Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Главное меню
Басты  /  Баспасөз релиздері  /  Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты
21 2019
Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты

Баспасөз релизі

Алматы, 2019 жылғы 21 қараша

Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты

«Moody's» халықаралық рейтингтік агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін халықаралық шкала бойынша растады. Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша банк депозиттері бойынша ұзақмерзімді рейтингін және CRR ұзақмерзімді рейтингін көтерді. Болжам жақсарту жағына қарай қайта қарастырылып, «тұрақты» деңгейінен «жағымды» деңгейіне жоғарылатылды.

Агенттік аналитиктерінің пікірінше, халықаралық рейтингтер бойынша ЦКБ-нің жағымды болжамы және ұлттық шкала бойынша рейтингтерінің жоғарылауы ЦКБ активтері сапасының және резерв құруға дейінгі кірістілігінің жақсарғанын көрсетеді. Бұл Moody’s болжамы бойынша келесі 12-18 ай ішінде жалғасып, банктің шығыстарды абсорбциялау қабілетін сақтайды.

Рейтингтерді растау және болжамның жақсаруы жөнінде ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов келесідей пікір білдірді: «Жағымды рейтингтік іс-әрекет бағытты дұрыс таңдағандығымыздың және банк іске асырып жатқан даму стратегиясының тиімділігінің дәлелі болып табылады. ЦентрКредит Банкі әмбебап бизнес-моделі бар тұрақты қаржы институты болған және болады да, бұл ЦКБ-ні әртүрлі санаттағы клиенттер үшін сенімді серіктес етеді. Біз әрі қарай да негізгі қаржы көрсеткіштерін жақсартып, бизнес-процестерді жетілдіруге және серіктестеріміздің дамуына көмектесуге ниеттіміз».

Ұлттық шкала бойынша ЦКБ рейтингінің жоғарылауы банк активтері сапасының және оның резерв құруға дейінгі кірістілігінің жақсара түскенін көрсетеді. Аудит жүргізілмеген қаржы есептілігіне сәйкес мерзімінен кешіктірілген кредиттердің үлесі (1+ ЗТ үшін және 90+ бөлшекті бизнес үшін) 2018 жылдың соңындағы 22,8%-дан 30.09.2019 ж. жай-күйі бойынша 13,0%-ға дейін төмендеген.

01.10.2018 ж. – 01.10.2019 ж. кезең үшін ЦКБ-нің қаржы көрсеткіштерінің динамикасы: 

·         Таза кіріс* 9,0 млрд теңгені құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 19% құрады;

·         Провизияға дейінгі таза пайыздық кіріс* 64%-ға өсіп, 46,5 млрд теңгені құрады;

·         Провизия құруға шығыстарды есептен шығарғаннан кейінгі таза пайыздық кіріс* 166%-ға ұлғайып, 19,6 млрд теңгені құрады;

·         Таза пайыздық маржа (NIM)** аннуализацияланған мәнде 4,3 %-құрады, бұл көрсеткіш 2018 жылдың қорытындысы бойынша 3,2 % болған;

·         Капитал рентабельділігі (ROAE)* 9,4%-дан 10,6%-ға өсті.


Банктің таза пайдасы* 2019 жылғы 9 ай ішінде 9,0 млрд теңгені құрады, 2018 жылғы сондай кезеңмен салыстырғанда 19%-ға ұлғайды. Таза пайданың өсуіне банктің кірістілігі жоғары сегменттерде кредиттеуді арттыруы негіз болған. 

01.10.2019 ж. жай-күйі бойынша 90 күннен аса уақытқа мерзімінен кешіктірілген төлемдері бар жұмыс істемейтін қарыздар (NPL) үлесі ҚР ҰБ әдістемесіне сәйкес 6,74%-ды құрады, ал ХҚЕС сәйкес құрылған резервтермен өтеу коэффициенті 134,3% құрады. Бұл көрсеткіштер активтер сапасын жақсарту бойынша банк жүргізіп жатқан іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Таза пайыздық маржа* өткен 9 ай ішінде 4,3 % (аннуализацияланған) құрады. Осы көрсеткіштің ұлғаюына кірістілігі жоғары сегменттерде кредиттеу көлемінің артуы, сондай-ақ банктің пайыздық шығыстарының қысқаруы негіз болған.

CIR көрсеткіші (шығыстардың кірістерге қатынасы)* 2019 жылғы 9 ай үшін 42,1%-ды құрады, банктің пайыздық кірісінің өсуі аясында көрсеткіштің 2018 жылғы сәйкес кезеңдегі 42,8%-дан жақсарғаны байқалады.

Банктің активтері* жылдың басынан аз ғана 3%-ға қысқарды, негізгі төмендеу бағалы қағаздар портфелі мен банктің қарыз алушыларын қаржыландыруға бағытталған корреспонденттік шоттардағы қаражаттар аясында байқалады. Бұл ретте осы жылы несиелік портфель өсімі активтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шаралармен нивелирленді.

Банктің меншікті капиталы* 12%-ға ұлғайып, 120,0 млрд теңгені құрады. Капиталдың ұлғаюына ағымдағы кезеңде бөлінбеген пайданың өсімі, сондай-ақ акционерлер тарапынан жүргізілген қосымша капиталдандыру негіз болған. 

*шоғырландырылған қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес

2019 жылдың басынан бастап Банк халықаралық қаржы институттарының бірқатар марапаттарына ие болды.

ЦентрКредит Банкі «Ең белсенді банк» номинациясы бойынша Refinitiv марапатына ие болды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ЦКБ Еуропалық қайта құру және даму банкінен Сауда-саттықты дамытуға көмектесу бағдарламасының аясында «Most Active Issuing Bank in 2018 in KAZAKHSTAN» («Қазақстандағы 2018 жылғы ең белсенді шығарушы банк») марапатын алды.

Citibank, (New York, USA) және Deutsche Bank (Frankfurt, Germany) еуромен және АҚШ долларымен жүргізілетін төлемдерді өңдеудің жоғары сапасы үшін ЦентрКредит Банкіне «US Dollar Payments Straight-Through Processing Excellence Award» және «2018 EUR Operational Excellence Award» естелік белгілерін берді.

Сондай-ақ ЦентрКредит Банкі 2019 жылы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ бағдарламаларын іске асыруда көшбасшылардың бірі болып танылды.

ЦКБ ДАМУ қорынан «Ең жылдам банк» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ және «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қолданбалы бағдарламалық интерфейсті (API) пайдалануды бірлесіп дамыту және ЦКБ-нің API технологиясын қаржы технологиялары нарығындағы ойыншыларға ашу үшін өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.

2019 жылғы қазанда ЦентрКредит Банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі тәуекелдерге қатысу бойынша шекті келісімге қол қойды.

Банк туралы:

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылған. ЦентрКредит Банкі Қазақстанның банк жүйесіндегі көшбасшылардың бірі болып табылады және активтері бойынша ЕДБ арасында 5-ші орында тұр. Банк еліміздің өңірлерінде жоғары технологиялық қызметтер спектрін көрсетеді. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 19 филиалы мен 108 бөлімшесі арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шамамен шетелдік 40 банк кіреді, бұл өз кезегінде дүние жүзі бойынша өз серіктестеріңізбен есеп айырысу операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Банк мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының аясында ШОБ-ты кредиттеу саласында, сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық кредит беру саласында көшбасшы болып табылады.

Қосымша ақпарат:

Дубровина Инна – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің PR-бағытының жетекшісі

Тел. +7 7769843663
inna.dubrovina@bcc.kz

Егорин Андрей – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің аға сарапшысы

Тел. +7 777 7731099

andrey.yegorin@centercredit.kz

www.bcc.kz

Тізімге қайта оралу

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.