Құрметті клиенттер!
ЦентрКредит Банкінің және "Қайырымдылық" ерікті қоғамы" қоғамдық қорының "Балаларға мүмкіндік сыйла" атты бірлескен жобасы туралы ақпаратты қайта назарларыңызға ұсынамыз
Әрбір баланың дені сау болуына құқығы бар. Осы даусыз құқықты қолдай отырып, ЦентрКредит Банкі және "Милосердие" қоғамдық қоры "Балаларға үміт сыйла" атты жобаны ұсынады.
Бұл жобаның аясында ЦентрКредит Банкінің клиенттері төменде көрсетілген тәсіл арқылы ерікті салым жасай алады:
Банкоматтар арқылы;
"Starbanking" есепшоттарды қашықтан басқару жүйесі арқылы;;
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы;
Кассалық есеп айырысу бөлімшелерінде.
Жиналған қаражат науқастары ауыр балаларды қолдау жобаларын жүзеге асыруға бағытталады.
Онкологиялық, нейрохирургиялық аурулар, әр түрлі жүрек ақаулары, сүйек жүйесінің дамуындағы ақаулары, жақ-бет ақаулары, жүрек ақауының ауыр түрлері, мүшелерді қайта салдыру үшін донорларды іздеу сияқты біздің елде емделмейтін ауруларға шалдыққан балаларға қайырымдылық төлемдерді жинау бойынша науқан Қазақстанда 2006 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын ерекше атап өткен жөн.
Қазіргі таңда жүз мыңдаған адамдардың және ондаған компаниялардың, соған қоса ЦентрКредит Банкінің күшімен 915 өмір құтқарылды және 1 269 операция/емдеу курсы жүргізілді (кейбір балаларға операция бірнеше рет жасалған).
2015 жылы Қазақстанда емделмейтін ауыр науқасқа шалдыққан 5 балаға жалпы соммасы 2 755 021,44 теңгеге емдеу шаралары жүргізілді. Сондай-ақ 3 медициналық орталыққа 566 813,00 теңгеге қажетті дәрі-дәрмек, жабдықтар мен құралдар сатып алуда көмек көрсетілді.
Осы бірлескен жобаны бастай отырып, ЦентрКредит Банкінің және «Милосердие» қоғамдық қорының өкілдері осындай көмекке мұқтаж балалардың тағдырларына немқұрайды қарамайтын адамдар тарапынан жанашырлық және қолдау табуға үміттенеді.
Жоба жөнінде толық ақпарат:
ЦентрКредит Банкі
Call Center: (727) 244-30-00
Жедел желі: 8-8000-8000-88 (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін)
e-mail:
info@bcc.kz
"Милосердие" ҚҚ
Татьяна Семёнова, атқарушы директор
Тел.: +7 727 250 12 83, +7 701 783 53 03
e-mail:
semyonova@detdom.kz