505 Мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
8 (727) 244 30 30
Пікір қалдыру Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Несиенің түрі:*
ЦентрКредит Банкінің жеке тұлғаларға арналған несиелері. Тиімді талаптар, төмен пайыздар.
Кепілсіз несие беру – бұл кепілсіз, несиелеу мақсатын көрсетпей, 4 жылға дейін, 2 000 000 теңгеге дейін берілетін несие. Өтінім беретін сәтте клиенттің жасы 22-ден төмен болмауы қажет.
Кіріс БЖЗҚ-ға (кемінде 6 ай) аударылатын зейнетақы аударымдары арқылы расталуға тиісті.
Несиені ресімдеу үшін бір ғана құжат - жеке куәлік қажет
*ЦКБ-нің жалақы жобасына қатысушылар үшін 6 000 000 теңгеге дейін несие беріледі.
Тұрғын үй сатып алуға, салып алуға немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға несие беру.
Сізді бекітілген мөлшерлеме, табысыңызды растайтын анықтамасыз несие алу мүмкіндігі қызықтыра ма?
Банк Сіз үшін тиімді талаптармен және барынша аз шығынмен ипотекалық несие ұсынуға дайын.
Онда Сіз ақша іздеп әуре болмай-ақ, өз үйіңізді сатып ала аласыз.
Автосалоннан, сондай-ақ ұсталған автомобиль сатып алуға несие беру.
Банк базардан және Банктің серіктес автосалондарынан ерекше тиімді талаптармен автокөлік сатып алу үшін несие береді.
Автонесие бағдарламасы әмбебап, ол табысы тұрақты адамдарға ғана емес, өз табысын растауға мүмкіндігі жоқ адамдарға да арналған.
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА
БИЗНЕС-КЛИЕНТТЕРГЕ
ФИЛИАЛДАР МЕН БАНКОМАТТАР
БІЗДІҢ БАНК
ГЛАВНОЕ МЕНЮ
Басты  /  Жаңалықтар  /  ЦентрКредит Банкі Facebook әлеуметтік желісіндегі «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-ға қатысты бейнехабарға түсінік берді
9 Қыркүйек 2016
ЦентрКредит Банкі Facebook әлеуметтік желісіндегі «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-ға қатысты бейнехабарға түсінік берді
«Банк ЦентрКредит» АҚ өкілдері Facebook.com әлеуметтік желісіндегі пайдаланушы Сырым Абдрахмановтың парақшасында орналасқан бейнероликке түсінік берді. Банк бейнехабар жағдайды біржақты көрсеткен деген сенімде,сондықтан өз ресми жауабында нақты айғақтар мен мәліметтерді беруге әзір.

Банкте атап өткендей, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС (бұдан кейін – «Ромат» ФК» ЖШС) ұзақ уақыттан бері «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың (бұдан кейін мәтін бойынша – банк) клиенті болып табылады. Алайда 2013 жылдан бастап «Ромат» ФК» ЖШС банк алдындағы міндеттемелерін орындауда қиындықтарға тап болды. Ұзақ жылдардан бері қалыптасқан серіктестікті және бейілді өзара қарым-қатынасты ескере отырып, банк оның жағдайына түсіністікпен қарап, клиентке қолдау көрсетті. Осылайша, екі жыл бойы (2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде) банк қызметкерлері берешекті өтеудің талаптарын он төрт рет жеңілдетті: қарызды өтеу бойынша төлем мерзімін кейінге жылжытты, икемді төлем кестесін жасады, сыйақы мөлшерлемесін төмендетті, банктік қарыз шарттарының қолданыста болатын мерзімін ұзартты, сондай-ақ несиелік міндеттемелерін орындамағаны үшін есептелген өсімпұлды кешірді.
  
Осыған қарамастан, 2015 жылғы ақпан айынан бастап «Ромат» ФК» ЖШС несиелік берешегін өтеген жоқ.

Сонымен қатар 2014 жылы қараша айында тағы бір кредитор – екінші деңгейдегі банк «Ромат» ФК» ЖШС-ны несиелеу лимитін пайдалану мүмкіндігінен айырды, соның нәтижесінде компания айналым капиталындағы ақша қаражатын екінші кредитордың қарызы бойынша берешегін өтеуге жұмсады, бұл «Ромат» ФК» ЖШС-ның қаржы жағдайын одан сайын ушықтыра түсті.

 – Бұл бейнехабарда көптеген фактілер бұрмаланып көрсетілген, мысалы «Банк ЦентрКредит» АҚ «Ромат» ФК» ЖШС-ның айналым капиталынан ақша қаражатын алуға әрекет жасаған жоқ, керісінше, «Ромат» ФК» ЖШС 2014 жылдың аяғында басқа кредиторға 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеге жуық сомада берешегін өтеді, ал «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың алдында едәуір берешек сомасы болса да, оны өтеу үшін ешқандай төлем жасамады. Мүмкін бір кредиторға ірі соманы төлей отырып, «Ромат» ФК» ЖШС компаниясының басшылығы оның салдарын, яғни компанияның төлем жасауға қабілетсіз бола бастағанын түсінген шығар, – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Банк жеңілдік берген екі жыл ішінде, сондай-ақ қазіргі күнге дейін «Ромат» ФК» ЖШС-ның өзінің төлем жасауға қабілетін қалпына келтіру үшін ешқандай шара қолданбағанын айта кеткен жөн. Қарыз алушы жүзеге асырған бірден-бір әрекет – «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасын қолдану туралы өтінішпен сотқа шағымданды. Нәтижесінде Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 06.04.2015 жылы өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды және «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасы қолданылды, ол 24.06.2015 жылы күшіне енді.

Сотқа берілген бұл өтініш «Ромат» ФК» ЖШС басшылығының дәрменсіздігін көрсетті, себебі «Ромат» ФК» ЖШС тек банктердің алдында ғана емес, өзара қарым-қатынасы компанияның бизнесіне тікелей ықпал ететін контрагенттердің алдында да ірі несиелік берешегі бар, төлемге қабілетсіз кәсіпорын болып қалды. Бұл ретте, оңалту процедурасы қолданылған күннен бастап «Ромат» ФК» ЖШС басшылығы мен оның үлестес компаниясы «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС басшылығының іс-әрекеттері компанияның төлем жасауға қабілеттілігі мен бизнесін қайта қалпына келтіруге емес, сот тағайындаған уақытша әкімгерді шеттетуге ғана бағытталған еді. Нақтырақ айтқанда, уақытша әкімгерді «Ромат» ФК» ЖШС орналасқан жердегі жұмыс орнына жібермеген, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңы бойынша талап етілетін ақпарат пен құжаттаманы бермеген. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, уақытша әкімгер сот органдарына шағым жасауға мәжбүр болған. Алайда, «Ромат» ФК» ЖШС Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлығы орындауға міндетті сот актілерін орындау қажеттігін елемей отыр. Банк «Ромат» ФК» ЖШС басшылығының мұндай іс-әрекеті Компанияны төлем жасауға қабілетсіз, дәрменсіз күйге жеткізу үшін әдейі жасалған шара деп күдіктенуге негіз болады деп есептейді.

«Ромат» ФК» ЖШС басшылығының оңалту процедурасының қолданылуын негізге ала отырып, уақытша әкімгерді кәсіпорынға кіргізбеуіне және қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйін көрсетпеуіне байланысты, ағымдағы сәтте кредиторлар, соның ішінде банк 2015 жылғы наурыздан бастап «Ромат» ФК» ЖШС-ның қаржылық-шаруашылық қызметі мен оның ахуалы туралы ақпарат алмаған. Бұған қоса, «Ромат» ФК» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оңалту процедурасын қолданған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бекіту үшін сотқа тапсырылуға тиісті оңалту жоспарын бір жылдан астам уақыт бойы кредиторлармен келісуге қабілетсіз болды.

«Ромат» ФК» ЖШС өзінің қаржылық қызметін сауықтыруға бағытталған өзара байланысты нақты іс-шаралар кешенін және оны растайтын құжаттарды кредиторларға ұсынбағандықтан, «Ромат» ФК» ЖШС-ның уақытша әкімгері және «Банк ЦентрКредит» АҚ оңалту процедурасын тоқтату туралы өтінішпен сотқа шағымдануға мәжбүр болды, себебі бұл компания құрылтайшыларының жағдайды теріс пайдалануына жол бермеу мақсатында «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР заңы бойынша талап етіледі. Ұсынылған оңалту жоспарының жобасы құрылтайшылардың барлық мүлікті, активтерді сату және оңалту процедурасының мерзімі соңында активсіз қалу ниетін растады. Соның нәтижесінде «Өндірістік активтерін сатқан кәсіпорын төлем жасау қабілеттілігін қалпына келтіріп, өз бизнесін сақтай ала ма?» деген сұрақ туындайды. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың өз құқықтары мен мүддесін қорғау бойынша заңды іс-әрекеттер қолданатыны сөзсіз, бұған қоса заң аясында сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген «Ромат» ФК» ЖШС-ның кепілгерлері болған құрылтайшылары Т. Ракиштен және М. Кимнен берешектің бір бөлігін өндіріп алу туралы сот шешімінің орындалуын жүзеге асыруды көздеп отыр.

– Банк барлық клиенттермен, соның ішінде «Ромат» ФК» ЖШС-мен әділ және саналы түрде бірлесіп әрекет етеді. Бұған «Ромат» ФК» ЖШС-ның басқа банктегі берешегін қайта қаржыландыруға «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың алдын ала келісім беруі туралы 2016 жылғы 2 тамыздағы өтінішіне оң жауап беруі дәлел. Қазіргі кезде банк мерзімінен кешіктірілген берешекті қайта қаржыландыруға немесе өтеуге қатысты «Ромат» ФК» ЖШС тарапынан жасалған қандай болмасын іс-әрекет туралы бейхабар. Біз өз қызметімізде іскерлік этика нормаларын сақтай отырып, Заңның талаптарын қатаң орындаймыз, сондықтан «Ромат» ФК» ЖШС банкті рейдерлік әрекет жасады деп айыптай отырып, жалғыз ғана мақсатты – несиелік берешекті өтеу бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуды көздейді. Банкті рейдерлік басып алуға әрекет жасады деп негізсіз айыптағаннан кейін, біз «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың абыройы мен беделін заңда белгіленген тәртіппен қорғауға құқылымыз, – деген тұжырымдама банктің ресми хабарламасында көрсетілген.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 727 2598603, asel.durbaeva@bcc.kz, www.bcc.kz телефоны арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласыңыздар.
Тізімге қайта оралу

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.