ESG және орнықты даму
ЦентрКредит Банкі – клиенттерге, серіктестер мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын сенімді банк.
2023 жылғы шілде айында ЦентрКредит Банкі БҰҰ Жаһандық шартына қосылды және оның адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған орта және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы қағидаттарын сақтап, осы қағидаттарды мүдделі тараптар арасында ілгерілетеді және өз қызметіне интеграциялайды.
ЦентрКредит Банкі БҰҰ-ның орнықты даму бойынша барлық 17 мақсатын қолдайды, банк 8 басым ОДМ-ға және айтарлықтай ықпал ете алатын тиісті кіші міндеттерге назар аударады.
Банктің жалпы корпоративтік ұзақмерзімді даму стратегиясы аясында Банкте 2025 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы стратегия бекітілді.
2023 жылы Банкте Орнықты даму жөніндегі комитет құрылды.
Комитеттің қызметтеріне ESG мен климаттық стратегияны әзірлеу мен іске асыруды, сондай-ақ климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктердің есебін жүргізу мен оларды бағалауды қадағалауды қамтамасыз ету кіреді.
Комитет кейіннен Директорлар кеңесі бекітуі үшін жоғары деңгейдегі ішкі нормативтік құжаттарды (ІНҚ) және орнықты даму саласындағы есептілікті бекітеді.
Банк офистерді жетілдіреді, қағазсыз құжат айналымын енгізе отырып, энергия мен суды үнемдейді, қалдықтарды басқарады және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік-экономикалық дамуға және экологиялық орнықтылыққа ықпал ете отырып, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін қызмет етеді.
2 наурызда Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға арналған құрал-жабдықтар ұсынатын «Dos Ortopedia» компаниясының жаңа филиалы ашылды.
Шара барысында ерекше қажеттіліктері бар жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған арбалар сыйға тартылды. Бастама ЦентрКредит Банкінің қолдауымен жүзеге асты.
«Dos Ortopedia» өкілдері бұл шараның маңызына тоқталды.
«Біз осы бір серіктестіктің арқасында ортақ мақсатымыз – баршамыз үшін өмір сүру сапасының артуына аяқ басып келеміз. Еуропалық брендтердің арбаларын ұсына отырып, біз қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сапалы оңалту өнімдері туралы хабардар етеміз. Бұл өз кезегінде сапасыз өнімдердің таралуына бөгет болады. Біз қозғалыс құралын ұсынудан бөлек, тәуелсіз өмірге жол ашамыз», – дейді «Dos Ortopedia» компаниясының маркетинг және PR бөлімінің басшысы Сұлтан Қоңырбасов.
«Әлеуметтік жобаларды қолдау және қоғамға үлес қосу – банк қызметінің маңызды аспектісі. Теңдікті қамтамасыз ету бойынша мұндай бастамалар тұрақты, әділ, ізгі және дамыған қоғамға қарай қадам жасау және бұл бәріміз үшін маңызды», - деді ЦентрКредит Банкінің PR директоры Сәкен Нығмашев.
12 сәуір күні Алматыда жас ұрпақтың жоғары технологиялар саласындағы, атап айтқанда, ғарыш индустриясындағы ғылыми шығармашылық пен технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылығын ынталандыруға бағытталған және Қазақстанның 40 жетекші оқу орнының 80-нен астам жобалық командасын біріктірген Smart Space байқауының финалы өтті.
Жобаның мақсаты – білім, ғылым және кәсіпкерлік салаларын біріктіретін «Халықаралық ғарыштық желілік қоғамдастық (МК2С)» бастамашылық индустриялық-инновациялық және ғылыми-білім беру бағдарламасының бизнес-жобаларына кейіннен қосу мақсатында үздік жобалық командаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету.
ЦентрКредит Банкі жобаны қолдап, елдің инновациялық әлеуетін дамытуға және жастарды серпінді зерттеу мен әзірлеу жұмыстарына тартуға бағытталған ғылыми-білім беру бастамаларын қолдауға ұмтылатынын атап өтті.
«Kazakhstan Smart Space – біліммен және жаңашыл идеялармен алмасу алаңы болып қана қоймай, біздің прогреске, инновацияға және жас таланттарды дамытуға деген ортақ ұмтылысымыздың жарқын мысалы. ЦентрКредит Банкі жастардың ғылыми әлеуетіне және креативтілігіне, әсіресе білім саласына үлес қосу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Біз жас ұрпақтың ғарышты зерттеу мен игеруде маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз», – деп мәлімдеді ЦентрКредит Банкінің өкілі Дидар Халық.
Smart Space байқауы барысында TRIZ, PRIZ, STEM және STEAM салаларындағы пікір көшбасшыларымен шеберлік кластары, телекөпірлер өткізіліп, тағылымдама мен акселерациялық бағдарлама мүмкіндіктері, сондай-ақ ғарыш саласындағы жетекші серіктестердің міндеттері таныстырылды. Space Cup KZ Smart Space 2024 турнирі басты оқиға болды, турнир барысында командалар «SpaceTech саласындағы үздік жас жобалау менеджері» атағы үшін бақ сынады. Байқаудың 7-12 жас, 12-16 жас, 16-22 жас аралығындағы үш санаттағы жеңімпаздары Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсия және PRIZ Guru Hub платформасына жылдық жазылу сияқты түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Алматыда 10 сәуірде ЦентрКредит Банкінің қолдауымен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) Альбина Леоновна Котова атындағы зал мен Ғылыми-технологиялық паркінің салтанатты ашылуы өтті.
ҚазҰМУ-дағы ғылыми-технологиялық парк – академиялық және ғылыми ресурстарды индустрия және бизнес мүмкіндіктерімен біріктіретін заманауи инновациялық орталық. Бұл орын академиялық және зерттеу топтары, стартаптар, фармацевтикалық компаниялар және инновациялық экожүйенің басқа қатысушылары арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.
«ҚазҰМУ ғылыми-технологиялық паркі жай ғимарат немесе зертханалар кешені емес. Бұл идеялар мен инновациялар тоғысатын, студенттер мен зерттеушілер өздерінің ең батыл жобаларын жүзеге асыра алатын орын, ал біздің мамандар, ғалымдар, лаборанттар және Эндаумент қорының өкілдері жаңашылдарға ғылыми идеяларын жүзеге асыруға қолдау білдіруге тартылған. Ғылыми-технологиялық парктің ашылуы – инновациялар мен сапалы білім беруге ұмтылысымыздың дәлелі. Мұнда біз озық медициналық технологияларды дамытуды, денсаулық сақтаудың заманауи сын-қатерлерін шешуге көмектесетін зерттеулер жүргізуді жүзеге асырамыз және болашақ сын-қатерлерге дайын медициналық мамандардың болашақ буынын даярлаймыз», – деді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
ҚазҰМУ технопаркі оқу орнының құрылымдарын, атап айтсақ, ғылым департаментін оның бөлімдерімен, неврология және қолданбалы нейроғылымдар бойынша оқу-ғылыми орталығын, Дата Орталығын, Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтын біріктіреді. Онда бес заманауи зертхана, ғылыми-білім беру фармакопеялық орталығы және виварий жұмыс істейді.
"Біз еліміздің білім беру саласын дамытып, осындай шараға қатысуға шын жүректен қуаныштымыз. ЦентрКредит Банкі және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті көптеген жылдар бойы сенімді серіктестер. Профессор Котова Альбина Леоновна атындағы жаңа оқу залы мен ғылыми-технологиялық парк Денсаулық сақтау мамандарының жас буынын оқыту үшін тамаша алаң болатынына және университетке жаңа биіктерге жетуге көмектесетініне сенеміз", - деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимирович.
ЦентрКредит Банкі Қазақстанның зардап шеккен өңірлеріне қолдау көрсету үшін өз қаражатынан 200 миллион теңге бөледі. Бұл қаражат зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына бағытталады.
"Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіреміз. Біздің көмегіміз зардап шеккен өңірлерде қалыпты өмірді тез арада қалпына келтіруге сеп болады деген ниеттеміз", - дейді ЦентрКредит Банкінің баспасөз қызметі.
Еліміздегі жағдай банктің жіті бақылауында және зардап шеккен аймақтардың қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетуді жалғастырады.
ТЖМ мәліметінше, бүгінгі таңда су тасқынынан Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары зардап шекті.