Баспасөз релизі Алматы, 2021 жылғы 29 қаңтар
ЦентрКредит Банкі бизнеске арналған жаңа картаны – шот бойынша #business картасын ұсынады
ЦентрКредит Банкі заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған жаңа өнімді ұсынады. Шот бойынша #business картасы дегеніміз – кез келген компаниялар үшін ең жақсы шешім, тиімді тарифтер мен 24/7 режимінде шотқа қол жеткізу.
«Қазақстандық бизнеске қолдау көрсету үшін біз кәсіпкер көтеретін барлық артық жүктемелерді барынша азайтып, оның күш-жігерін өз ісін дамытуға бағыттауға мүмкін беретін осындай картаны шығаруды жөн көрдік», – дейді банктің Басқарушы директоры Павел Кравченко.
#business картасы бизнес жүргізу үшін келесі бірқатар мүмкіндіктерді ұсынады:
· әрдайым ақшаны шоттан картаға аударудың қажеті жоқ, ақша тікелей шоттың есебінен шығарылады;
· дүние жүзі бойынша тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу;
сонымен қатар картаның бірегей дизайны ұсынылады, бұл жерде картаның барлық деректері оның қарсы бетінде көрсетіледі.
«Карта бухгалтерияны жүргізу процесін айтарлықтай жеңілдетеді – енді есепке алып ақша берудің қажеті жоқ, барлық операциялар шот бойынша үзінді көшірмеде көрсетіледі. Біз ұстанған бағытымыздан таймай, клиенттеріміз үшін көптеген қызықты ұсыныстар дайындаудамыз. Картаның функционалы бизнесті жүргізу үшін пайдалы әрі қажетті сервистермен толықтырылып отырады», – деп жалғастырады ЦКБ-нің Басқарушы директоры Павел Кравченко.
#business картасын ЦентрКредит Банкінің кез келген бөлімшесінде ашуға болады.
#business картасы туралы толық ақпарат bcc.kz сайтында (лэндингке сілтеме - https://www.bcc.kz/cards/corporate-card/) көрсетілген.
Әлеуметтік желілерде орналастырылатын осы тақырыптағы материалдар:
Ресми хэштегтер: #bccbusiness;
Facebook https://m.facebook.com/bcc.kz/
Instagram https://instagram.com/centercreditkz?igshid=1v24yqk98hxm1
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 110-нан аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.
Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы
|
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.