Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Главное меню
Басты  /  Баспасөз релиздері  /  ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ЕНДІ APPGALLERY-де БАР
15 2020
ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ЕНДІ APPGALLERY-де БАР

Баспасөз релизі

Алматы қ., 2020 жылғы 15 қазан

ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ЕНДІ APPGALLERY-де БАР


ЦентрКредит Банкінің BCC.KZ мобильді қосымшасы Huawei құрылғыларына арналған AppGallery қосымшалар маркетінде пайда болды. Енді аталған қосымша App Store, Google Market және AppGallery сияқты ең ірі үш қосымшалар дүкенінде ұсынылады.

«Біз клиенттерімізге біртабан жақындай отырып, барлығыңызға қолжетімді өнімді ұсынғымыз келеді. Қандай телефонды, қандай операциялық жүйені пайдалансаңыз да, ЦентрКредит Банкі әрдайым жаныңыздан табылады», – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов, – Huawei шапшаң дамып отырған бренд екенін, сондай-ақ дүние жүзі бойынша оның жанкүйерлерінің саны артып келетінін білеміз. Біз құрған ынтымақтастығымызға қуаныштымыз, сонымен қатар қосымшамызды пайдаланушылардың бұдан да көп санына пайдалы боламыз деп үміттенеміз».

«Huawei өзінің экожүйесін белсенді түрде дамытып келеді, AppGallery әлемдегі ең ірі қосымшалар дүкендерінің ішінде үшінші болып табылады, оны 700 миллион Huawei құрылғысында 420 миллион белсенді тұтынушы пайдаланады. Біз қазақстандық компаниялармен, оның ішінде ірі банктермен ауқымды серіктестігімізге қуаныштымыз және өз клиенттеріміздің мүддесінде іскерлік қатынастарымызды дамытуды жалғастыруды көздейміз», – деп атап өтті Huawei Device компаниясының Қазақстандағы және Орта Азия елдеріндегі директоры Фан Джинйонг.

AppGallery Huawei – қосымшалар бойынша дүние жүзіндегі ең ірі үшінші дүкен. Ол Азия елдерінде кең таралып, өз аумағын кеңейтуді жалғастырып отыр.

«Біз Қазақстандағы банктердің ішінде AppGallery-ге қосылғанын хабарлаған алғашқы банкпіз, – деп жалғастырды Ғалым Әбілжанұлы, – Біз қосымшамызды клиентке жеткізу арналарын ұлғайтып әрі кеңейтіп отырмыз, қазірдің өзінде-ақ жаңа флагмандық Huawei телефонын ұстаушылар AppGallery арқылы біздің қосымшамызды орната алады».

Қазір ЦентрКредит Банкінің BCC.KZ мобильді қосымшасын мыңдаған белсенді пайдаланушылар қолданады, оған қоса аталған қосымша қазіргі күні клиенттерді банктік қызметтердің барлық дерлік түрлерімен қамтамасыз етеді.

ЦентрКредит Банкі туралы

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 110-нан аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.

Өнімдер желісі бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:

505 – жеке тұлғалар үшін (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)

605 – заңды тұлғалар үшін (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)

Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы

Igor.Bushmelev@bcc.kz

Тізімге қайта оралу

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.