Баспасөз релизі
Алматы қ., 2020 жылғы 10 сәуір
ЦентрКредит Банкі Covid-19 пандемиясынан зардап шеккендерге
көмек көрсету қорына 100 000 000 теңге аударды
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына 100 000 000 теңге аударғандығы туралы хабарлайды. Ақша қаражаты коронавирустен зардап шеккендерді қолдауға жөнелтіледі.
«Қазір біз өзгерген әлемде өмір сүріп келеміз, осы ретте өміріміздегі қалыпты жағдайлар Covid-19 вирусының таралуына байланысты өзгеріске ұшырады, – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Осындай қиын сәтте азаматтарымыз бен елімізге көмек беру, оларға қолдау көрсету сияқты халқымыздың қанына сіңген қасиет қана өзгеріссіз қалып отыр. ЦентрКредит Банкі бұрыннан келе жатқан қазақстандық қаржы институты ретінде мұқтаж жандарды әрдайым қолдап келген және қазіргі таңда да оларға қолдау көрсетеді. Осыған орай біз бүгінгі күні «Birgemiz» қорына меншікті қаражатымыздан 100 000 000 теңгені аударғанымыз туралы хабарлаймыз. Қазақстанның екінші деңгейдегі басқа банктері де осындай игі іске өз үлесін қосатынына кәміл сенеміз. Өйткені осы індетті біз тек бірге жеңіп, қалыпты өмірімізге орала аламыз. Biz Birgemiz!»
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 110-нан астам құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады
Қосымша ақпарат:
Егорин Андрей – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы
andrey.yegorin@centercredit.kz
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.