Баспасөз релизі
Алматы, 2021 жылғы 18 қаңтар
ЦКБ-нің бірегей әзірлемесі болып табылатын балаларға арналған «Junior Card» картасын және «Junior Bank» қосымшасын 30 000 астам бала пайдаланып жатыр десек те болады. Осы инновациялық өнімдердің көмегімен балалардың өз қаражатын өз бетінше пайдалану мүмкіндігі болады және қаржылық сауаттылықтың қыр-сырын біле алады. Балаларға арналған білім бағдарламасының аясында ЦКБ Junior пластик карталарын шығарумен қатар осы жылдың қыркүйек айында «Ер Қармыс» кітабын басып шығаруға қолдау көрсетті. Кітаптың кезекті тұсаукесері Ақтөбе қаласында өтеді. «Ер Қармыс» – Сандуғаш Тағабергенованың алғашқы кітабы. Идея авторы қазақ батырының кейпі мен тарихын жан-жақты ашып көрсету үшін екі жыл бойы тарихи зерттеу жүргізді. Сандуғашқа зерттеу жұмыстарын жүргізуге тарихшы Нұржан Светқали көмектесті.
«Қыркүйек айының соңында Алматы қаласында өткен «Ер Қармыс» кітабының тұсаукесерінде біз #JuniorBank картасын пайдаланушылар санының 5000 болғанын хабарлағанбыз, ал қазіргі таңда олардың саны 30 000 асты, – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарушы директоры Павел Кравченко, – Біз жұмысымызды қыркүйек айында Алматы қаласында «Ер Қармыс» кітабының тұсаукесерімен және “Junior Bank” өнімімен бастап, қараша айында кітаптың екінші тұсаукесерін Ақтау қаласында өткізген едік, ал бүгін Ақтөбе қаласында өткелі отырған тұсаукесер үшінші болмақ. Junior Bank сервисін өз бетінше пайдалана алатын балалар саны көбейе түсуде және біз өскелең ұрпаққа ЦКБ ұсынған осы сыйлықтардың ұнап жатқанын осы бастан көріп отырмыз – күздің басынан бастап шығарылған карталар саны 6 есеге артты».
«Junior» картасының маңызды артықшылықтарының бірі оның толық қауіпсіздігі болып табылады. Себебі осы карта бойынша ересектердің қажеттіліктеріне (темекі, алкоголь, автомобиль сервистерін өз бетінше пайдалану және т.б.) байланысты транзакцияларға автоматты түрде тыйым салу функциясы енгізілген. Оған қоса, ата-аналар балаға арналған лимитті өздері қадағалай алады. ЦКБ-нің инновациялық өнімі балалардың шығындарына қатысты сенімділікке кепілдік береді – бала да, ата-ана да sms- немесе push-хабарламалардың көмегімен қосымшада қаражат бойынша барлық қозғалысты бақылап отыра алады. Junior карталарын Apple Pay немесе Samsung Pay жүйелерінде тіркеу оп-оңай, ал төлемдерді смартфондар немесе смарт-сағаттар арқылы жүргізуге болады.
Қаржылық сауаттылық бойынша республикалық білім беру жобасының аясында ЦентрКредит Банкінің барлық филиалдарымен қатар ЦКБ-нің Ақтөбе қаласындағы офисінде де қаржы институтының учаскелері бойынша экскурсия және жас клиенттерге арналған қаржылық сауаттылыққа қатысты алғашқы сабақ өтті. ЦКБ-нің сарапшылары балалармен бірге негізгі банктік терминдерді талдады, қаражатты қалай жоспарлау қажеттігі туралы айтты, сонымен қатар Junior картасы мен JuniorBank мобильді қосымшасын пайдалануға үйретті.
«Junior Bank» – бұл балаларға арналған, керемет дизайны және мобильді қосымшасының тамаша функционалы бар карталар. Дәл осы карталар біздің өнімдеріміздің ішінде балаларға арналған алғашқы банкингтің негізін салып жатыр, – деп өз пікірін білдірді Junior Bank дирекциясының басшысы Нұргүл Нұрбергенқызы, – Осы жобаның аясында ұлы батыр туралы аңызға айналған эпостың алғашқы иллюстрацияланған басылымы – «Ер Қармыс» кітабына да қолдау көрсетіп жатқанымызға өте қуаныштымыз. Шығарма жас буынды өжеттікке, қайырымдылыққа, адалдыққа және жан-жақты сауаттылыққа тәрбиелейді, ал бұл қасиеттер қазақстандықтардың санасында ерте жастан қалыптастырылуы тиіс».
«Junior Card» картасы 6 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға арналған және ата-ананың немесе немесе үшінші тұлғаның атына бөлек карточкалық шотпен ашылады. Пайдалануға өте қолайлы және енді банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ – Сіз BCC.KZ қосымшасында витруалды түрде 5 данаға дейін «Junior Card» картасын аша аласыз. Осы ретте «Junior Bank» қосымшасының ерекшелігін де айта кеткен жөн: BCC.KZ қосымшасында ата-аналар өз карталарын, сонымен қатар балаларға арналған Junior картасын да көре алады, ал «Junior Bank» қосымшасында бала тек өзінің «Junior» картасын ғана көреді. Қосымшаны Android және IOS платформаларынан жүктеп алуға болады.
ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның әмбебап бизнес-моделі бар алғашқы және ірі коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. Банктің ауқымды филиалдық желісі бар және 110-нан аса құрылымдық бөлімшеде заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісінде 40 шақты шетел банкі бар. Толық ақпарат Банктің ресми сайтында: www.bcc.kz.
Өнімдер желісі мәселелері бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
505 – жеке тұлғалар үшін мобильді телефоннан тегін
Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы
Igor.Bushmelev@bcc.kz
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.