«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың (бұдан кейін – банк) акционерлері Байсеитов Бахытбек Рымбекович мырза, «Цеснабанк» АҚ және «Цесна» қаржы холдингі» АҚ (бұдан кейін – Консорциум) төмендегі ақпаратты мәлімдейді:
Банк орналастырған акциялардың жалпы көлемінің 41,93% үлесін иеленетін Банк акционері KOOKMIN BANK өзіне тиесілі банк акцияларын сату үшін басым сатып алушылар ретінде Консорциум мүшелерін таңдады.
Өз кезегінде, банктің өзге акционері – Банк орналастырған акциялардың жалпы көлемінің 10,0% үлесін иеленетін INTERNATIONAL FINANCE CORPORATION (бұдан кейін – IFC) өзіне тиесілі банк акцияларын сату үшін басым сатып алушы ретінде Байсеитов Бахытбек Рымбековичті таңдады.
Алдын ала қол жеткізген келісімдердің негізінде Консорциум мен KOOKMIN BANK арасындағы қазіргі сәтте KOOKMIN BANK иеленетін банк акцияларын Консорциум мүшелерінің сатып алуының түпкілікті талаптарына қатысты келіссөз аяқталып қалды.
Консорциумға қатысушылар банк капиталын көбейту талаптарын, сондай-ақ корпоративтік несиелеу, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру сегменттері, сол сияқты бөлшекті несиелеу және банктік қызмет көрсету салалары бойынша еліміздің банк секторындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі өз позициясын сақтап қалатын және күшейте түсетін мықты қаржы институтын құру мақсатында «Цеснабанк» АҚ-тың банкпен бірігу мүмкіндігін немесе оларды қайта құрудың өзге нысанын талқылауда. Бұл екі банктің ықтимал бірігуі біріккен қаржы институтының тиімділігін арттырып, синергетикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қаржы нарығында жаңа қатысушының пайда болуы кең ауқымды клиенттер тобына жоғары сапалы қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның банктік секторының тұтастай дамуына ықпал етеді.
KOOKMIN BANK-тің акционерлер құрамынан шығуына қарамай, Консорциумға қатысушылар KOOKMIN BANK-пен тығыз қарым-қатынаста болуды мақсат тұтып отыр. Атап айтқанда, бірлескен банк қазіргі кезде банкте жұмыс істейтін Korean Desk мүмкіндіктері арқылы KOOKMIN BANK клиенттеріне қызмет көрсететін болады.
Банктің акцияларына қатысты жоғарыда көрсетілген мәміленің ықтимал қатысушылары коммерциялық және инвестициялық қаржыландыру бойынша ортақ жобаларды іске асыру, форекстік транзакциялар мен банкаралық операциялардың басқа түрлерін жүргізу мүмкіндіктерін қарастыруға ниетті. KOOKMIN BANK бұдан әрі қазақстандық серіктесіне жоғары технологиялық өнімдер, ақпараттық технологияларды енгізу, карточкалық бизнес салаларында және т.б. салада жаңа құралдар мен ноу-хау ұсынуға, тәжірибесімен алмасуға әзір.
Жоғарыда көрсетілген мәмілені реттеуші органдар мақұлдауы тиіс. Банк акционерлерінің ауысу процесі 2017 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
Қосымша ақпарат алу үшін
«Цеснабанк» АҚ-тың Баспасөз қызметіне (+ 7 717 277 08 55, қос. 1077, AK.Ahmalisheva@TSB.KZ, www.tsb.kz)
және «ЦентрКредит» АҚ-тың Баспасөз қызметіне (+7 727 259 86 03, asel.durbaeva@bcc.kz, www.bcc.kz) хабарласуды өтінеміз