Баспасөз релизі
Алматы, 2020 жылғы 24 қыркүйек
ЦентрКредит Банкі балаларға арналған «Ер Қармыс» кітабының демеушісі болды
Балаларға арналған Junior карталарын шығару қарсаңында ЦентрКредит Банкі балаларға арналған «Ер Кармыс» эпостық кітабының шығарылымына қолдау көрсетті. Авторы – «SABU productions» компаниясының құрылтайшысы, продюсер және режиссер Сандугаш Тагабергенова. Қыркүйектің соңында кітап сөрелерінде қазақ жазушысы Қалнияз Шопықұлының сарыны бойынша батыр туралы аңыз жарыққа шығады.
«Қайырымдылық, адамгершілік, адалдық және жан-жақты сауаттылық сияқты қасиеттер қазақстандықтарда ерте жастан тәрбиеленуі қажет. Біз өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуына өзіндік үлес қосуға тырысамыз. Жуырда Банкіміз балаларға арналған Junior Card картасын шығара бастады. Бейімделген Junior Bank мобильді қосымшасы арқылы балалар ЦентрКредит Банкінің қызметтерін өздері пайдалана алады. Бұл сервистің көмегімен өз шығыстарыңды жоспарлап, төлемдер жүргізіп, зат сатып алып, қаржылық сауаттылығыңды артыруға болады. Ең бастысы барлық процестер қауіпсіз және ата-аналар тарапынан бақыланады», – дейді ЦентрКредит Банкінің басқарушы директоры Павел Кравченко.
Бұл Сандугаш Тагабергенованың алғашқы кітабы, қазақ батырының бейнесі мен тарихын жан-жақты ашып көрсету үшін идея авторы екі жыл бойы тарихи зерттеу жүргізді. Оған тарихшы Нұржан Светқали көмек көрсетті. Кітаптың тиражы – 10 000 дана. Тұсаукесер 23 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Сүлейман Демирел атындағы университетте өтті.
ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Владимиров: «Қазақ халқы – бай тарих пен мәдениеттің мұрагері, біз елімізде шексіз даланың нағыз батырлары туралы баяндайтын, балаларға арналған осындай кітаптардың шығарылып жатқанына қуаныштымыз, – деп атап өтті. – Ер Қармыс – бұл қайсарлық, батылдық және адалдық – жас оқырманның санасын қалыптастыратын қасиеттер туралы аңыз. Біз 6 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға керемет мобильді қосымшасы бар үздік картаны иеленуге мүмкіндік беретін Junior Bank жобасын іске қосумен қатар, бұл жобаны да қолдағанымызға қуаныштымыз».
«Junior Card» ата-ананың немесе үшінші тұлғаның атына жеке карточкалық шот болып ашылады. Енді бөлімшеге келмесе де болады, бұл өте ыңғайлы – сіз BCC.KZ қосымшасында ең көбі 5 Junior Card-ты виртуалды түрде аша аласыз. Сондай-ақ Банк бөлімшесіне баласыз келіп, жеке тұлғаңызды куәландыратын құжат арқылы 5 минуттың ішінде картаны алуыңызға болады. «Junior Bank» қосымшасын да атап өтпеуге болмайды. BCC.KZ қосымшасында ата-аналар өзінің барлық карталарын, оған қоса Junior картасын көре алады. Өз кезегінде, балалар «Junior Bank» қосымшасында тек өзінің «Junior Card» картасын көреді.
Қосымша Android және IOS платформаларында қолжетімді.
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 110-нан аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.
Өнімдер желісіне қатысты мәселелер бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:
505 – жеке тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
605 – заңды тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ PR бөлімінің бастығы
Igor.Bushmelev@bcc.kz