E-mail: Pr@bcc.kz
Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акционерлері!
2026 жылғы 18 наурызда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы хабарлаймыз. Жиналысқа қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 89,4%-ын құрайтын, яғни 157 181 711 дауыс беретін акцияға иелік ететін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты.
ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
| Күн тәртібіндегі мәселелер | Қолдағандар | Қарсы болғандар | Қалыс қалғандар |
| 1. Банктің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп. | 157 181 711 | 0 | 0 |
| 2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. | 157 181 711 | 0 | 0 |
| 3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. | 152 017 508 | 5 164 203 | 0 |
| 4. 2026 жылы Банктің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды бекіту туралы. | 152 017 508 | 5 164 203 | 0 |
| 5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. | 152 017 508 | 0 | 5 164 203 |
Акционерлер «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту туралы шешім қабылдады:
- 2025 қаржы жылы үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төленбесін.
- 2025 жыл қорытындысы бойынша 240 194 млн теңге (екі жүз қырық миллиард бір жүз тоқсан төрт миллион теңге) мөлшеріндегі таза табыс «Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (өтелмеген залал)» шотында қалсын.
Құрметті акционерлер!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы келесі талаптармен «Банк ЦентрКредит» АҚ бұдан әрі – Банк) Банк Директорлар кеңесімен бекітілген Банк бастаған жай акцияларды сатып алу бағдарламасының нәтижелерін хабарлайды:
- Акцияның түрі: жай акциялар (CCBN - KASE, ISIN KZ0007786572);
- Нақты сатып алынған акциялар саны: 11 948 384 (он бір миллион тоғыз жүз қырық сегіз мың үш жүз сексен төрт) дана;
- Сатып алу бағасы: бір жай акция үшін 2 200 (екі мың екі жүз) теңге;
- Нақты сатып алынған акциялар көлемі: 26 286 444 800 (жиырма алты миллиард екі жүз сексен алты миллион төрт жүз қырық төрт мың сегіз жүз) теңге;
- Сатып алу кезеңі: 2025 жылғы 15 сәуірден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
- Сатып алынбаған акциялар қалдығы: 3 951 616 (үш миллион тоғыз жүз елу бір мың алты жүз он алты) дана;
- Сатып алу мерзімінің аяқталуына байланысты қалдықты одан әрі сатып алу жоспарланбайды;
- Сатып алынған акциялардың дауыс беру және дивидендтер алу құқығы жоқ.
Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлері!
A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесі отырысының 2026 жылғы 04 ақпандағы хаттамасы) 2026 жылғы 18 наурызда сағ. 10:00-де жеке қатысу нысанында Zoom конференция арқылы акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша сағ. 09:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2026 жылғы 04 ақпандағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту туралы.
4. 2026 жылы Банк пен оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды бекіту туралы.
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2026 жылғы 06 наурыздан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағ. 9:00-18:00 аралығында таныса алады: Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38. Жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатыңыз болуы тиіс. Акционердің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2026 жылғы 20 наурызда сағ. 10:00-де жеке қатысу нысанында Zoom конференция арқылы қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жылдық жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Барлық сұрақ бойынша келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады:
7 (727) 259 85 18
Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акционерлері!
2025 жылғы 04 сәуірде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы хабарлаймыз. 159 132 672 дауыс беретін акцияға иелік ететін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты, бұл қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 84,89%-ын құрайды.
ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
| Күн тәртібіндегі мәселелер | Қолдап | Қарсы болғандар | Қалыс қалғандар |
| 1. Банктің 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп. | 159 132 672 | 0 | 0 |
| 2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2024 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту. | 159 132 672 | 0 | 0 |
| 3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2024 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін айқындау. | 154 042 483 | 5 090 189 | 0 |
| 4. 2025 жылы Банктің және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды белгілеу туралы. | 159 132 672 | 0 | 0 |
| 5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. | 154 042 483 | 0 | 5 090 189 |
| 6. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы аясында облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы (Мемлекеттік тіркеу туралы 09.10.2017 жылғы №Е99-2 куәлік) | 159 132 672 | 0 | 0 |
Акционерлер «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2024 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту туралы шешім қабылдады:
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акциялары бойынша 2024 қаржы жылы үшін дивиденд төленбесін;
- 194 461 млн теңге (бір жүз тоқсан төрт миллиард төрт жүз алпыс бір миллион теңге) сомасындағы 2024 жылғы таза кіріс «Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (жабылмаған шығын)» шотында қалсын.
Құрметті акционерлер!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуі туралы хабарлайды. «Банк ЦентрКредит» АҚ банктік деректемелері: Банктің БСК: KCJBKZKX, ЖСК: KZ958560000004267059, БСН: 980640000093, ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасында корр. шот: KZ65125KZT1001300224, БСК NBRKKZKX. Дивидендтер төленетін кезең – 01.01.2024 ж. – 31.12.2024 ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акциясына айырбасталатын бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері: 42,00 теңге. Дивидендтерді төлеудің басталу күні: 2025 жылғы 2 мамыр. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2025 жылғы 1 сәуір жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тіркеушісі берген «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде жасалды. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің тізімінде банктік деректемелер болған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу кезеңі: 2025 жылғы 2 мамырдан бастап 2025 жылғы 16 мамырға дейін. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәлімет болмаған жағдайда қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады. Барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: (727) 2 598 598 ішкі нөмір 10433.
Құрметті акционерлер!
Акционерное Общество «Банк ЦентрКредит», находящееся по адресу Республика Казахстан, A25D5G0, г. Алматы, пр.Аль-Фараби, 38, уведомляет о выкупе простых размещенных акций по инициативе АО «Банк ЦентрКредит» на следующих условиях:
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы келесі талаптармен «Банк ЦентрКредит» АҚ бастамасымен орналастырылған жай акцияларды сатып алу туралы хабарлайды:
- Акцияның түрі: жай акциялар (CCBN - KASE, ISIN KZ0007786572);
- Сатып алынатын акциялар саны: 15 900 000 (он бес миллион тоғыз жүз мың) дана;
- Сатып алу бағасы: бір жай акция үшін 2 200 (екі мың екі жүз) теңге;
- Сатып алу мерзімі: 2025 жылғы 15 сәуірден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
- Сатып алу талаптары: Сатып алу «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың ішкі қағидасына сәйкес «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында ұйымдастырылған нарықта қолма-қол ақшасыз тәртіппен және ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акционерлері!
A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесі мәжілісінің 2025 жылғы 28 ақпандағы хаттамасы) 2025 жылғы 04 сәуірде сағат 10:00-де жеке қатысу нысанында, Zoom конференция арқылы акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2024 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2024 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін айқындау.
4. 2025 жылы Банктің және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
6. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне (Мемлекеттік тіркеу туралы 09.10.2017 жылғы №Е99-2 куәлік) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы.
Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2025 жылғы 20 наурыздан бастап Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционердің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2025 жылғы 5 сәуірде сағат 10:00-де жеке қатысу нысанында, Zoom конференция арқылы қайта өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қолданыстағы нормаларына сәйкес өткізіледі.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады:
7 (727) 259 85 18
Құрметті акционерлері!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуі туралы хабарлайды. «Банк ЦентрКредит» АҚ банктік деректемелері: Банктің БСК: KCJBKZKX, ЖСК: KZ958560000004267059, БСН: 980640000093, ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасында корр. шот: KZ65125KZT1001300224, БСК NBRKKZKX. Дивидендтер төленетін кезең – 01.01.2023 ж. – 31.12.2023 ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акциясына айырбасталатын бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері: 42,00 теңге. Дивидендтерді төлеудің басталу күні: 2024 жылғы 30 желтоқсан. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2024 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тіркеушісі берген «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде жасалды. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің тізімінде банктік деректемелер болған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу кезеңі: 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәлімет болмаған жағдайда қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады. Барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: (727) 2 598 598 ішкі нөмір 10433.
A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесі мәжілісінің 2024 жылғы 13 наурыздағы хаттамасы) 2024 жылғы 26 сәуірде сағат 10:00-де Zoom конференция арқылы жеке қатысу нысанында акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2024 жылғы 12 сәуірдегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2023 жылғы қызметінің қорытындысы туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2023 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2023 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту.
4. Банктің және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды белгілеу туралы
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
6. Есеп комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2024 жылғы 16 сәуірден бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционердің сауалы болған жағдайда, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2024 жылғы 27 сәуірде сағат 10:00-де ZOOM конференция арқылы жеке қатысу нысанында өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Сұрақтарыңыз болса, 7 (727) 259 85 18 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың он үшінші шығарылымын (ISIN KKZ2C00000560) өтеу туралы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың хабарламасын (24.11.2023 жылғы № 15-08/6823) мәлімет ретінде қабылдағаны жөнінде хабарлайды
A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен 2023 жылғы 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де жеке қатысу нысанында, Zoom конференция арқылы акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2023 жылғы 28 сәуірдегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2022 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2022 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2022 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту.
4. Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Банктің Корпоративтік басқару кодексінің жаңа нұсқасын бекіту және «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының 05.06.2020 жылғы хаттамасымен бекітілген «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексінің күші жойылған деп тану туралы.
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2023 жылғы 02 мамырдан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционердің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2023 жылғы 13 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жылдық жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7 (727) 259 85 18
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын
өткізу туралы хабарлама
«Банк ЦентрКредит» АҚ толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы,
38-үй
«Банк ЦентрКредит акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 11 қарашадағы №3-1111-01 қаулысы) 2022 жылғы 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де атқарушы органының орналасқан жері бойынша аудио-бейнеконференцияны (ZOOM) пайдаланумен жеке қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлайды
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 02 желтоқсандағы жай-күйі бойынша "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау туралы.
Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 04 желтоқсаннан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционерлің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2023 жылғы «15» желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде дәл сол күн тәртібімен қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5 және 5-1-тармақтарына сәйкес, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7(727)259 85 18.
«Банк ЦентрКредит» АҚ толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы,
38-үй
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» толық атауы: «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі).
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» атқарушы органының толық атауы:
«Eco Center Bank» акционерлік қоғамының («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) Басқармасы.
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 226-үй
«Банк ЦентрКредит акционерлік қоғамы және «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 шілдедегі №3-0701-01 қаулысы) және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесі мәжілісінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №2/0630 хаттамасы) бастамасымен 2022 жылғы 05 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де атқарушы органының орналасқан жері бойынша аудио-бейнеконференцияны (ZOOM) пайдаланумен жеке қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің екінші ортақ жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 22 тамыздағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімінің, сонымен қатар «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акцияларын ұстаушылары тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
- «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.
3. Табыстау актісін бекіту туралы.
Акционерлер ортақ жалпы жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 22 тамыздан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционерлің сауалы болған кезде материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің ортақ жалпы жиналысы 2022 жылғы «01» қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде дәл сол күн тәртібімен қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің ортақ жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 47-бабына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52 және 83-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5 және 5-1-тармақтарына, 60 және 60-1-баптарына сәйкес, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7(727)259 85 18.
ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
| Күн тәртібіндегі мәселелер | Қолдап | Қарсы болғандар | Қалыс қалғандар |
| 1. «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. | 159 338 250 | жоқ | жоқ |
|
| 548 400 000 | жоқ | жоқ |
| 2. «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы. | 159 338 250 | жоқ | жоқ |
|
| 548 400 000 | жоқ | жоқ |
| 3. «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) (БСН 941240000341) («Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 226-үй) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (БСН 980640000093) («Банк ЦентрКредит» АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38) қосу нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты және «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы. | 154 459 117 | 5 090 189 | жоқ |
|
| 548 400 000 | жоқ | жоқ |
| 4. «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шартты бекіту туралы. . | 154 459 117
548 400 000 | 5 090 189
жоқ | жоқ
жоқ |
ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
| Күн тәртібіндегі мәселелер | Қолдап | Қарсы болғандар | Қалыс қалғандар |
| 1. «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы. | 152 460 761 | жоқ | жоқ |
| 2. «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы. | 152 460 761 | жоқ | жоқ |
| 3. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы, сонымен қатар өз міндеттемелерін орындағаны үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен талаптарын айқындау туралы. | 152 460 761 | жоқ | жоқ |
«Банк ЦентрКредит» АҚ толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы,
38-үй
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» толық атауы: «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі).
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» атқарушы органының толық атауы:
«Eco Center Bank» акционерлік қоғамының («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) Басқармасы.
«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 226-үй
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы және «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 шілдедегі №3-0701-01 қаулысы) және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесі мәжілісінің 2022 жылғы 06 маусымдағы №2/0630 хаттамасы) бастамасымен 2022 жылғы 03 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де атқарушы органының орналасқан жері бойынша аудио-бейнеконференцияны (ZOOM) пайдаланумен жеке қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 20 шілдедегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімінің, сонымен қатар «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акцияларын ұстаушылары тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.
3. «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) (БСН 941240000341) («Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 226-үй) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (БСН 980640000093) («Банк ЦентрКредит» АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38) қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы.
4. «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шартты бекіту туралы.
Акционерлер ортақ жалпы жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 20 шілдеден бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционерлің сауалы болған кезде материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысы 2022 жылғы «08» тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде дәл сол күн тәртібімен қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің ортақ жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 47-бабына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52 және 83-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5 және 5-1-тармақтарына, 60 және 60-1-баптарына сәйкес, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7(727)259 85 18
«Банк ЦентрКредит» АҚ толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы,
38-үй
«Банк ЦентрКредит акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 шілдедегі №3-0701-01 қаулысы) 2022 жылғы 03 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де атқарушы органының орналасқан жері бойынша аудио-бейнеконференцияны (ZOOM) пайдаланумен жеке қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 20 шілдедегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы, сонымен қатар өз міндеттемелерін орындағаны үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен талаптарын айқындау туралы.
Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 20 шілдеден бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционерлің сауалы болған кезде материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2022 жылғы «08» тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде дәл сол күн тәртібімен қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5 және 5-1-тармақтарына сәйкес, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7(727)259 85 18
Сонымен қатар 212 330 артықшылықты акцияны иелентін, артықшылық акцияларды ұстаушылар да жиналыстың күн тәртібіндегі 5-ші және 6-мәселелер бойынша дауыс беруге қатысты. 5-ші және 6-мәселелер бойынша дауыс беруге қатысқан қарапайым дауыс беруші және артықшылықты акциялардың жалпы саны – 155 995 916 дана, олардың үлесі жалпы санның 85,71% құрайды.
ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
| Күн тәртібіндегі мәселелер | Қолдап | Қарсы болғандар | Қалыс қалғандар |
| 1. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2021 жылғы қызметінің қорытындысы туралы есеп | 155 783 586 | жоқ | жоқ |
| 2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту | 155 783 586 | жоқ | жоқ |
| 3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту. | 150 693 397 | 5 090 189 | жоқ |
| 4. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы | 155 783 586 | жоқ | жоқ |
| 5. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ты (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы | 155 995 916 | жоқ | жоқ |
| 6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ты (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы | 155 995 916 | жоқ | жоқ |
Акционерлер «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту туралы шешім қабылдады:
· 2021 қаржы жылы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін;
· 20 645 млн (жиырма миллиард алты жүз қырық бес миллион) теңге сомасындағы 2021 жылғы таза кіріс «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың резервтік капиталын құруға жұмсалсын.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ 2022 жылғы 10 мамырдағы жай-күйі бойынша ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі деректердің негізінде жасалады.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
4. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
Акционерлер жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 10 мамырдан бастап сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ-та таныса алады. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Акционер сұрау жасаған жағдайда, материалдар сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бірақ жоғарыда көрсетілген күннен ерте жіберілмейді.
Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайта өтетін жылдық жалпы жиналысы 2022 жылғы 21 мамырда жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минутта аудио-бейне конференция (ZOOM) режимінде өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан кейін – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде құрылуы және оған қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың қолданыстағы Жарғысының нормаларына сәйкес өткізіледі.
Сұрақтарыңыз болса, 7 (727) 259 85 18 телефон нөміріне хабарласуды өтінеміз.
Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлері!
«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан кейін – Банк) осы арқылы Сіздерге «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің шешімімен (Директорлар кеңесінің 25.04.2022 жылғы №25.04.2022 қаулысы) Банктің Директорлар кеңесінің 20.04.2022 жылғы мәжілісінің хаттамасымен құрылған Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне келесі мазмұндағы жаңа тармақтар түрінде толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
«5. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ерікті түрде қайта құрылуы туралы;
6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы».
Осыған байланысты енгізілген толықтыруларды есепке ала отырып, 2022 жылғы «20» мамырға белгіленген Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі келесі мәселелерден тұрады:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы қызметінің қорытындысы туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту.
4. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
5. ««Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ерікті түрде қайта құрылуы туралы.
6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы.
Жиналыс 2022 жылғы «20» мамырда Алматы қ. уақытымен 10 сағат 00 минутта Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі.
Банктің акционерлерін тіркеу 9 сағат 30 минутта басталады.
Жиналыс өткізілмеген деп танылған жағдайда, қайта өтетін жиналыс 2022 жылғы «21» мамырда Алматы қ. уақытымен 10 сағат 00 минутта Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша өткізіледі.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ 2022 жылғы 10 мамырдағы жай-күйі бойынша ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі деректердің негізінде жасалады.
Акционерлер жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 10 мамырдан бастап сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ-та таныса алады. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Акционер сұрау жасаған жағдайда, материалдар сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бірақ жоғарыда көрсетілген күннен ерте жіберілмейді.
Сұрақтарыңыз болса, 7 (727) 259 85 18 телефон нөміріне хабарласуды өтінеміз.
Құрметті акционерлер!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Дивиденд төленетін кезең- 01.01.2021 ж.-31.12.2021 ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияға айырбасталатын бір артықшылықты акциясы бойынша төленетін дивидендтің мөлшері: 39,75 теңге. Дивиденд төлеу басталатын күн: 2022 жылғы 15 ақпан; Дивиденд төлеу аяқталатын күн: 2022 жылғы 18 наурыз. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2022 жылғы 14 ақпандағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тіркеушісі берген «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізімінің деректері негізінде құрылған. Төленетін дивидендтің жалпы сомасы 11 742 706,50 теңгені құрайды. Дивидендтің нақты төленген сомасы 11 675 886,75 теңгені құрады. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңының 24-бабына сәйкес 66 819,75 теңге мөлшеріндегі төленбеген дивидендтер талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та ашылған шотқа аударылады. Барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: (727) 2 598 598, ішкі 10430.
Құрметті акционерлер!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлейтіні туралы хабарлайды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың банктік деректемелері:
Банктің БСК: KCJBKZKX
БСН: 980640000093
ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялардың есебін жүргізу басқармасындағы корр. шоты: KZ65125KZT1001300224, БСК NBRKKZKX
Дивиденд төленетін кезең– 01.01.2021 ж. – 31.12.2021 ж.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияға айырбасталатын бір артықшылықты акциясы бойынша төленетін дивидендтің мөлшері – 39,75 теңге.
Дивиденд төлеу басталатын күн: 2022 жылғы 15 ақпан.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2022 жылғы 14 ақпандағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарий» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінен алынған деректердің негізінде құрылған.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің тізімінде бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін қажетті банктік деректемелер болған жағдайда, Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу кезеңі 2022 жылғы 15 ақпаннан 2022 жылғы 18 наурызға дейін белгіленсін. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде акционерлердің актуалды деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде талап етілмеген ақшаның есебін жүргізу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүргізіледі.
Қызықтырған барлық мәселелер бойынша (727) 2 598 598, ішкі 10430 телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды өтінеміз.
2021 жылғы 28 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындысы туралы хабарлаймыз. 148 764 657 дауыс беретін акцияға иелік ететін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты, бұл қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 81,85%-ын құрайды.
Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 2021 жылғы 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Директорлар кеңесінің бастамасымен аудио-бейне конференция (ZOOM) режимінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетіні жөнінде хабарлайды.