Баспасөз релизі
Алматы, 2020 жылғы 26 мамыр
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ірі акционерлері Банкті 4,3 млрд теңгеге қосымша капиталдандырды
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2020 жылғы 25 мамырда банктің меншікті капиталын 4,3 млрд теңгеге жоспарлы көбейту жүргізілгенін хабарлайды. Қосымша капиталдандыру 2019 жылы өткізілген активтер сапасын бағалау (AQR) нәтижелері бойынша іс-шаралар аясында жүргізілді. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ірі акционерлері Байсеитов Б.Р. мырза және Ли В.С. мырза жай акциялардың 14,4 млн данасын сатып алып, өз үлестерін сәйкесінше 50,7% және 11,0% дейін ұлғайтты.
«Банк ЦентрКредит» АҚ пен оның акционерлері Банкті қосымша капиталдандыру бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындады, – деп пікір білдірді Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Оған қоса, AQR нәтижелері бойынша Банк ішкі жүйелері мен процестерін жетілдіруге қатысты іс-шаралар жоспарын әзріледі, оларды іске асыру қосымша капиталдандырумен бірге алғанда банктік қызметтер нарығында Банктің бәсекелес позициясын және бизнесті белсенді түрде кеңейту мүмкіндігін нығайтуға мүмкіндік береді».
01.04.2020ж. жай-күйі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың активтері 1,6 трлн теңгені (ҚР ЕДБ рэнкингінде 5-ші позиция), несие портфелі 1,1 трлн теңгені (4-ші позиция), депозиттер 1,0 трлн теңгені (нарықта 5-ші позиция) құрайды; реттеушінің барлық пруденциалды және өзге талаптары артығымен сақталып келеді. Банктің еліміз бойынша кең тараған бөлімшелер желісі – 19 филиал мен 110 бөлімшесі бар, сондай-ақ банк заңды және жеке тұлға 1,5 млн клиенттерге қызмет көрсетеді.
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 110 құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.
Қосымша ақпарат:
Егорин Андрей – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы
Тел. +7 777 7731099
andrey.yegorin@centercredit.kz
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.