«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан кейін - Банк) құрғақшылық салдарынан табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жариялануына байланысты агроөнеркәсіп кешені саласында қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілерінің қарыздары бойынша өтеу мерзімдерін кейінге жылжыту мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Әр хат дербес қаралатын болады. Өтінімдерді қарау мерзімі – 30.11.2021ж. дейін. Қарыз алушы Банктің бөлімшесіне келіп немесе электрондық пошта не басқа байланыс құралдары арқылы өтінім бере алады. Өтінішпен бірге қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды тапсыру қажет.
Өтеу мерзімін кейінгі жылжыту туралы барлық қосымша ақпаратты Банктің менеджерлерінен немесе Call-орталық қызметінен төмендегі телефондар бойынша алуға болады.
+7 (727) 244 30 44
605 – ұялы телефоннан тегін
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.