Баспасөз релизі
Алматы, 2021 жылғы 21 қаңтар
ЦКБ-нің заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ұсынатын қызметтер пакеті – қолайлы әрі тиімді!
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Бизнес-клиенттерге арналған пакеттер» атты жаңа сервисті енгізгені жөнінде хабарлайды.
Әрбір пакет бизнесті жайлы жүргізу үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жоғары сұраныс танытатын операциялардан тұрады.
«Аталған жоба ШОБ секторының клиенттерінің қолайлылығы үшін іске қосылған, – дейді, ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Ишмуратов. – Біз олардың шот ашудан бастап қажеттіліктерін мұқият зерттеп, арнайы кешенді пакеттерді әзірледі. Пакеттегі қызметтердің біріктірілген құрамының арқасында оларды жеке-жеке пайдалануға қарағанда тиімдірек бағамен ұсынылады. Осындай пакетті қосып, клиент барынша үйлестірілген әрі тиімді қызметтер жиынтығына, сонымен қатар шотпен 24/7 режимінде оңай әрі жеңіл жұмыс жасауға болатын шот бойынша картаға ие болады».
Қазіргі уақытта осы бағдарламаның аясында ЦентрКредит Банкі келесі үш пакеттік қосымшаны таңдауыңызға ұсынады: MINI – кішігірім айналымы бар жаңа клиенттер үшін, PRO – жақсы айналымы бар компаниялар үшін, PROMAX – шот бойынша көп операция жүргізетін ұйымдар үшін.
Сонымен қатар шетелдік серіктестермен бизнес жүргізетін клиенттер үшін арнайы пакеттердің кез келгеніне айтарлықтай тиімді талаптармен СЭҚ опциясын қосу көзделген! Негізінен бар болғаны 8 000 теңгеге клиент келесі талаптарға ие болады:
Халықаралық аударымдарға жеңілдіктер – 25%-дан бастап;
Валютамен жүргізілетін ақша аударымдары – 0,2% (min – 20 USD, max – 200 USD);
Рубльмен жүргізілетін ақша аударымдары – 0,1% (min – 400 RUB, max – 4000 RUB);
КЕН беру – күнбе-күн тегін.
Бизнес-клиенттерге арналған қызметтер пакеті туралы толық ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.bcc.kz/pu.rus.pdf
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 110-нан аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.
Өнімдер желісі мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
505 – жеке тұлғалар үшін (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)
605 – заңды тұлғалар үшін (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)
Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.