Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Главное меню
Басты  /  Баспасөз релиздері  /  ЦентрКредит Банкі бас серіктес болып SUMMER FEST фестиваліне қатысты
3 2019
ЦентрКредит Банкі бас серіктес болып SUMMER FEST фестиваліне қатысты

 

Пресс-релиз

Алматы, 2019 жылғы 03 шілде

ЦентрКредит Банкі бас серіктес болып SUMMER FEST фестиваліне қатысты. 

30 шілдеде Алматы қаласындағы Көктөбеде Summer Fest фестивалі өтті. Іс-шара бейресми жағдайда қатысушыларға өз бизнес-моделін немесе старт-апын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісуге, сондай-ақ қаржы, маркетинг, журналистика, шоу-бизнес және басқа салалардың кәсіби мамандарымен әңгімелесуге мүмкіндік беретін алаң болды.

ЦентрКредит Банкінің атынан:

Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Ишмуратов және ШОБ департаментінің директоры Айдын Доскараев сөз сөйледі. Біздің әріптестеріміз ивент қонақтарына ЦКБ-нің соңғы жаңалықтары туралы айтып, банктің жаңа өнімдерімен таныстырды. Фестиваль аумағында ЦКБ-нің эмбоссер орналастырылған промо-аймағы келушілер арасында танымал орын болды. Фестиваль қонақтарына сол жерде Master Card World Black Edition картасын ресімдеу мүмкіндігі ұсынылды. ЦКБ-нің премиум санатындағы атаулы картасын нақ осы күні 247 адам алды! Әзірге бұл – Банктің сыртқы іс-шаралардағы абсолютті рекорды.

Фестивальға шақырылған қонақтар мен сарапшылар ретінде:

Танымал қазақстандық бизнесмен және инвестор Маргулан Сейсембаев;

Саясаттанушы, Тәуекелді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев;

PR-маман, Astana Group компаниясы президентінің кеңесшісі Алишер Еликбаев;

Медиа-менеджер және Salem Social Media бас директоры Александр Аксютиц;

Қазақстан телерадио хабар тарату қауымдастығының жетекшісі, Bentley Kazakhstan клубының негізін қалаушы және басшысы Бейбут Алибеков;

Chocofamily холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов;

3Q тобының негізін қалаушы Кайрата Кудайберген қатысты.

Танымал қонақтардың қатысуымен жүргізілген қызу дискуссия Абай мейрамханасында жиналған іс-шара қонақтарының назарын аударды. Танымал әрі табысты тұлғаларға әртүрлі тақырыптарда сұрақтар қойылғанда, олар қуана жауап беріп жатты. 

Атақты вайнер Нурлан Батыров өзінің жетістікке жету жолындағы оқиғасын айтып берді:

- Мен өз достарыма арнап түсірген алғашқы вайнды жариялағанан кейін келесі күні менде 8 мың жазылушы болды, бұл қазіргі 500 мың жазылушымен тең, - деп есіне алды. – Менің арнамда бірінші рет жарнама беруге ұсыныс жасаған кезде, мен бізге көп болса шамамен 10 мың теңге төлейтін шығар деп ойладым. Ал бізге сол жерде 100 мың теңге берді. Осыдан кейін біз команда болып дами бастадық. Қазір менің ұжымымда директор, менеджер, заңгер, бухгалтер, сценаристтер, әртістер бар. Бір күні мені салық ұйымына шақырып, салық төлейтінімді нақтылады. Бұл менің атым Forbes Kazakhstan рейтингінде көрсетілген кез болатын. Сондықтан мақсаттарыңызды айқындап, сол мақсатқа жеткізетін көпірді іздеңіздер».

Осы күннің аясында құрылған диалог және келіссөз алаңы бизнес-байланыс, әртүрлі форматтағы жемісті қарым-қатынас, шеберлік сабақтары мен бизнес-медианың өзекті тақырыптары бойынша дискуссияға қатысып, жаңа дағдыларды үйрену үшін мүмкіндіктерді кеңейтті.

ЦентрКредит Банкінің қазақстандық белгілі іс-шараларға серіктес болып қатысуы бірінші рет емес. Бұл біздің заман талабына сай және әртүрлі салалардағы соңғы трендті назардан тыс қалдырмайтын озық қаржы институты екенімізді батыл түрде мәлімдеуге мүмкіндік береді. 

Қосымша ақпарат алу:

Дубровина Инна – «Банк ЦентрКредит» АҚ Маркетинг және PR департаментінің PR-бағытының басшысы

Тел. +7 7769843663
inna.dubrovina@bcc.kz

Егорин Андрей – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің аға сарапшысы

Тел. +7 777 7731099 

andrey.yegorin@centercredit.kz

www.bcc.kz

Тізімге қайта оралу

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.