ЦентрКредит Банкі саяхатты ұнататын тұлғалар үшін Card for fly пластик карталарын шығара бастады. Air Astana әуекомпаниясымен бірлесіп жасалған жоба ЦентрКредит Банкінің карточкасын қолданатын және жиі ұшатын жолаушыларға бірқатар мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді.
Бұл карточкалық өнімді шығару қажеттілігі бұрын туындағанын ЦентрКредит Банкі атап өткен болатын, сондықтан банкирлердің пікірі бойынша Card for fly карточкасы ең танымал пластик карталардың бірі болуы мүмкін.
– Біздің ЦКБ карточкаларын ұстаушы клиенттеріміздің ішінде Қазақстан аумағында ғана емес, дүние жүзі бойынша белсенді түрде ұшатын тұлғалар көп. Бұл өнім бонустық ұпай түрінде белгілі бір көтермелеуші артықшылықтар береді, оны Air Astana әуекомпаниясының барлық рейстерінде тегін ұшуға немесе қызмет көрсету деңгейін эконом класс санатынан бизнес класс санатына ауыстыруға болады, – деп атап өтті Банк карталары және дистанциялық банкинг департаментінің директоры Татьяна Попова.
- Енді клиенттер Visa-ның жаңа кобренд картасы арқылы тауар үшін төлем жасай отырып, бейілділік бағдарламасына қатыса алады. Бұл клиенттер үшін ыңғайлы әрі тиімді. Клиенттер ыңғайлы, қолма-қол ақшасыз нысанда төлем жасау мүмкіндігін алып қоймай, артықшылықтарға да ие болады. Сатып алушы осы жеңілдіктер мен артықшылықтарды бағалай отырып, банкіге қайтып келеді. Серіктестерімізбен бірге клиенттерге қажетті өнімді ұсынғанымызға біз қуаныштымыз. Картаның кең танымал болатынына кәміл сенеміз, – деп есептейді VISA-ның Қазақстандағы өкілдігінің Басшысы Ғалым Табылдиев.
- Жиі ұшатын жолаушыларды марапаттау жөнінен 2007 жылғы желтоқсанда құрылған Nomad Club бағдарламасы әуекомпанияның Қазақстандағы бірінші және жалғыз бейілділік бағдарламасы болып табылады. Қазіргі күнгі бағдарламаға кірген қатысушылардың саны – 208 000 жолаушы. Nomad Club бағдарламасына қатысушылар Air Astana рейстерімен ұшу және бағдарлама серіктестерінің қызметтерін пайдалану арқылы ұпай алады. Ұпайларды жинау және пайдалану – Nomad Club ұсынатын артықшылықтардың бір бөлігі, – деп түсіндірді маркетинг және сатылымдар бойынша аға вице-президент Ибрахим Жанлыел.
Бүгін пластик карталар жаңа функционалдармен белсенді түрде толықтырылуда: қолма-қол ақшаны банкоматтардан алу қызметін қоспағанда, тауар үшін, кафелер мен кинотеатрлардың, АЖС және супермаркеттердің қызметі үшін қолма-қол ақшасыз төлем жасау, есепшоттар арасында ақша аудару, коммуналдық қызметтердің, оқу ақысын төлеу қызметтері көзделген, бұл карточка мүмкіндіктерінің толық тізімі емес, – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің қызметкерлері.
- Біздің клиенттеріміздің өз мәселелерін оңай және жедел түрде шешуі үшін бұл жұмысты жалғастыруға ниетіміз бар, – деп аяқтады сөзін Татьяна Попова.
Қосымша ақпарат алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың баспасөз қызметімен +7 727 2598603 телефоны арқылы және asel.durbaeva@bcc.kz, www.bcc.kz мекенжайы бойынша хабарласуды өтінеміз.