Баспасөз релизі
Алматы, 2021 жылғы 01 ақпан
ЦентрКредит Банкі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға БЖЗҚ-дан берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатына сай пайдалану бойынша ресми уәкілетті оператор атанды. Ақшалай қаражатты ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, ипотека бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке берілген қарызды қайта ресімдеу үшін пайдалануға болады.
«Бүгінгі күннен бастап BCC.KZ қосымшасы арқылы әрбір ниет білдірген тұлға біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеуге арналған арнайы шотты онлайн режимінде аша алады», - дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарушы директоры Павел Кравченко, - Сонымен қатар біз де арнайы шотты мобильді қосымшамызды пайдаланып, дәл қазір ашуға шақырамыз».
BCC.KZ қосымшасының интуитивті интерфейсінің арқасында арнайы шот ашу бірнеше батырманы басу арқылы онлайн жүзеге асырылады. Ал жақын арада ЦКБ-нің сайтында құжаттардың ең аз жиынтығын ұсына отырып, зейнетақы төлемдерін мақсатына сай пайдалану үшін алуға өтініш беру қызметі қолжетімді болады.
«Клиенттерімізге қолайлы болуы үшін арнайы шотты ашуға арналған батырманы BCC.KZ қосымшасының басты бетіне орналастырдық. Сіздердің аталған қызметтерді тез әрі қолайлы пайдалануыңыз үшін біз қазіргі сәтте функционалды пысықтаудамыз», - деп қосты Павел.
Зейнетақы жинақтарын алу үшін қолжетімді соманы https://www.enpf.kz/ мекенжайындағы БЖЗҚ сайты немесе https://egov.kz/cms мекенжайындағы EGOV.kz сайты арқылы тексеруге болады.
Толық ақпарат келесі сілтеме бойынша: https://www.bcc.kz/enpf_nakopleniya/
Whatsapp http://wa.me/77471111505
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 110-нан аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.
Өнімдер желісі мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
505 – жеке тұлғалар үшін (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)
Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.