Баспасөз релизi
Алматы, 2020 жылғы 13 қаңтар
ЦентрКредит Банкі жаңа карталар желісін шығаруды бастады
Қаржы институты бірінші монохром кредит картасы – #картакарта өнімін ұсынады!
ЦентрКредит Банкі мен Visa халықаралық төлем жүйесі ұсынған бірінші монохром кредит картасының жаңа дизайны, жеке өнімге берілген #картакарта атауы және оны ұстаушылар үшін көптеген артықшылықтары бар
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Visa жаһандық төлем технологиялары компаниясымен бірге #картакарта атауы берілген жаңа кредит картасын шығаруды бастағанын хабарлайды. Жаңа өнім әмбебап карта болып табылады, онда жеке қаражатты да, кредит қаражатын да пайдалану, сондай-ақ пайызсыз бөліп төлеу және әртүрлі кэшбэк алу мүмкіндіктері бар. #картакарта картасына тапсырыс берген алғашқы клиенттер үшін картаны шығару және жылдық қызмет көрсету – тегін!
#картакарта картасын ұстаушыларға келесі мүмкіндіктер ұсынылады:
55 күнге дейін жеңілдікті кезең;
12 айға дейін пайызсыз бөліп төлеу;
жасаған сауда үшін картамен төлем жасаған кезде 30% дейін кэшбэк:
- +1% – барлық жеке сатып алулар үшін;
- +1% – «Рақмет» немесе «Рақмет+» депозиті және онда 1 млн теңгеден басталатын сома болған кезде;
- 10% дейін – сүйікті санаттарда;
- 30% дейін – серіктестерде.
«Біз 2020 жылды бірінші монохром кредит картасын іске қосудан бастаймыз. Бұл – қарапайым өнімдердің жаңа карталық желісін құрудың бастамасы. Жақын уақытта ЦКБ-нің карталары монохромға өзгереді» - дейді Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. - Қолыңда қомақты кредиттік лимиті мен тауар/қызмет ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі бар құралдың болуы – бұл ыңғайлы әрі тиімді!
Бөліп төлеу мүмкіндігін StarBanking мобильді қосымшасында 24/7 режимінде бақылауға болады. Бұл ретте біздің клиенттер әр айда сауда бойынша жоғары кэшбэк берілетін жаңа ұсыныстар алады және өздерінің қажеттіліктері мен жоспарларын ескере отырып, сүйікті санаттарды таңдай алады. ЦКБ-нің жаңа өнімдері – бұл біздің клиенттеріміздің қажеттіліктеріне қарай біздің жасаған қадамымыз. #картакарта картасын ұстаушыларды қызықты қызметтер мен жаңа кэшбэктер күтуде. Ал #картакарта серіктестерінің тізімі тұрақты түрде көбейіп отырады».
Атап өтетін маңызды жайт: жаңа картаны барлық клиенттер аша алады, тіпті бастапқыда нөлдік кредиттік лимит белгілеуге де болады. Картаны жеке қаражатпен толықтыра және 30% дейін тамаша кэшбэк жинай отырып, лимитті кейін алу мүмкіндігі қарастырылған.
#картакарта картасын ресімдеу бойынша консультация алу үшін Банктің call-орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:
+7 (727) 244 30 30
505 – мобильді телефоннан тегін.
#картакарта-ға сілтеме бойынша тапсырыс беруге болады.
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 108-ден аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге ҚР ҰБ 28.01.2015 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.
Қосымша ақпарат:
Дубровина Инна – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің PR-бағытының жетекшісі
Егорин Андрей – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің аға сарапшысы
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.