Алаяқтық хабарламалар!
Қазіргі күні Банк «Интернет-Банкинг» жүйесінің клиенттеріне қаскүнемдердің түрлі ұйымдардың атынан сілтемелер көрсетілген немесе файлдар тіркелген алаяқтық хаттарды жөнелту дәйегін анықтады.
Көрсетілген сілтемелер бойынша өткен немесе тіркелген файлдарды ашқан кезде компьютерге зиянды Бағдарламалық қамсыздандыру жүктеледі. Оның парольдерді немесе ЭСҚ кілттерін қаскүнемдерге тапсыру, компьютерді қашықтан басқару сияқты қызметтері болуы мүмкін. Сондай-ақ аталмыш Бағдарламалық қамсыздандыру Банктің атынан ОТР-карталардың сканерден өткізілген суреттерін жөнелту туралы келесі хабарлама көрсетілетін чат терезесін ашып көрсетуі мүмкін:
«Сәлеметсіз бе! ОТР-карталардың форматын жаңартуға байланысты Сізден ОТР-картаның сканерленген нұсқасын келесі e-mail мекенжайына тез арада жөнелтуіңізді өтінеміз:
info@centercredit.kz.
Кері жағдайда Сіз 15.05.2015 жылға дейінгі мерзімде ОТР-картасын қайта шығару үшін Бас офиске баруыңыз қажет болады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ
050059, АЛМАТЫ қ., Әл-Фараби даңғ., 38»
Осы терезе, сондай-ақ оның мазмұны Банктің Бағдарламалық қамсыздандыруы болып табылмайды. ОТР-карта қауіпсіздіктің конфиденциалды құралы болып табылатынын және оны еш жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болмайтыны (бұл «Интернет-Банкинг» жүйесінде банктік қызмет көрсету шартының 7.10.-тармағында көрсетілген), оның ішінде Банктің қызметкерлеріне беруге болмайтыны туралы естеріңізге саламыз. Өз кезегінде Банк Клиенттерден ОТР-картаны ешқашан сұратпайды.
Егер Сіздің поштаңызға осыларға ұқсас хат келсе, онда Сіз:
Қандай жағдай болса да, хатта көрсетілген сілтемелер бойынша өтпеңіз және тіркелген файлдарды ашпаңыз;
Вирусқа қарсы бағдарламалық қамсыздандыруды және вирустық базаны жаңартыңыз, сондай-ақ әр 4 сағат сайын автоматты түрде жаңарту жүргізуді күйге келтіріңіз;
Жұмыс стансасына орнатылған операциялық жүйені сканерлеңіз;
«Ақпараттық қауіпсіздік бойынша кеңестерде» («ЭСҚ-ны пайдалану арқылы ИБЖ-де банктік қызмет көрсету туралы шарттың» 3-қосымшасы) көрсетілген барлық кеңестерді ұстаныңыз.
Егер Сіз сілтеме бойынша өтіп, тіркелген файлды ашсаңыз немесе операциялық жүйеге вирустар жұқты деген күдігіңіз болса, онда Сізге келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
ИБЖ-ға кіруге тосқауыл қою және ЭСҚ-ны қорғалған тасымалдауыш USB-токенде қайта шығару үшін Сізге қызмет көрсететін Банк қызметкеріне бару;
Вирусқа қарсы бағдарламалық қамсыздандыруды және вирустық базаны жаңарту;
Жұмыс стансасына орнатылған операциялық жүйені сканерлеу;
Қажет болған кезде операциялық жүйені қайта орнату (кеңес беріледі).
Бағдарламалық қамсыздандыруды орнату және жаңарту бойынша кеңестер «Интернет Банкинг» жүйесінің бастапқы бетінде (
http://ib.bcc.kz) орналастырылатынын тағы да ескертеміз.
Сұрақтарыңыз болса, ИБЖ/Starbanking пайдаланушыларын техникалық қолдау қызметіне төмендегі телефондар арқылы хабарласыңыздар:
Алматы қ. тел. +7 (727) 244 30 44
Ұялы телефоннан: (K-Cell) +7 701 00 370 44; (Beeline) +7 771 00 370 44
Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық қоңырау шалу телефоны (қалалық телефоннан, Kcell, Beeline қоңырау шалу тегін) 8 8000 8000 88, ішкі нөм. 5010