Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Главное меню
Басты  /  Баспасөз релиздері  /  ЦентрКредит Банкі «7-20-25» бағдарламасы бойынша көшбасшы болғаны үшін марапат алды
22 2018
ЦентрКредит Банкі «7-20-25» бағдарламасы бойынша көшбасшы болғаны үшін марапат алды

Пресс-релиз


Алматы, 2018 жылғы 22 қараша.


Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінде ЦентрКредит Банкі «7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруда көшбасшы болғаны үшін естелік кубокпен марапатталды. Қазіргі сәтте бағдарлама бойынша берілген кредиттердің 91%-дан астам үлесі ЦКБ-ге тиесілі. 


Конгресс аясында «7-20-25» бағдарламасының Қазақстан экономикасында мультипликативті әсер туындатудағы рөлі» атты сессия өткізілді. Сессия модераторы ретінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов сөз сөйледі. Панельді сессияның спикерлері ретінде ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті директорының орынбасары Нүрия Саламатова және «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың Басқарма Төрағасы Қайрат Алтынбеков қатысты.

Пікірталас барысында қатысушылар «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына байланысты және оның әлеуметтік маңызы жөнінде өзекті мәселелерді талқылады. ЦКБ басшысының баяндамасында екінші деңгейдегі банктердің бағдарламаны іске асырудағы маңызды рөліне айрықша назар аударылды. Ғалым Хұсаинов бағдарлама бойынша соңғы статистикалық деректерді келтіріп, оған қатысушылардың орташа статистикалық кейпін сипаттап берді, сондай-ақ ЦКБ-нің жақын арадағы жоспарларымен бөлісті. Одан кейін спикерлер залда отырған қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

Сессия соңында «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың Басқарма Төрағасы Қайрат Алтынбеков Ғалым Хұсаиновқа «7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруда көшбасшы болғаны үшін марапат белгісін табыстады.

«ЦентрКредит Банкі ұжымының орасан зор әрі маңызды жұмысын мойындаудың куәсі болып табылатын бұл марапатты алу – мен үшін үлкен абырой,» – деді Ғалым Хұсаинов. – Бүгіні күнде сөзсіз сұранысқа ие осы бағдарламаның аясында біз 25 миллиардтан асатын сомаға ипотекалық қарыз бердік. Екі мыңнан астам отбасы жеке баспанаға ие болды. Бұл сандар – біздің сервистеріміздің жоғары сапасы мен жылдамдығының көрсеткіші, біз әрі қарай оларды жетілдіре түсу үшін тұрақты түрде жұмыс жасаймыз. Қазіргі уақытта ЦКБ-де бағдарлама бойынша қарызды, бар болғаны, үш күннің ішінде беру мүмкіндігі қарастырылған. Біз осы бағытта ЕДБ арасында көшбасшы болғанымыз үшін қуаныштымыз, өйткені берілген әрбір қарыздың ар жағында қысқа мерзім ішінде тиімді талаптармен жаңа пәтерге ие болған нақты адамдар тұр. Біздің қызметімізді жоғары бағалағаны үшін «Баспана» компаниясына шын жүректен алғысымды білдіремін».

Анықтама үшін:

«7-20-25» кредит беру бағдарламасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен.
  • бағдарлама аясында ипотекалық кредит беру бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7 %-дан аспайды;
  • бастапқы жарна – сатып алынатын тұрғын үй құнының 20 %;
  • қарызды өтеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Қосымша ақпарат алу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласуды өтінеміз:

Кан Ирина – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің директоры
irina.kan@centercredit.kz
Егорин Андрей – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Маркетинг және PR департаментінің аға сарапшысы
andrey.yegorin@centercredit.kz

Тізімге қайта оралу

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.