Баспасөз релизі
Баспана Хит бағдарламасы бойынша лимиттің толық игерілуіне байланысты ЦентрКредит Банкі ағымдағы жылдың 23 маусымынан бастап аталған бағдарлама бойынша кредит беру туралы өтінімдерді қабылдауды тоқтататыны туралы хабарлайды.
Баспана Хит ипотекалық бағдарламасы 2018 жылы ұсынылып, оны іске асыру үшін мемлекет қазақстандық екінші деңгейдегі банктерге 600 млрд теңге бөлді. Қазіргі таңда ЦентрКредит Банкі бөлінген лимитті игеріп, жаңа өтінімдер қабылдауды тоқтатады, алайда клиенттердің бұған дейін қабылданған өтінімдерін толық көлемде қарастырады.
«ЦентрКредит Банкі Баспана Хит бағдарламасы іске қосылғаннан бастап-ақ оны іске асырудың көшбасшыларының бірі болды, – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Бағдарлама қолданысының барлық мерзімі ішінде біз 157 млрд теңгеден асатын сомаға қарыз бердік, бұл Банктің 16 мыңға жуық клиентіне қоныстой жасауға мүмкіндік берді. Біз қазір жеке баспанасы бар әрбір отбасы үшін шын жүректен қуаныштымыз, сондай-ақ оларға біздің Банкті таңдағаны үшін алғыс білдіреміз. Сонымен қатар бұған дейін қабылданған барлық өтінімдердің толық қарастырылатынын атап өткім келеді».
Ипотека бойынша жоғары сұранысты қанағаттандыру мақсатында біз клиенттеріміз үшін өзіміздің «#Ипотека» атты арнайы ипотекалық бағдарламамызды әзірледік, бұл бағдарламаның шектеулері аз әрі мөлшерлемелері тиімді. Сонымен қатар ЦентрКредит Банкі «Ипотека 7-20-25» бағдарламасы бойынша кредит беруді белсенді түрде жалғастырып келеді және ол бойынша ЕДБ арасындағы көшбасшылардың бірі болып табылады.
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 19 филиалы және 117 құрылымдық бөлімшесі арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.