Жеке тұлғалар үшін
mob (1).png 505


 
Бизнес-клиенттер үшін
mob (1).png 605


Жеке кабинет
Жеке кабинетке кіру
ТАПСЫРЫС БЕРУ
Несиелер
Депозиттер
Кредиттік карталар
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Депозиттің түрі:*
Барлық жағдайларға қатысты жеңімпаз болып үйренген адамдарға арналған депозит.
Сіздің ақшаларыңыз сізге алғыс айтады
Филиалды таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
ЖСН:*
Телефон нөміріңіз:*
Email:*
Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін, ағылшын пернетақта орналасуын өзгертіңіз өтінеміз.
 
Өтінім беру
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.
Қолданбаның саны -
Сіздің өтініміңіз қабылданды, жақын арада Сізге хабарласамыз.
Рақмет
Пікір қалдыру
Түрін таңдаңыз:*
Аты-жөніңіз:*
Телефон нөміріңіз:*
Басқа байланыс деректері:
Сіздің қалаңыз:*
Хабарлама мәтіні:*
 
CAPTCHA
Суреттегі таңбаларды енгізіңіз
 
 
Жөнелту
0%
Қажетті алаңдарды толтырыңыз.

* - Міндетті түрде толтыру қажет.
Қолданбаның саны -
Сіздің сауалыңыз қарастыруға жөнелтілді.
Хабарласқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жазу
Жеке тұлғаларға
Бизнес-клиенттерге
Филиалдар мен банкоматтар
Біздің Банк
Главное меню
Басты  /  БАҚ біз туралы  /  Кадр. Тәжірибе. Бедел – банктің құнсызданбайтын қымбат қазынасы
24 2013
Кадр. Тәжірибе. Бедел – банктің құнсызданбайтын қымбат қазынасы

Банк ЦентрКредит өзінің ширек ғасырлық мерейлі мерекесін атап өтеді

Әрбір кезеңнің өзіне тән қайталанбас ерекшеліктері болатыны белгілі. 1998 жылы 100 мың кеңестік рубльге 20 «Жигули» автокөлік сатып алуға немесе жеке меншік банк құруға болатын еді. Әрине, ол үшін ерекше батылдық, шын тәуекелшілдік қажет болатын. Тіпті, жүрегінің түгі бар батырлар үшін де бұл барынша тәуекелді қажет ететін батылдық болатын. Темірдей тәртібі дәуірлеп тұрған Кеңес Одағында жеке меншік ұғымы қалыптаспаған, ал қандай да бір кәсіпкерлікпен айналысу заң жүзінде бірнеше қылмыстық баптармен жазаланатын. Міне, осындай жағдайда тақыр жерден жай ғана кооператив емес, бүтін бір жеке меншік банк құру көзсіз ерлікпен пара-пар еді. Экономикалық және антагонистік қатынастар тайталасқа түскен, екі жүйе бірін-бірі мойындамай күресіп жатқан кезде, Қазақ КСР-інде алғаш рет Алматы Орталық кооперативтік банкі құрылған еді. Бұл – сол бір шиеленісті кезеңде іргетасы қаланған бүгінгі «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы болатын.

Өткенге ой жүгіртсек

– Түбегейлі өзгерістер дәуірлеп тұрған сол бір кезеңде бұл аса бір қорқынышты құбылыс болған жоқ, – дейді банктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңындағы екеуара әңгімеміздің кейіпкері, «Банк ЦентрКредит» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Владислав Ли менің қобалжыған көңілімді басып. – Ол кезде елімізде кәсіпкерлік туралы идеялар кең қанат жайған болатын. Бұл науқан 1988 жылдың көктемінде қабылданған «КСРО-дағы кооперация туралы» Заңнан кейін бастау алды. Бұл өндіріс саласында кооператив құруға мүмкіндік беретін бірінші нарықтық заң болатын. Сол кезеңде Николай Рыжковтың үкіметі рынокты тауарлармен қамтамасыз ету жолында экономикада бірқатар тәжірибелер жасауға көшкен болатын. Бұл заң өз кезегінде бұрын Одақ көлемінде заңсыз деп танылған кәсіпкерлік қызметті заңдастырды. Бұл құжатта көпшіліктің назарына бірден іліге қоймайтын, 2-3 жолдан тұратын тұжырым болды. Атап айтқанда заңның кооперативтер құру туралы бөлімінде кооперативтер және олардың одағы кооперативтік банк ұйымдастыра алады деген тұжырым болды. Ақиқатын айтсақ, заңдағы осы бір елеусіз тұжырым іс жүзінде нарықтық банк қызметі жүйесінің басталуының іргетасы болды.

– Бұл елеусіз жолдардың болашағына алғаш рет баса назар аударғандар кімдер еді?

– Заңдағы осы тұжырымның тұңғиығын алғаш түсінген Бақыт Байсейітов еді. Ол осы идеяны жүзеге асыруға бар болмысымен ден қойып, кооперативтік банк құру қажеттігі жөнінде біздің барлығымызға жан-жақты түсінік беретін. Іс жүзінде бұл мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынған қаржы жүйесінде жеке меншік бастамаларға жол ашқан, қаржы саласында бизнеспен айналысуға заңды түрде жағдай туғызған алғашқы мүмкіндік еді. Бұл өмірді өзгертудің алғашқы тәуекелі еді. Ақиқатында, Бақыт Банк ЦентрКредиттің (БЦК) идеялық атасы және алғашқы іргетасын қалаушы болды. Сол кездері ол мемлекеттік банк жүйесінде жоғары лауазымды қызмет атқаратын. Осы жоғары лауазымды қызметті тәрк етіп, ертеңі бұлыңғыр бастаманы қолға алып, көзсіз тәуекелге бару ерекше батылдықты қажет ететін қадам еді.

Тәуекел түбі желқайық, өтесің де кетесің

– Бүгінгі қол жеткен жетістіктер биігінен қарағанда «тәуекелге» бел буып, көзсіз тіпті, қиялға пара-пар жобаны қолдаушылар, қаржысын құюшылар аз болмаған сияқты.Осы орайда алғаш тәуекелге барғандар кім?

– Алғаш рет жиған-тергендерінен 5 мың рубльден ортаға салып, акционер атанғандар 20 адам болатын: Алматы және Алматы облысының Кооперативтер одағы, оны ол кезде Михаил Хурин басқаратын, кооператорлар, Соқырлар қоғамы сонымен бірге сол жылдары комсомол жанынан құрылған кейбір шаруашылық есептегі жастар орталығы. Әрине, қазір сол бір кезеңде тәуекелге барған кооператорлардың банк құрамында қалмағандығы өкінішті.

Ұйымдастыру жұмыстары өте қауырт жүрді. Бақыт шұғыл Мәскеуге ұшып барып, КСРО Мемлекеттік банкі төрағасының орынбасары В.С.Захаровтың қабылдауында болды. Біздің банктің жарғысына қол қойғызу мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, 1988 жылғы 19 қыркүйекте біздің банк алғаш рет заңды түрде тіркеліп, лицензия алды. Сөйтіп, БЦК КСРО-дағы 4-ші, Қазақ КСР-індегі 2-ші жеке меншік банк болды. Осыдан тура 1 айдан кейін штатында бар-жоғы 3 қызметкері бар банк еліміздің қаржы айдынында желкенін желбіретіп, жұмысын бастап кетті.

– Қалжыңыңыз болар. Жұмыс істеуге қажетті қаржы қайда, клиенттер қайда, жүйе қайда?

Алғашқы кезеңде кооператорлардың өздері банктің клиенттері болды. Шын мағынасында банк солар үшін құрылды ғой. 1988 жылы бізде бар болғаны 13 клиент болатын.Содан бергі өткен 25 жыл ішінде олардың саны 1,6 миллионнан асты. Ресурстық базаға келетін болсақ, 50 мың рубль жеке меншік капиталмен бірге КСРО Жинақ банкі берген Қазақстан тарихындағы алғашқы банкаралық несие – 1 миллион рубль болатын. Нақ сол кезеңде капиталдың 20-дан 1-ге дейінгі бөлігі мөлшерінде шектеу болатын. Міне, осы лимит мөлшерінде бізге несие берілді. Банк жылдам өсті. Көп ұзамай Қазақстанда коммерциялық банктердің құрылуы және дамуы кең қанат жайды.Олардың саны 200-ден асып жығылғаны есімізде.

Бедел берекеге бастайды

– Алайда, бұл банктердің барлығы уақыт сынына ілесе алған жоқ... Ал сіздердің банктеріңіз реформалар мен өзгерістердің бәрін жеңіп, қазіргі күнде қаржы рыногындағы бірінші бестіктегі банктер қатарында. БЦК-ның алғашқы іргетасы қалағаннан бергі куәсі болған банкир ретінде сіздің ойыңызша, бұл банктің тұрақтылығының себебі қандай?

– Оның басты себебі банк бірінші күнінен дәлдүріш банк ретінде емес, кәсіби банкирлердің басшылығымен құрылған орнықты банк ретінде қалыптасты. Екіншіден, біз алғашқы күннен қоғам және бизнестің жалпыға бірдей құндылықтарын сақтай отырып, реттеушілердің ережесі бойынша жұмыс істедік. Осы орайда қаржы рыногында ережелер әлі қалыптаса қоймаған кезеңде бұл қағидалар банк үшін маңызды бағдар болды. Бүгінде банктің басты ұранына «Құндылықтарды өрістете отырып» атты қағиданың алынуы да тегін емес. Бұл ретте мәселе материалдық игіліктер тұрғысында ғана болып отырған жоқ. Басқаша айтсақ, банк беделі алғашқы күннен-ақ ыждағаттылықпен реттелді. Бұл жаңа бизнес саласын бір күн үшін емес, бүкіл өмірлері үшін құрған банк іргетасын қалаушылар үшін аса маңызды болды. Міне, бүгінгі күні де 25 жыл бойы қалыптасқан банк беделі БЦК брендінің қайнары болып отыр.

– Жүгенсіз ырду-дырду базар нарығы дәуірлеген сол бір кезеңде банктің осындай беделін қалайша сақтап қала алдыңыздар?

– Әрине, сол бір кезеңде өркениетті рынок енді ғана қалыптасып жатқан еді. Еске сала кетсем, ұлттық валюта қолданысқа енгізілгенге дейін банк бірқатар ақша «бірлігін» қолдану арқылы өмір сүрді: бұл Қазақстан Республикасындағы рубль; Ресейдегі рубль; қолма-қол ақша; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу; сондай-ақ, жалған авизолар; «астық» чегі және басқа ақша суррогаттары қолданылған еді. Әрине, осылардың бәрі банкті тұншықтырып тастайтын еді, алайда біз тұрақтылығымызды сақтап қалдық. Сол кезеңде егеменді Қазақстанның Ұлттық банкін басқарған Дәулет Сембаевша айтсақ: «Мен үрейді білмейтін банкирлер аймағына келдім». Бұл мысқыл сол кезеңдегі ахуалды толық суреттейді. Тек теңге айналымға енгізілгеннен кейін және реттеу тетіктеріне басымдық берілгеннен кейін ғана бүгінгі банк жүйесінің алғышарттары қалыптаса бастады. Оған еліміздің жоғары басшылығының саяси ерік-жігері және тәжірибелі Дәулет Сембаевтың басшылығымен жұмыс жасаған жас реформаторлар командасының орнықты карт-бланшы жағдай жасады. Міне, осындай көзқарастың нәтижесінде қазақстандық банк жүйесі жылдам дами отырып, әлемдік банкинг стандарттарына жақындай бастады.

Өкінішке орай, 90-шы жылдардың ортасына дейін посткеңестік кеңістіктегі қаржы саласында берекесіздік пен бей-берекеттік орын алған еді. Нақ сол жылдары Мәскеуде біздің банктің филиалы болатын. Бір кездері ол Алматыдағы негізгі банктен де көлемі жағынан үлкен болды. Алайда, 1995 жылы бізге осы банкті жабуға тура келді. Бұл банктің ішінде шектен шыққан оқиғалар орын алды: келіспеушіліктер де, атыс-шабыстар да болды. Осыған байланысты біз бұл филиалдың балансын 0-ге апардық: клиенттердің ақшасын қайтардық, несиелерді жаптық, барлық шараларды заңға сәйкес тап-тұйнақтай еттік. Ресейдің Орталық банкі біздің банктің филиалына ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы анықтама беріп, тарату комиссиясының атқарған жұмысы дұрыс екендігін мәлімдеді. Ал Қазақстандағы негізгі банк реттеушілер белгілеген талаптарға сәйкес, өз жұмысын жалғастырып одан әрі дами берді.

Мәңгілік мәртебе: несие орталығы

– Ширек ғасыр ішінде банк өзінің атауын бірнеше рет өзгертіпті. Бұл мақсатты түрде жасалған шара ма?

– Егер банк атауларының өзгеру шежіресін саралап қарайтын болсақ, ол тек банк өміріндегі ғана емес, сонымен бірге еліміздің дамуындағы елеулі кезеңдермен үндесіп жатыр. Мәселен, 1991 жылы банк атауы «Казахский Акционерный ЦентрБанк» деп өзгертілді. Бұл кезеңде кооперативтік қозғалыстың тынысы тарылып, акционерлік бизнес формасы белең ала бастады. Ал, 1996 жылы біз «Банк ЦентрКредит» ААҚ болып өзгердік. 2014 жылдан бері «Банк ЦентрКредит» АҚ болып аталып келеміз. Банктің атауын қаншама өзгертсек те, біз бастапқы миссиямыз: кәсіпкерлікті қолдау үшін, шағын және орта бизнесті қолдау үшін несие беретін орталық болып қалу жөніндегі бастаманы сақтап қалдық. Біз өзіміздің негізгі қағидаларымызды сақтап, рынокта тұрақты орнымызды алып, бедел жинадық.

Алайда, біздің тарихымыздың елеулі кезеңдері экономиканың келелі өзгерістерімен сабақтаса өрбіді. Біз бас айналдырар инфляция кезеңін өткердік. Инфляция бір ай ішінде біздің бүкіл капиталымызды және берген несиелерімізді «жұтып» қойған кездері де болды. Теңгенің екі рет құнсыздану кезеңін, 1994 жылдың сәуіріндегі өзара есеп айырысудағы терең дағдарыс кезеңін бастан өткердік. Бұл еліміздің бүкіл экономикасы үшін де, біздің банкіміз үшін де сындарлы сабақ болды. Қалыптасқан ойлау ережелері жұмыс істемеді. Меншік түрінің өзгеруіне байланысты кәсіпорындар тұралап жатты. Жоспарлы экономика тоқырауға ұшырады. Міне, осындай екі жүйе текетіреске түскен өлара кезеңде мемлекеттік үлесі бар банктер сынға төтеп бере алмады: олардың кейбіреулері жойылды, кейбіреулері жеке меншік банктерге қосылды. Атап айтқанда, 1997 жылдың қазан айында «Кредсоцбанк» пен «Жилстройбанк» бірікті. 1998 жылдың 25 шілдесінде «Жилстройбанк» БЦК-ға қосылды.

– Басқаша айтқанда, қорландыру негізінің өзгеруі мемлекеттік банктің түбіне жетті, яғни, олар рынокқа кіріге алмады және оның ережелерімен жұмыс істеуге қабілетсіз болды ғой...

– Иә, негізінен мәселенің мәнісі солай болды. Мемлекеттің көмегінсіз жұмыс істеуге үйренген банктер рыноктағы бет бейнесін сақтап қалды. Олардың ішінде Банк ЦентрКредит та бар. Нарықтық қатынастардың осындай сабақтары банк жүйесінде түбегейлі реформа жасауға алып келді. Егер «Жилстройбанктің» бірігуіне келер болсақ, оған нарықтық тетіктер қолданылды. Мемлекет бұл банктің капиталынан шығып, тендер жариялады. Бұл тендерде БЦК жеңімпаз деп танылды. Дегенмен, біз бұл банктің проблемаларын да мұраға алдық: өзара есеп айырысуға берілген несиелер ақыр соңында қайтарымсыз несиелердің өлі жүгі болып қалды. Оған 2 млрд. теңге шамасындағы жабылмаған ипотекалық несие қосылды. Бұл біріккен банк активінің 20 пайызын құрады. Алайда, 90-шы жылдардың соңына таман банк секторының жедел дамуы бұл проблемалардың салдарын жоққа шығарды. Мәселен, 1998 жылы БЦК-ның активі 11 млрд. теңге шамасында болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн. теңгеден асты.

1998 жыл БЦК үшін шешуші кезең болды: Бірігу шаралары нәтижесінде біз тек қана проблемаларды мұраға алғанымыз жоқ, сонымен бірге, игілікті оң жетістіктерді де еншіледік. Олар: озық корпоративтік мәдениеті бар кәсіби кадрлар; клиенттік және филиалдық ауқымды жүйе; ипотека нарығындағы тәжірибе және ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен жұмыс тәжірибесі еді. Бұл шын мағынасында баламасы жоқ қымбат актив еді. Ол біздің бүгінгі дәрежемізге – жалпыұлттық дәрежедегі банк болуымызға мүмкіндік жасады.

Рыноктың тамырын дөп басып

– Өлара кезеңде, тіпті 2007 жылға дейін біздің банктер белсенді түрде дамыды. Алайда, әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында көшбасшы банктер тобында өзгеріс болды. Сол кезеңде БЦК бірқатар ұлттық рейтинг бойынша жоғарылады. Бұған көшбасшылардың мүмкіндігінің шектелуі себеп болды ма, әлде олар рыноктың нақты жағдайын ескере отырып, қайта құрылуға бет бұрды ма?

– Дағдарыс бізді де сырт қалдырған жоқ. Оның бізге тиген салқыны шамалы болды. Бұл ретте біздің бірқатар банктер сияқты экономикаға ілесіп отыруымыз себеп болған шығар. Біз бұл кезеңде еліміздің ІЖӨ-сінің 25-30 пайызын құрайтын құрылыс саласына бет бұрған едік. Алайда мәселенің қорытындысына біздің құрылыстағы үлесіміз, яғни банк қоржынындағы ипотека үлесі 17 пайызды құрады. БЦК қорландыру мәселесінде теңдестіру саясатын басшылыққа алды: міндеттеме құрылымында сырттан тартылған қаржы 50 пайыз болса, ішкі рыноктан тартылған қаржы да 50 пайызды құрады. Теңгемен және АҚШ долларымен несие беру жүйесінде де 50 де 50 пайыздық деңгей сақталды.

Бүгінде біздің сыртқы қарыздарымыздан жабылмай тұрғаны 400 миллион доллар көлеміндегі еврооблигация. Бұл қарыз 2014 жылдың көктеміне дейін жабылуы керек. Банк үшін бұл проблема емес: қазір банктің өтімділігі 700-800 миллион долларды құрайды. Бұған қосарым біздің қарыз қоржынының 15 пайызы доллармен, қалғандары теңгемен қамтылған. Басқаша айтқанда біз валюталық тәуекелдерден үрейленбейміз. Біз әлемдік қаржы дағдарысынан қажетті сабақ алдық. Дәлірек айтқанда, тіпті дағдарысқа дейін-ақ біз өз қоржынымыздың құрылымдық белгілерін қайта құрып өзгерттік.

Сыртқы несие көлемі де ипотекалық көбіктің өсіп келе жатқандығы, нақты өндірістен қор рыногының артып кетуі қауіптің алғашқы белгісі болды. Сондықтан сол кездің өзінде банктің өсу шараларымен бірге біз жалғыз дамудың мүмкін емес екендігін – қаржы айдынында стратегиялық серіктес табу қажеттігін түсіндік. Осыған байланысты 2007 жылдың өзінде біз оңтүстіккореялық Kookmin банкімен келіссөз жүргізе бастаған едік. Алайда, банк біздің ұсынымызды қабылдап, бірлесе жұмыс істей бастаған алғашқы кезеңде Lehman Brothers кейпіндегі «қара аққу» көлденең тұрды. Сөйтіп КВ-ның бізге кіруі сәтсіз басталды. Дегенмен, айналасы бір-екі жыл өткенде Kookmin БЦК АҚ акциясындағы өзінің үлесін 41,9 пайызға дейін өсірді. Бұл КВ-ның біздің банкпен әріптестігінің ұзақ мерзімге бағытталғандығын көрсетті.

Трендте бірге болу

– Банк ЦентрКредит дағдарыс кезеңінде мемлекеттің қолдау көрсету туралы ұсынысын қабылдамады, алайда банк активі мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істеді. Бұл реттегі көрсеткіштер қандай?

– Біз дағдарыс басталған сол кезеңде Kookmin банкімен бірге жұмыс істеп жатқанбыз. Сондықтан мемлекеттің БЦК капиталына кіруі ешбір қажет болмады. Ал мемлекеттік бағдарламаларға келетін болсақ, біз бұл саланың белсенді мүшесі болып табыламыз. Бүгінде БЦК-ның несие қоржынының 15 пайызы мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істейді. Негізінен біз «Даму» қорымен жұмыс істейміз. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 160 заңды тұлға банк сыйақыларын субсидиялау бағдарламасы негізінде 80 миллиард теңгеге несиеленген. Жақында біз қормен біріге отырып «Стартап», «Быстрый малый» жобаларын іске қостық. Яғни, несие шағын бизнесі үшін жеңілдетілген кесте бойынша беріледі. Яғни, біз барлық кезеңде де өз клиенттерімізге барынша мүмкіндік жасау жолындағы рыноктың жеңілдіктерін іздейміз. Трендте болуға күш саламыз.

– Kookmin банкімен әріптестік бесжылдығы тағы да қандай жетістіктермен өрнектелді?

– БЦК үшін бұл сөзсіз оңтайлы әріптестік болды. Корей банкі бізге ұзақ мерзімге келді және өзін сенімді әріптес ретінде танытты. Қазірдің өзінде біздің әріптестігіміз бизнес үрдістерін, банк стратегиясын дамытуда, жетістіктерімізді жетілдіруде оң ықпалын көрсете бастады. Мәселен, дағдарысқа дейін БЦК бизнестің негізгі көрсеткіштері бойынша 5-6 орындарды алса, қазір 3-4 орындарды тұрақты иеленіп келеді. Егер 2007-2013 жылдардағы көрсеткіштерді саралайтын болсақ, онда қазақстандық ірі банктердің шұғыл төмендеген, ал олардың рыноктық үлестерінің кемігендігін байқаймыз. Нақ осындай жағдайда БЦК өзінің рыноктық үлесін сақтап қалды. Ал оның орташа баланстық көрсеткіштері орта деңгейден көрініп келеді. Мәселен, қазір көлемі 1 триллион теңгеден асатын активі бар Қазақстандағы 4-ші банк, ТМД-дағы 32-ші банк болып табыламыз.

Бұрынғы көшбасшылардың ықпалы өзіндік рөл ойнаса да негізгі өсім сапалық жетістіктер нәтижесінде болды. Жаңа акционерімізбен бірге біз БЦК-ның институтционалдық дамуын жақсарту мақсатында кешенді шараларды жүзеге асырдық. Бизнес деңгейлерінің барлық сатысында өзгерістер болды. Ұйымдастырушылық құрылым оңтайландырылды. Сөйтіп бір қызметкерге шаққандағы тиімділік мөлшері өсті. Егер дағдарыс кезеңінде таза пайыздық маржа 0,5 пайызды құраса, қазір ол 3 пайызды құрайды.

Тағы жетістіктерімізді бірқатар цифрлармен саралап көрейік. Біздің капиталымыз бүгінде 84 миллиард теңгеге жетті. Банк тарапынан кепілдік беру мәселесі бойынша біз отандық банктердің ішінде 1-ші орынды иеленіп отырмыз. Депозиттер мөлшері 786 миллиард теңгені құрайды. Осы орайда ерекше ескеретін бір жайт, банк қорландыру құнының артуы үшін көп еңбек сіңіруде. Егер бұрын оның деңгейі 8-9 пайызды құраса, қазір ол 6 пайызға дейін төмендеген. Сондықтан біз көрсеткіштеріміз бойынша Ресей және Қазақстанның жетекші банктерімен бақ сынасамыз. Берілген несие мөлшері 882 миллиард теңге көлемінде болып отыр. Өтеу мерзімі 90 күннен асқан кредиттер көлемі 14 пайызды құрайды. Іс жүзінде бұл рыноктың орташа көрсеткішінен екі есе төмен. Осыған сәйкес сенімсіз несиелерді жоюға жұмсайтын шығынымыз да аз.

Біз қызмет көрсету сапасын жақсарту және қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатындағы жаңа жұмыс сапасын енгізу жөнінде күресіп келеміз. Атап айтқанда, 2012 жылы StarBanking бағдарламасын іске қостық. Осының нәтижесінде әртүрлі төлемдерді ұялы телефон және компьютер арқылы жүзеге асыруға болады. Қазір біз қашықтықтан қызмет көрсету жүйесін жетілдіріп жатырмыз. 2015 жылы жаңа ІТ жүйесін өндіріске енгіземіз.

– Kookmin Bank KB-мен стратегиялық әріптестік банк үшін бәсекелестік тұрғысында қандай артықшылықтар береді?

– Активінің мөлшері 300 миллиард долларға жететін серіктестік бұл – капиталға қолдау көрсетудің ең тиімді түрі. Біздің екінші акционеріміз – халықаралық қаржы корпорациясы. Ол да біздің банктің тұрақтылығының белгісі. Осындай қуатты акционерлер банк және оның клиенттері үшін үлкен сенімділік белгісі болса керек.

Біздің екінші артықшылығымыз – технология. Біз жыл сайын Kookmin Bankке менеджерлеріміздің екі тобын оқытуға жібереміз. Сонымен бірге тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша маркетинг жасауда біз институтционалдық жетістіктерді жүзеге асырамыз. Біз алдағы уақытта БЦК-ның басқару дәрежесінің сапасын КВ-ның басқару дәрежесінің сапасына дейін көтеруге ұмтылудамыз. Банк өңірлердегі желілер жүйесін жаңғыртуда. Филиалдардың ішінен несиелерді сұрыптау орталығын бөлдік. Олар несие сараптамаларын бағалайды және несие беру туралы шешім қабылдайды. Мұндай жүйе өкілеттілікті шектеуге мүмкіндік берді. Егер бұрын филиал директоры сату шаралары үшін де, тәуекелдерге баға беру шаралары үшін де жауап беретін болса, енді ол тек қана сату мәселелеріне ғана жауапты. Несиелерді бағалау және оның тәуекелін анықтауға басқа жүйе жауап береді. Бизнес тобын қазақстандық қызметкер басқаратын болса, несие тобын КВ өкілі басқарады.

– Банк географиясы кеңейіп келе ме?

– Иә. Біз Мәскеуде қайтадан еншілес банкімізді, Бішкекте және Киевте өкілдіктерімізді аштық. Біздің құрылымызда BCC Invest және ЦентрЛизинг бар. Іс жүзінде олардың бәрі пайда табу жолында жұмыс істейді. Біздің стратегиялық әріптесіміз бізге өңірдегі өкілдігі ретінде қарайды. Біз бұл логиканы түсінеміз: егер өз рыногыңда көшбасшы болған келсе, шетелде жұмыс істеуді үйрен. Бұл біздің ұзақ мерзімге арналған міндеттемеміз.

– Банктің байлығы, басты активті қандай?

– Әрине, адамдар. Бізде тәжірибе жүзінде банкирлердің үш буыны қалыптасты. Аға буын – бұл банк саласында 30-40 жыл және БЦК құрамында 20 жыл жұмыс істегендер. Олардың қатарында Галина Вонды, Рақыш Мусинаны, Нұрсұлу Закаринаны атауға болады. Банкирлердің орта буыны қатарында банкке жастай келіп, осы ортада шыңдалған Асан Боранбаевты, Темір Ешмұратовты, Мұрат Әбішевті атауға болады. Ең соңында жас буын – олар бүгінде банк жүйесінде өз кәсіби шеберліктерін шыңдауда. Олардың ішінде біздің банкирлердің әулетін жалғастырушылар да бар.

– Ширек ғасыр – өте жақсы жас: әлі қиындықтардан бет қайтатын кезең емес, сондықтан биік міндеттерді мақсат етіп қоюға болады. Жоспарларыңызбен бөлісіп өтсеңіз?

– Менің ойымша банктің өркендейтін уақыты әлі алда. Банк оған қажеттінің бәрі жасады. Менің ойымша ағымдағы және келесі жыл несие қоржынын тазалау жөніндегі жұмысты аяқтайтын кезең. Осы мерзімде біз ұйымдастырушылық қызметті де жетілдіруді аяқтаймыз. Бизнес үрдістерінде реинжиниринг, технологияларды жетілдіру үрдістерін жүргіземіз. Сөйтіп, 2015 жылдан бастап БЦК жаңа ауқымды міндеттерді шешуге дайын болады. Біз өзіміздің серіктестерімізбен келісіміміз бойынша стратегиялық болашақта БЦК Қазақстан Республикасының қаржы рыногындағы көшбасшылардың бірі, ал ТМД аумағында өзінің лайықты орны бар банк болу жөнінде келістік. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның банк рыногында көшбасшы орынды иеленіп ТМД-ның үздік банктеріне қосылу. Бұл жоғары меже, оған қол жеткізудің мүмкіндіктері мол: біздің осы талабымызға жан-жақты қолдау көрсететін мықты стратегиялық әріптестеріміз бар, биік мақсаттарды орындай алатын, жұмыс істеуге құлшыныс білдіріп отырған жоғары дәрежедегі кәсіби қызметкерлеріміз бар. Біз алдағы уақытта осы ширек ғасыр ішінде атқарған жұмысымыздан да ауқымды әрі тиімді міндетті жүзеге асырамыз.

– Ал тілегіңіз қандай?

– Ешқашан тауымыз шағылмай, қандай да бір тәуекелдерге сақадай сай дайын болу. Ешқашан жалғандыққа жол бермей, өзіміз берген уәделерді орындауда әркез белсенділік таныту керек деп ойлаймын. Сонда ғана көптің көңілінен шығатынымыз анық.

– Әңгімеңізге рахмет.


Источник:  "Егемен Қазақстан" газеті
Тізімге қайта оралу

Документтер пакеті


ЗТ резидент, егер бір құрылтайшы болса:
  • Жарғы
  • Заңды тұлғаның жалғыз қатысушысының шешімі;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама;
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
ЗТ резидент, егер бірнеше құрылтайшы болса:
  • Жарғы;
  • Жалпы жиналыстың хаттамасы;
  • Бірінші басшының тағайындау туралы хаттама;
  • Бірінші және екінші (егер бар болса) қол қою құқығы бар тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық;
  • Құрылтайшылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, сонымен қатар клиенттің банктік шотын жүргізуге байланысты операцияларды жүргізген кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары;
  • Заңды тұлғаның тіркеу бойынша барлық іс-әрекеттері туралы анықтама (Тұрғындарға қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz беріледі);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса);
  • Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған құжаттар
  • жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (мемлекеттік кірістер органы берген);
  • Лицензия (егер қызметті лицензиялау қажет болса).
Банктің тарапынан берілетін құжаттар:

Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға, сонымен қатар өз бейнесін (суретін) беруге және пайдалануға келісім.

Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.