Басты бет
Жүйеге кіру
"Интернет-Банкинг" жүйесі
ИБЖ "Light" және "Mobile" нұсқалары
1С-пен тікелей құжат айналымы (DirectBank)
Нұсқаулықтар
Өтініштер мен шарттардың нысандары
Тағы Басты бет
Жүйеге кіру
"Интернет-Банкинг" жүйесі
ИБЖ "Light" және "Mobile" нұсқалары
1С-пен тікелей құжат айналымы (DirectBank)
Нұсқаулықтар
Өтініштер мен шарттардың нысандары

Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Басты мәзіріндегі
Басты  / 
 

"ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ" ЖҮЙЕСІ


ЖҮЙЕГЕ КІРУ


 
"Интернет-Банкинг" жүйесі
Мейлінше көп қатысушылар санын қамтитын, тиімді төлем жүйелері нарығын дамытпайынша, соңғы кезде айтылып жүрген интернет-экономиканы дамыту мүмкін емес. Әлдеқайда көш ілгері банктер өз клиенттеріне (қатардағы азаматтардан бастап ірі корпорацияларға дейін) уақыттың нақты масштабында және Желіні пайдалана алатын әлемнің кез келген жерінен банктік есепшотты басқаруды ұсына отырып, өздерінің Интернет жүйесінде қызмет көрсетуді бастап кеткендерін білдіріп жүр. Осылайша «Интернет-банкинг» термині пайда болды.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ҚБЕО РМК куәландырушы орталығының Электрондық сандық қолтаңбасы пайдаланылатын Интернет - банкинг (Алматы қаласының 15.11.2010 жылдан бастап тіркелген клиенттері үшін, басқа филиалдардың 29.11.2010 жылдан бастап тіркелген клиенттері үшін). 

Куәландырушы орталықтың қызметтерін ұсыну туралы шарт

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық екінші деңгейдегі банктер сертификатталған Куәландырушы орталықтың Электрондық сандық қолтаңбасын пайдалана отырып, электронды банктік қызметтер көрсетуі тиіс. Қазіргі уақытта "Банк ЦентрКредит" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық Банкаралық есеп айырысу орталығы РМК-ның Электрондық сандық қолтаңбасын (ЭСҚ) пайдалану арқылы «Интернет-банкинг» қызметін көрсету мүмкіндігін жүзеге асырды. 

ҚБЕО электрондық сандық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды сандық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкес келуін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәліктерінің (сертификаттардың) шынайылығын растау жөніндегі қызметпен айналысуға лицензиясы бар сертификаттарды куәландырушы мемлекеттік орталық болып табылады. 
 
ИБЖ "Light" және "Mobile" нұсқалары


Интернет банкинг жүйесінің стандартты нұсқаларының негізінде жүйенің қосымша "Light" және "Mobile" web-нұсқалары іске асырылды. Бұл нұсқалардың арасында толық үйлесімділік бар, яғни Интернет банкинг жүйесінің стандартты нұсқаларында жасалған төлемдер ИБЖ-нің "Light"және "Mobile" нұсқаларында қарау және мақұлдау үшін қолжетімді.

"ИБЖ Light" және "ИБЖ Mobile" нұсқалары Банкке төлемдерді жөнелтуді көздемейді, себебі электрондық құжаттарды жөнелту үшін жүйеде электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану қажет. 
Банкке теңгемен жасалған төлемдерді, валютамен операцияларды жүргізу туралы өтініштерді жөнелту тек ЭСҚ-ны пайдалану арқылы ИБЖ-нің стандартты нұсқаларында ғана мүмкін болады.  

"ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ" ЖҮЙЕСІНІҢ "LIGHT" НҰСҚАСЫ (lib.bcc.kz) – БҰЛ ЭСҚ-НЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН, ДИНАМИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҚҰРАЛДАРЫН (ОТР-КАРТА, ОТР-ТОКЕН) ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНАТЫН ИБЖ-НІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НҰСҚАСЫ.

ИБЖ-нің "Light" нұсқасының және ИБЖ-нің стандартты нұсқаларының интерфейсі бірдей. 
Бұл нұсқа Банкке жөнелтпейтін, тек құжаттарды, өтініштерді жасап және импорттайтын және банктік есепшоттар бойынша есеп құрастыратын және т.б. пайдаланушы компаниялар үшін өте ыңғайлы. 
ИБЖ-нің "Light" нұсқасында банкке төлем құжаттарын жөнелтуден басқа, ИБЖ-нің стандартты нұсқаларындағы барлық қызметтерге қол жеткізуге болады.

"ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ" ЖҮЙЕСІНІҢ "MOBILE" НҰСҚАСЫ (mib.bcc.kz - тек смартфондар мен планшеттерден кіруге арналған) – БҰЛ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР (СМАРТФОН, ПЛАНШЕТ) АРҚЫЛЫ ЖҮЙЕГЕ ҚОСЫЛҒАН ЕСЕПШОТТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН "ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГ" ЖҮЙЕСІНІҢ МОБИЛЬДІ НҰСҚАСЫ.

Бұл нұсқа банктік есепшоттарының қозғалысын үнемі бақылап отыратын компаниялардың басшыларына өте ыңғайлы.


"MOBILE" ИБЖ-дағы ҚОЛЖЕТІМДІ ҚЫЗМЕТТЕР ИБЖ-нің "Mobile" нұсқасы:

ИБЖ-нің "Light" және "Mobile" нұсқаларында электрондық төлем құжаттары клиенттерді динамикалық сәйкестендіру құрылғысын (ОТР-құрылғыны) пайдалану арқылы мақұлданады. Қазіргі кезде Банкте ОТР-құрылғының екі түрі пайдаланылады: ОТР-карта және ОТР-токен.

Банк бөлімшесіне келіп, есепшот менеджері ұсынатын қажетті құжаттарға қол қою арқылы "Интернет-Банкинг" жүйесіне және оның жаңа нұсқаларына қосылуыңызға болады.

Орындаған кезде жоғарғы қауіпсіздік деңгейін талап ететін операциялардан тұратын "Интернет-Банкинг" жүйесінің стандартты нұсқаларын пайдалануға рұқсат алу үшін электрондық сандық қолтаңбаны, ОТР-құрылғыны және USB-токенді алу қажет. 

Light и Mobile ИБЖ презентациясы
 
1С-пен тікелей құжат айналымы (DirectBank)
"Банк ЦентрКредит" АҚ клиентеріне ыңғайлы болу үшін Банк және "ИнфоСофтПром" ЖШС (Қазақстандағы 1С өкілдігі) бірігіп, "1С: Кәсіпорын" мен "Заңды тұлғаларға арналған Интернет-Банкинг" жүйелері арасында құжат айналымын жылдамдатуға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асырды.

Тікелей құжат айналымының (DirectBank) технологиясы сізге файл алмасуды пайдаланбай-ақ тікелей "1С: Кәсіпорын" (3.3.11.10 және одан жоғары нұсқа) жүйесінің бағдарламаларынан "Интернет-Банкинг" жүйесінде құжаттарды жөнелтуге және алуға мүмкіндік береді.

DirectBank технологиясы бойынша тікелей құжат айналымының артықшылықтары:
DirectBank технологиясы туралы толық ақпаратты "1С" компаниясының ресми ресурстарынан алуға болады.

Тікелей құжат айналымымен жұмысты қалай бастауға болады?
  1. "Интернет-банкинг" жүйесін пайдаланушы болуыңыз қажет;
  2. "1С" бағдарламалық қамсыздандырудың өзектілігін тексеріңіз. БҚ-ға қойылатын талаптар: 1С:Кәсіпорын 8 платформасы, 3.0.11.12-ден басталатын нұсқалары;
  3. Банк серверінен күйге келтіруді автоматты түрде алу жөніндегі нұсқаулықпен танысып, 1С тікелей құжат айналымын күйге келтіріңіз.
Қазіргі сәтте қызмет тек теңгемен жасалатын төлемдер үшін қолжетімді.
 
Ұсынымдар
Бұл бөлімде "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Интернет - банкинг жүйесінде куәландырушы орталықтың электронды-сандық қолтаңбасын пайдалану арқылы жұмыс істеуге арналған техникалық талаптар мен ұсыныстар көрсетілген.

Техникалық талаптар:
  1. Windows, Mac тектес операциялық жүйе орнатылған дербес компьютер; 
  2. Yandex , Mozilla Firefox, MS Interenet Explorer 8+; 
  3. Орнатылған апплет Ak Kamal e-Security Client; 
  4. Virtual Java Machine от Sun Microsystems; 
  5. Интернетке қосылу, Интернетке қосылу талаптары:
    • ең төменгі жылдамдық: 19200 bps.
    • ұсынылатын жылдамдық: 38400 bps және одан жоғары.
Бұған қосымша, дербес компьютерлеріңізді вирустардан қорғауды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар операциялық жүйеңіздің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Windows операциялық жүйесін жаңартылудың ауыспалы пакеттерімен ұдайы жаңартып тұру ұсынылады. Компьютеріңізді Интернет ғаламдық желіге қосу барысында және мәзірден Yandex, Mozilla Firefox, MS Interenet Explorer 8+, Құралдар , Windows Update таңдаған кезде Жүйеңізді жаңартуға болады. Мұндай жаңартуды компьютерлік техникаңызға қызмет көрсететін, дайындығы бар мамандар жүргізгені жөн. Клиенттердің операциялық жүйелерін жаңарту, Интернетке қосу және тағы басқа қызметтер банктің қызметтеріне жатпайды.  
Жүйенің қауіпсіздігі
"Банк ЦентрКредит" АҚ-тың "Интернет-Банкинг" жүйесіндегі клиенттердің қаржылық операцияларын қосымша қорғау мақсатында "Касперский зертханасы" АҚ 16.07.2016 жылдан бастап "Kaspersky Fraud Prevention for Endpoint" арнайы бағдарламасын пайдаланудың бірегей мүмкіндігін ұсынады, оның негізгі артықшылығы:
  • Қаржы жүйесі үшін зиянды БҚ-ны анықтау және жою (вирусқа қарсы стандартты бағдарламаны ауыстырмайды);
  • Банкпен байланыс арнасын қорғау - ашылатын банктік ресурстың түпнұсқалығын тексереді, банкті клиентпен байланыстыратын интернет-арнаны қорғауды қамтамасыз етеді;
  • Браузерде қауіп-қатерден қорғау – браузерді қашықтан басқару шабуылынан қорғайды, код енгізу шабуылынан қорғайды, скрин-шоттарды түсіріп алудан ("Print screen" клавишінен басқа) қорғайды, ОЖ-дағы олқылықтарды іздейді, қауіпсіз клавиатура және айырбастау буферін қорғау қызметтерін ұсынады;
  • Браузердегі анти-фишинг - фишингтен қорғауға арналған (жаңа, бұрын белгісіз болған қауіп-қатерге тиімді тосқауыл қоюға мүмкіндік беретін эвристикалық және бұлтты технологияларға сәйкес келетін дәстүрлі жергілікті база).
Толығырақ KFP тұсаукесерінен ( http://media.kaspersky.com/ru/Kaspersky_Fraud_Prevention_for_Endpoints_Whitepaper.pdf) білуге болады.

Kaspersky Fraud Prevention БҚ онлайн-банкингті жан-жақты қорғауды қамтамасыз ету үшін кешенді шешім болып табылады (толық ақпаратты http://www.kaspersky.ru/business-security/fraud-prevention сайтынан білуге болады).

Осы БҚ-ны пайдалану үшін ИБЖ-ның бастапқы ib.bcc.kz бетіндегі "Жүйеге кіру" батырмасын басып, нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасаңыз.

 
"Интернет банкинг" (бұдан кейін - ИБЖ) жүйелерін пайдалану Банктің бөлімшелеріне келмей-ақ, Internet желісі арқылы өз қаражатын басқару мүмкіндігін бере отырып, Клиенттің өмірін елеулі түрде жеңілдетеді.

"Интернет банкинг" жүйелерінің жұмысында электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану:

ИБЖ жүйелері арқылы жүргізілетін ақша аударымдарының заңды екендігін қамтамасыз ету үшін Клиенттің электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан кейін - ЭСҚ) пайдаланылады, ол арқылы барлық жүргізілген ақша аударымдарына қол қойылады, бұл транзакцияның тұтастығына (өзгермейтіндігіне) кепіл береді. ЭСҚ Банкте тікелей Клиентке беріледі және тек Клиент қол жеткізе алатын жеке парольмен шифрланады.

ИБЖ жүйелеріне қосылған кезде Клиенттің жұмыс стансасы мен қауіпсіздік шлюзы арасында SSL хаттамасы бойынша қосылудың шифрленген каналы пайда болады. Яғни Клиент жөнелткен мәліметтерді ұстап алу және өзгерту мүмкін емес.

Жүйеге қосылғанын анықтағаннан кейін Клиенттің жеке паролін енгізу талап етіледі. 

Есіңізде сақтаңыз, алаяқтық операциялардың басым көпшілігі Банктің қашықтан көрсетілетін жүйелерін бұзу арқылы емес, Клиенттің кілттік ақпаратын ұрлау арқылы жасалады.

Алаяқтық операциялардың алдын алу үшін қауіпсіздік жөніндегі қарапайым ұсыныстарды орындау қажет:

Жұмыс стансасы үшін:
  • Лицензиялық бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланыңыз;
  • Операциялық жүйеге арналған айрықша жаңартуды уақтылы орнатыңыз;
  • Күн сайын вирусқа қарсы сигнатурды жаңартыңыз;
  • Аптасына бір рет вирустың белсенді болуына қатысты жұмыс стансасын толық тексеріңіз;
  • Үшінші тұлғалардың жұмыс стансасын пайдалануына шектеу қойыңыз;
  • Күмәнді сайттарға кірмеңіз;
  • Күмәнді сипаттағы қосымшаларды енгізбеңіз;
  • Күмәнді сипаттағы электронды хаттарды ашпаңыз.
Кілттік ақпарат үшін:
  • Үшінші тұлғаларға парольді бермеңіз; 
  • Парольді оңай табылатын орында сақтамаңыз;
  • Айына кемінде 1 рет парольді ауыстырыңыз;
  • Қарапайым парольді пайдаланбаңыз,
  • Парольге қойылатын талаптар:
    • - Латын әріптері;
    • - Арнайы символдар;
    • - Сандар; 
    • - Парольдің ұзындығы 15 символдан аспауы қажет;
    • - Парольдің ұзындығы 6 символдан кем болмауы қажет.
  • Файл контейнерін жұмыс стансасында сақтамаңыз; 
  • Файл контейнері көшірмесінің санын қадағалаңыз; 
  • Қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда ЭСҚ-ны уақтылы ауыстырыңыз.

Қосымша:
"Интернет банкинг" жүйесін рұқсатсыз пайдаланғаны туралы күдік туған жағдайда дереу Банкке хабарласыңыз.
 
Нұсқаулықтар
 
"Интернет-банкинг" жүйесі бойынша жұмыс істеуге үйрететін бейнероликтер
"Интернет-Банкинг" жүйесінде тіркелу
Қайта тіркелу
KAZTOKEN-нен тосқауылды алу
KAZTOKEN-ге драйверді орнату
Теңгемен жүргізілетін төлемді қалай құру қажет?
Тізілімі көрсетілетін теңгемен жүргізілетін төлемді қалай құру қажет?
"Интернет-Банкинг" жүйесіне төлемді қалай импорттау қажет?
Валютаны айырбастау немесе конверсиялау туралы өтінішті қалай құру қажет?
Төлем құжатын қалай мақұлдау және банкке жөнелту қажет
Есепшот бойынша үзінді көшірмені қалай құру қажет
1С жүйесі мен "Интернет-Банкинг" жүйесі арасында Direct Bank технологиясы бойынша дерек алмасуды күйге келтіру
Сырттан өңдеу кітапханасын күйге келтіру
1С жүйесі мен "Интернет-Банкинг" жүйесі арасында Direct Bank технологиясы бойынша үзінді көшірме алу
 
Клиенттерге арналған бағдарламалар
 
Өтініштер мен шарттардың нысандары
Сіз бұл тараудан біздің банктің сізге қызмет көрсететін филиалына беру үшін, кілттік ақпаратты ауыстыру туралы өтініштің немесе пайдаланушыны ажырату (жүйені пайдалануын шектеу) туралы өтініштің нысандарын көшіріп алуыңызға болады.

"Интернет-Банкинг" жүйесінде банктік қызмет көрсету туралы шарт
 

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.