ЦентрКредит Банкі екінші деңгейдегі банктердің ішінде бірінші болып атқарушылық өндіріс органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен (АӨО ААЖ) электрондық бірлесіп әрекет ету арнасын іске қосты. Процесті толық автоматтандыру жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының (ЖСО, МСО) сұрауларын жедел өңдеуге және шоттарға жедел, қашықтан тыйым салуға және тыйымды алып тастауға негіз болып табылады.
2017 жылғы 26 маусымнан бастап ЦентрКредит Банкі шоттарға тыйым салу және тыйымды алып тастау, банктік шоттардың болуы және оның ішіндегі ақша қаражатының қалдығы туралы қаулылар бойынша ақпарат алмасуға қатысты ЖСО-мен және МСО-мен электрондық бірлесіп әрекет етуге өтті. Қазіргі уақытта ЦентрКредит Банкі екінші деңгейдегі банктердің нарығында АӨО ААЖ-бен электрондық бірлесіп әрекет ету процесін сәтті енгізген және сүйемелдеген жалғыз банк болып табылады.
Жоба Әділет министрлігімен және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп іске асырылды. Жобаның негізгі міндеті – сұрауларды жылдам назарға алу және оларды тез шешу. Жаңа электрондық форматта бұндай операция 10 минут уақыт алады. Бұрын Банктің жауапты қағаз тасымалдауышта дайындауы үшін 3 жұмыс күні қажет болған. Электрондық арна процестен банк және сот орындаушылары үшін құжаттарды қағаз тасымалдауыш арқылы алмасу қызметінің күшін толық жояды.
Жаңа жоба ЖСО тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Электрондық арнаның бірінші жұмыс айында 1500 сұрау автоматты түрде өңделді. Іске қосылған сәттен бастап 300 ЖСО жаңа форматтағы жұмысқа өтті.
Электрондық бірлесіп әрекет ету АӨО ААЖ, Жоғарғы сот, электрондық үкімет порталы және «Банк ЦентрКредит» АҚ жүйелерінің арасында жүргізіледі. Банк клиенттерінің банктік шоттарының нөмірлері, оның ішіндегі ақша қаражатының қалдығы туралы деректерді беру, шоттарға тыйым салу және тыйымды алып тастау туралы сұраулар ҚР Жоғарғы соты санкциялағаннан кейін электрондық арна арқылы Банкке келіп түседі. Осылайша электрондық ақпарат алмасу заңсыз іс-әрекеттерден толық қорғалған.
- Біз инкассолық өкімдер мен шоттағы ақша қозғалысы бойынша функционалды іске асыруға қатысты ҚР Әділет министрлігімен, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен және әзірлеуші «АЛСЕКО» АҚ-пен бірлесіп атқарып жатқан жұмысты жалғастырудамыз, – деп атап өтті Банктің басқарушы директоры Бұлан Әділханов.
Әділханов мырзаның айтуынша, ЦентрКредит Банкі 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап жеке сот орындаушыларымен және мемлекеттік сот орындаушыларымен бірлесіп әрекет етудің электрондық форматына толық ауысатын болады.
Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті директорының м.а. Руслан Балғазин:
– Бұл жобаның іске асырылуы атқарушылық құжаттарды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану жеделдігіне жағымды әсерін тигізді. Қағаз бетіндегі құжат айналымы жойылып, осыған орай сот орындаушыларының хаттар мен сауалдарды жолдауға жұмсайтын шығындары да айтарлықтай төмендеді. Бұл функционалдың жағымды әсері мен тәжірибесін ескере отырып, Министрлік аталған сервисті барлық ЕДБ-де кеңінен қолдануды жоспарлап отыр, – деп мәлімдеді.
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.