы тиіс. Аккредитив бойынша құжаттарды бенефициар банк (сондай-ақ растаушы немесе шығарушы банк) дисконттайды немесе негоцирлейді, яғни құжаттардың сомасын сатушыға/экспорттаушыға аккредитив бойынша төлем мерзімі орнамай тұрып төлеуі керек. Дисконттау көбінесе сатушы тауарды жөнелтіп жібергеннен кейін бірден алушы үшін төлем мерзімі кейінге ысырылатын аккредитивте қолданылады, бұл кезде аккредитив шығаратын банк төлем сомасын аккредитивте белгіленген мерзімде төлейді.

Төлем мерзімі кейінге қалдырылған аккредитив бойынша жұмыс үлгісін қарастырайық:

akkr_2.gif

  1. Тауар жеткізу туралы келісімшарт.
  2. Аккредитив шығаруға өтініш.
  3. Төлем мерзімі N күнге кейін жылжытылатын аккредитив шығару.
  4. Бенефициарға аккредитивті авизолау.
  5. Тауарды тиеп жіберу.
  6. Құжаттар сатушының банкіне, содан соң эмитент банкке түседі. Құжаттарды тексеру және сәйкестігін анықтау.
  7. Құжаттарды аппликантқа беру.
  8. Кейінге жылжытылған төлем мерзімі аяқталғаннан кейін төлем жасау.

3. Трансферабельді/аударылатын аккредитив - бұл аккредитивтің үлгісі төменде берілген: Сатып алушы – Сатушы/Делдал (Бірінші Бенефициар) – Жеткізуші (Екінші Бенефициар). Яғни Сатып алушы Делдалдың пайдасына «аударылатын» деп аталатын аккредитив (бірінші/түпнұсқа аккредитив) ашады. Өз кезегінде Делдал өзінің пайдасына ашылған аккредитивті бір сомамен Екінші бенефициарға немесе бірінші аккредитивтің мөлшерінен асып кетпейтін бірнеше сомамен бірнеше Екінші бенефициарға аударады.

Аккредитив сомасын, тауар бағасының бірлігін, аккредитивтің әрекет ету мерзімін, жүк түсіру кезіндегі құжаттарды беруге арналған соңғы күнді қоспағанда, аударылатын аккредитив түпнұсқа аккредитивте көрсетілген талаптармен ғана аударылады. Көрсетілген позициялардың кез келгені немесе барлығы кемітіледі немесе қысқартылады.

Аударылатын аккредитив бойынша жұмыс үлгісін қарастырайық:
 
akkr_3.gif

  1. Аппликанттың (сатып алушының) Бірінші бенефициарға (Делдалға) аккредитивті ұсынуы.
  2. Бірінші бенефициардың (делдалдың) Екінші бенефициарға (сатушыға) аккредитивті аударуы.
  3. Бірінші бенефициарға құжаттарды беру.
  4. Делдалдың жаңа инвойспен аппликантқа (сатып алушыға) құжаттарды беруі.


4. Револьверлік/жаңартылатын аккредитив - бұл аккредитив сатып алушы мен сатушы ұзақ мерзімге келісімшарт жасап, тауар белгілі бір уақыт аралығында белгіленген партиямен белгілі сомада жөнелтілетін кезде қолданылады. Мұндай жағдайда, сатып алушы артық шығын жұмсамау үшін бірнешеуінің орнына бір «жаңартылатын аккредитив» ашады. Аккредитив автоматты түрде, сондай-ақ оны жаңарту қажеттігі туралы хабар келген кезде жаңартылады.
Сонымен қатар аккредитивпен есеп айырысатын кезде аралас төлем нұсқасы қолданылуы мүмкін, ол бойынша банкке жүк жөнелту құжаттарын тапсырғаннан кейін тез арада ішінара төлем жасау, сондай-ақ аккредитивте белгіленген мерзім ішінде бөліп немесе бірден төлеу мүмкіндігі көзделген.

Аккредитив «қызыл сілтемені», яғни алдын ала төлем ретінде сатушыға аккредитив сомасының бір бөлігі төленетін талапты қолдануға мүмкіндік береді. Сатушыға көлік компанияларының қызметіне, тауар тиеуге байланысты кеден процедураларына, сертификат алуға және басқа шығындарға алдын ала төлем жасау үшін қаражат алу қажет болатын кезде «қызыл сілтемені» пайдалану өте қолайлы.
 
Біздің филиалдар
Выбор города:

Қаланы таңдаңыз:
Алматы
Бас кеңсе
Астана
Шымкент
Қарағанды
Ақтөбе
Тараз
Павлодар
Петропавл
Өскемен
Семей
Қызылорда
Ақтау
Алматы облысы
Атырау
Жезқазған
Көкшетау
Қостанай
Область Жетісу
Павлодар облысы
Түркістан облысы
Орал
Барлық қалалар
Барлық қалалар

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.