Баспасөз релизі
Алматы, 2020 жылғы 11 наурыз
ЦентрКредит Банкі заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған ағымдағы шотты онлайн режимінде ашу мүмкіндігін ұсына бастады
Енді ЦКБ кәсіпкерлерге Банк бөлімшесіне келмей-ақ, ағымдағы шотты тегін ашу мүмкіндігін және қосымша көптеген артықшылықтарды ұсынады.
ЦентрКредит Банкінде бизнес-клиенттерге арналған ағымдағы шотты онлайн режимінде ашуға мүмкіндік беретін бағдарлама іске қосылды. Бизнесті жайлы жүргізу үшін бастапқы пакетте келесі опциялар қарастырылған:
* Ағымдағы шотты тегін ашу;
* «Интернет-банкинг» жүйесіне тегін қосылу;
* «StarBusiness» мобильді қосымшасына тегін қосылу және пайдалану;
* «StarBusiness» мобильді қосымшасында 2020 жылдың соңына дейін бюджетке төленетін төлемдерді тегін жүргізу;
* Жалақы карталарын жылдам шығару;
* Валютаны биржа бағамы бойынша нақты уақыт режимінде айырбастау;
* Депозиттерді онлайн ашу;
* Валюталық шарттарды онлайн тіркеу;
* Тендерлік кепілдіктерді онлайн шығару.
«ЦентрКредит Банкі 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына атсалысып келеді, - деп атап өтті Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Жылдан жылға біз өз өнімдерімізді технологиялық және қолжетімділік тұрғысынан жетілдіре түсуге тырысудамыз. Бүгін біз заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ЦКБ-де шотты тегін ашумен қатар, бизнесті жүргізуді ыңғайлы әрі жайлы ете түсетін маңызды және қажетті мүмкіндіктер жиынтығын ұсынамыз».
Ағымдағы шотты ашу бойынша парақшаға сілтеме: https://www.bcc.kz/kz/product/online-open-account/
Шотты ашу бойынша консультация алу үшін Банктің Call-орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:
+7 (727) 244 30 44
605 – мобильді телефоннан тегін
Анықтама
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 108-ден аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге ҚР ҰБ 28.01.2015 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.
_____________________________________
Қосымша ақпарат:
Дубровина Инна – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің PR-бағытының жетекшісі
Егорин Андрей – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің аға сарапшысы
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.