ЦентрКредит Банкі - елдің банк жүйесіндегі көшбасшылардың бірі, 1988 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде қарапайым әрі ыңғайлы өнімдер мен қызметтерді ұсынады.
Бүгінде банк ел бойынша кең филиалдық желіге ие, 20 филиал мен 150-ден астам бөлімшеде 3 миллионнан астам жеке және бизнес клиенттерге қызмет көрсетіледі.
ЦКБ верификациядан өткен алғашқы тұрақты даму туралы есебін жариялады
ЦентрКредит Банкі 2023 жылға арналған тұрақты даму туралы алғашқы есебін жария етті. Құжат GRI (Global Reporting Initiative) стандарттарына сәйкес, ҚНРДА, SASB (тұрақты даму есебі стандарттары) және TCFD (климаттық тәуекелдер жайды қаржы есебі) ұйымдарының қаржылық емес ақпаратты ашу бойынша ұсыныстарын ескеріп дайындалды. Есеп жетекші халықаралық аудиторлық компаниялардың бірінің (KPMG) тарапынан верификациядан өтті*. Бұл банктің жарияланған ақпараттың ашық әрі сенімді етуге деген ұмтылысын айқындайды. Аталмыш тәжірибе Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасындағы маңызды озық қадам болып саналады.
Есепте банктің тұрақты дамудың негізгі мақсаттарына, қазіргі жобаларына, сондай-ақ жоспарланған бастамаларына қатысты жетістіктері туралы ақпарат берілген. Мәселен, 2023 жылы ЦентрКредит Банкі Green Economy Financing Facility жасыл технологияларды қаржыландырудың жаһандық бағдарламасы аясында Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші қаржылық серіктесі болып танылды. 2024 жылы банк жасыл технологияларды несиелеу бойынша GEFF II бағдарламасының серіктесі болып қалып, аталмыш жобадағы ынтымақтастығын жалғастырады.
Сондай-ақ есепте банктің білім беру, денсаулық сақтау, экология, мәдениет және спорт салаларындағы қайырымдылық жобаларға әлеуметтік инвестициялары, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту мен қолдауға қосқан үлесі атап өтілген. Осылайша мұнда банктің барлық әлеуметтік бастамалары туралы ақпарат баяндалады.
Осы және бұдан өзгеде бастамалар туралы толық ақпаратты ЦентрКредит Банкі сайтындағы 2023 жылғы тұрақты даму туралы есебінен табуға болады.
*ISAEZ000 халықаралық аудит стандартының талаптарына сәйкес шектеулі сенімділік
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.
ЦКБ Орталық Азиядағы ұзақмерзімді климаттық стратегияны әзірлеген алғашқы банк болды
ЦКБ қазақстандық банктер арасында бірінші болып климаттық стратегияны әзірлеп, бекітті, осылайша орнықты даму саласындағы көшбасшылығы мен климаттың өзгеруімен күресуге бейілділігін нығайтты.
Климаттық стратегия – банктің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарын, шаралар мен бастамалар кешенін қамтитын стратегиялық құжат. Орнықтыдамуға жаһандық көшу және көміртегі бейтараптығы жағдайында тиімді климаттық стратегияны әзірлеу және енгізу банкке тәуекелдерді басқаруға, климаттық өтуге жәрдемдесуге және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келуге ғана емес, сондай-ақ «жасыл» экономиканы қаржыландыру үшін жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі.
ЦентрКредит Банкі EY халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп, банктің меншікті операциялары бойынша да (2030 жылға қарай 2023 жылмен салыстырғанда шығарындылар көлемін 42%-ға азайту), сондай-ақ қаржыландырылатын корпоративтік кредиттік портфель бойынша да (2030 жылға қарай энергетика, ауыл шаруашылығы, металлургия, өндіріс сияқты негізгі салаларда қаржыландырылатын шығарындыларды 42%-ға азайту) көміртегі ізін төмендету жөніндегі ғылыми негізделген тәсілге сәйкес аралық және ұзақмерзімді мақсаттарды белгіледі.
Климаттық стратегия «жасыл» қаржыландыру портфелін ұлғайтуға басым назар аударады. «Жасыл» портфель бойынша мақсаттарды қою үшін қаржыландыру үшін басым қызмет түрлерін / жобаларды айқындай отырып, «жасыл» бағыттар нарығына талдау жүргізілді. Жаңартылатын энергетика және орнықты ауыл шаруашылығы 2030 жылға дейін банктің қаржыландыруы үшін «жасыл» экономиканың басым бағыттары ретінде айқындалды,Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін әлеуетті нарық көлемі ~$3.5 млрд құрайды. Нарықты талдау нәтижелері бойынша 2030 жылға дейін 400 млрд теңге мөлшерінде мақсатты мәнге қол жеткізуді көздейтін «жасыл» қаржыландыру портфелі бойынша мақсаттар белгіленді.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу бірқатар әзірленген бастама есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Мысалы, ерекше жағдайларда орнықты даму бағыты бойынша мақсатты жобаларды қаржыландыру (жаңа кредиттік өнімдер), серіктестікті дамыту, сондай-ақ жаңа бөлшекті «жасыл» өнімдерді іске қосу.
«Банктің климаттық стратегиясын іске асыру біздің орнықты даму саласындағы көшбасшы ретіндегі позициямызды нығайтып қана қоймай, инновация мен даму үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Біз осындай стратегияны іске асыруды бастаған өңірдегі алғашқы банк болғанымызды мақтан тұтамыз. Біз бұл клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімін нығайтатынына, сондай-ақ барлық мүдделі тарап үшін қосымша құндылық жасайтынына сенімдіміз. Біздің орнықты дамуға деген ұмтылысымыз аясында банк климаттық стратегияны белсенді іске асыруға және оның нәтижелеріне мониторинг жүргізуге ниетті, бұл бізге белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге және процестің барлық қатысушысымен диалогта толық ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – «Банк ЦентрКредит» АҚ Президенті Руслан Владимиров.
Әзірленген климаттық стратегия – банк үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды қадам. ESG саласындағы ірі өзгеріс аясында әзірленген климаттық стратегия тәуекелдерді басқаруға ғана емес, «жасыл» экономиканың жаңа мүмкіндіктерін дамыту мен іске асыруға да назар аударады. Банктің көміртексіздендіру бойынша алға қойған мақсаттары ерекше өршіл және орнықты даму мен ESG күн тәртібіндегі көшбасшылықты көрсете отырып, ұлттық мақсаттарды басып озады.
*ҚР ҚНРДА 03.02.2020 жылы берген №1.2.25/195/34 лицензия
Moody's ЦентрКредит Банкінің рейтингін Ba1 деңгейіне көтерді
Moody's халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит Банкінің ұзақ мерзімді депозит рейтингтерін бір сатыға жоғарылатып, Ba2-ден Ba1-ге дейін көтерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді депозиттер рейтингтері бойынша оң болжамды қалдырды.
Бұл ретте Moody's ұлттық шкала бойынша банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингін A3.kz-тен A1.kz-ке, ал ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді CRR рейтингін A1.kz-ке көтерді.
«Ұзақ мерзімді депозиттер рейтингінің жоғарылауы активтер сапасы, төлем қабілеттілігі және кірістілік сияқты несие көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетеді. Бұл банктің жаһандық рейтингтерге сәйкес ұлттық шкала бойынша рейтинг диапазонындағы позициясының берік орналасуына сеп болады», - деп түсіндірді Moody's сарапшылары.
ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең ірі 3 ЕДБ қатарында және елдің барлық аймағында 3 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеді.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.
Ақпан – Банк Қазақстан Республикасының азаматтарына қайырымдылық көмек көрсету және қолдау мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 500 миллион теңге аударды. Сондай-ақ Банк төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 1 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті.
Сәуір – Ақтөбе қаласының Ақбөбек мектебінде алғашқы Ақылды кампус іске қосылды. Мектеп оқушылары тап болатын негізгі процестер жаңа технологиялық банктік шешімдерді қолдану арқылы цифрландырылды.
Банк «Күн жүйесі қайда орналасқан?» (С.Сабол) және «Жасампаз жасөспірімдердің 7 дағдысы» (Ш.Кови) атты балаларға арналған кітаптарды қазақ тіліне аудару жобасын қолдады.
Мамыр – Банк Альфа-Банк Қазақстанды сатып алу мәмілесін жапты және оны жаңа Eco Center Bank брендімен қайта тіркеді.
2022 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша Банк нарықтың 50%-ынан астам үлесіне ие болып, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша көшбасшы болып табылды.
Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы бойынша алғашқы автокөлік ЦентрКредит Банкі арқылы берілді.
Шілде – S&P Global Ratings халықаралық агенттігі банктің кредиттік рейтингін «B/B»-ден «B+/B»-ге дейін көтерді.
ЦентрКредит Банкі жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі бойынша ТОП-3-ке кірді және коммерциялық банктер арасында Қазақстандағы активтердің көлемі бойынша үшінші орында болды. Заңды тұлғалардың депозиттері екі есе өсіп, топ-10 ЕДБ арасында үшінші орынға ие болды.
Тамыз – ЦентрКредит Банкінің акционерлері Eco Center Bank-ті ЦентрКредит Банкіне біріктіру арқылы банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
Қыркүйек – «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуына байланысты ЦентрКредит Банкі мен Eco Center Bank ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алды.
Қараша – BCC.KZ мобильді қосымшасында «ҚазМұнайГаз» АҚ халықтық IPO-сына қатысуға өтінім беру үшін «Инвестициялар» сервисі іске қосылды.
Желтоқсан – Moody’s Investors Service халықаралық агенттігі ЦентрКредит Банкінің ұлттық және шетел валютасындағы депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингтерін растап, осы рейтингтер бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгертті.
Ақпан – Банк «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік банк болып танылды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің қатысуымен алғашқы ипотекалық кредит берілді.
Банк біржолғы зейнетақы төлемдерінің қатысуымен алғашқы ипотекалық кредитті берді.
Сәуір – «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық Азиядағы ең үздік HR-бренді атанды. Динамикалық CVV-код қызметі іске қосылды, осы кодты белсенді еткен кезде үш таңбалы код оны пайдаланған әр сәтте ауысып отырады.
Мамыр – #ҮлкенгеҚұрмет картасы бойынша зейнетақыны барынша қолайлы түрде алуға арналған бірегей сервис іске қосылды.
2021 жылдың жазында тікелей BCC.KZ мобильді қосымшасында толықтырудың барлық параметрлерін күйге келтіру мүмкіндігі бар «Менің мақсатым» депозиті нарыққа шығарылды.
Банк пен ЕҚДБ жасыл экономика (GEFF) бойынша кредит желісіне қол қойды.
S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін халықаралық шкала бойынша «В/В» деңгейінде, ұлттық шкала бойынша «kzBB+» деңгейінде растады / Болжам – «Тұрақты».
Қыркүйек – ЦентрКредит Банкінің 1988 жылы құрылғанына 33 жыл толды.
Қараша – Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингтерін «Тұрақты» болжамымен В2-ден В1-ге дейін көтерді.
Желтоқсан – Банк VISA халықаралық төлем жүйесінің нұсқасы бойынша 11 номинацияда жеңімпаз атанды, сондай-ақ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Google Pay контактісіз төлемдерін іске қосты.
Ақпан – Банк активтердің сапасын бағалаудан (AQR) сәтті өтті.
Наурыз – S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингтерін «В» деңгейінде растап, болжамын «тұрақты» деңгейіне дейін жақсартты.
Сәуір – Банк Covid-19 індетінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қорға 100 000 000 теңге аударды.
Мамыр – «Банк ЦентрКредит» АҚ ірі акционерлері Банк капиталын 4,3 млрд теңгеге ұлғайтты.
Қыркүйек – Банк «GLOBAL BANKING & FINANCE AWARDS» халықаралық рейтинг басылымының зерттеу нәтижелері бойынша шағын және орта бизнеспен жұмыс жасау бойынша Қазақстандағы ең үздік банк болып танылды.
Қазан – Банк балаларға арналған «Ер Қармыс» кітабының демеушісі болды.
Қараша – Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингтерін тұрақты болжаммен B2 деңгейінде растады.
Желтоқсан – «Банк ЦентрКредит» АҚ «Баспана Хит» бағдарламасы аясында үлестік қатысумен бірінші банктік қарыз берді.
Банк алтынмен жасалатын операциялар үшін металл шоттарды іске қосты.
Ақпан – ЦентрКредит Банкі «Suńqar» жедел төлемдер жүйесі бойынша ақша аударымдарын іске қосты. Енді ЦКБ клиенттері банктік шотқа тіркелген телефон нөмірі бойынша ақша қаражатын аудара алады. Жүйеге қосылған алғашқы ЕДБ қатарында ЦентрКредит Банкі, Алтын Банк және Еуразиялық Банк.
Наурыз – ЦентрКредит Банкі қазақстандық ЕДБ арасында бірінші болып қолжетімді кредиттеу механизімін іске асыруға кірісті. Кәсіпкерлерге қолжетімді кредит беру Жамбыл облысындағы сүт өнімдерінің ауқымды спектрін өндіру бойынша желіні модернизациялаудан басталды.
Сәуір – ЦентрКредит Банкі мен Касса24 төлемдерді комиссиясыз жүргізу туралы келісімге келді. Енді ЦКБ клиенттері кредит бойынша төлемдерді Касса24 ақпараттық-төлем терминалдары арқылы жүргізе алады.
Сәуір – ЦентрКредит Банкі мен БРК-Лизинг ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ұйымдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша бірге жұмыс жасауға келісті. БРК-Лизинг өнімдері қаржыландырудағы қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру үшін Банктің өз клиенттеріне ұсынатын қаржы құралдарының тізіміне кіреді.
Мамыр – ЦентрКредит Банкі ЕДБ арасында алғашқылардың бірі болып OpenAPI платформасын пайдалануға іске қосты. Бұл платформа ықтимал серіктестерге ұзақ дайындық процедураларынсыз Банкпен интеграция жасауға және серіктес-компания мен Банктің ортақ клиенттері үшін инновациялық сервистер құруға мүмкіндік береді.
Маусым – ЦентрКредит Банкі Көкшетау қаласы, Осипенко көш., 1-үй, «РИО» сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабаты мекенжайы бойынша Көкшетау қаласында жаңа бөлімшесін ашты.
Маусым – ЦентрКредит Банкі 160900, Қазақстан, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көш., н/ж үй мекенжайы бойынша Түркістан облысында жаңа филиалын ашты.
Маусым – ЦентрКредит Банкі Тараз қаласы, Самал ықш., 31-үй, 54-пәтер мекенжайы бойынша Тараз қаласында жаңа бөлімшесін ашты.
Шілде – ЦентрКредит Банкі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы API дамыту үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Меморандумда АХҚО қатысушыларының Платформаны пайдалануы, инновациялық зертханаларды дамыту, акселерация және инкубациялық бағдарламаларға қатысатын финтех-стартаптарға менторлық қолдау көрсету, бірлескен шеберлік сабақтары мен воркшоптар өткізу мәселелері бойынша құрылымдардың бірлесіп әрекет етуі туралы қағида баяндалған.
Тамыз – ЦентрКредит Банкі Шымкент қаласында келесі мекенжайлар бойынша жаңа үш бөлімшесін ашты:
- №1 ЕКБ, мекенжайы: 160009, Шымкент қ., Еңбекші ауд., Рысқұлов көш., 15;
- № 3 ЕКБ, мекенжайы: 160008, Шымкент қ., Еңбекші ауд., Ж. Аймауытов көш., 143;
- № 4 ЕКБ, мекенжайы: 160004, Шымкент қ., Абай ауд., Жиделі Байсын көш., 92.
Қыркүйек – Deutsche Bank (Frankfurt, Germany) ЦентрКредит Банкіне 2018 жылдың қорытындысы бойынша құрмет марапатын берді. ЦентрКредит Банкіне 2018 жылғы қызмет нәтижелері бойынша еуромен жүргізілген төлемдерді өңдеу үшін «2018 EUR Operational Excellence Award» естелік белгісі берілді.
Қазан – ЦентрКредит Банкі қазақстандық ЕДБ арасында бірінші болып «Әскери қызметшілерге арналған ипотека» өнімін іске қосты. Жоба «Баспана» ИҰ» АҚ-тың «7-2-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының (оларды іске асыруда ЦКБ қазақстандық ЕДБ арасында көшбасшы болып табылады) аясында бастау алды.
Қазан – ЦентрКредит Банкі Алматыда премиум санатында қызмет көрсететін жаңа «BCC Elite» VIP-орталығын ашты. Жаңа VIP-орталық қаламыздың іскерлік бөлігінде – ЦентрКредит Банкінің бас офисінің ғимаратында әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан.
Қазан – ЦентрКредит Банкі «Жалақы жобасы» атты бірегей өнімді іске қосты. Бұл өнімнің бұған дейінгі ұқсас бағдарламалардан едәуір айырмашылығы бар және оған жалақы есептеумен қатар, басқа да көптеген артықшылықтар кіреді.
Қазан – ЦентрКредит Банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі тәуекелдерге қатысу жөнінде шекті келісімге қол қойды. Қол қойылған құжат ЕҚДБ-ның тәуекелдерді бөлу бойынша жаһандық бағдарламасы аясында әзірленген, оған сәйкес ЕҚДБ коммерциялық банктерге қарыз алушылар үшін тәуекелдің 50% дейін өтейтін кепілдіктер беру арқылы корпоративтік жобаларға қатысады.
Қараша – ЦентрКредит Банкі «Ең белсенді деск» номинациясы бойынша Refinitiv агенттігінің бас марапатына ие болды. Марапат белгісі 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның банкаралық нарығындағы аса белсенділігі үшін берілді. Белсенділік көрсеткіші шетел валютасымен жүргізілетін сауда-саттық саласындағы мәмілелер көлемі мен саны бойынша есептелді.
Қараша – Citibank, (New York, USA) 2018 жылдың нәтижелері бойынша ЦентрКредит банкін құрмет марапатымен марапаттады. «US Dollar Payments Straight-Through Processing Excellence Award» АҚШ долларымен жүргізілетін төлемдерді өңдеудің жоғары сапасы үшін ЦентрКредит Банкіне естелік белгісін берді. Сондай-ақ Банкке STP-Rate* 95 % + жоғары рейтингі берілді.
Қараша – Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «Оң» деңгейіне дейін жақсартты. «Moody's» халықаралық рейтингтік агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін халықаралық шкала бойынша растады. Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша банк депозиттері бойынша ұзақмерзімді рейтингін және CRR ұзақмерзімді рейтингін көтерді. Болжам жақсарту жағына қарай қайта қарастырылып, «тұрақты» деңгейінен «оң» деңгейіне жоғарылатылды.
Желтоқсан – ЦентрКредит Банкіне ЕҚДБ теңгемен 40 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде кредит береді. Кредит беру туралы келісімге 12 желтоқсан күні Алматы қаласында қол қойылды
Қаржыландырудың жалпы пакетіне микро, шағын және орта бизнесті (МШОБ) қаржыландыру үшін теңгемен баламасында 30 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде 3 жылға берілетін кредит, сондай-ақ ЕҚДБ-ның «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін теңгемен баламасында 10 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде 3 жылға берілетін кредит кіреді.
Желтоқсан – ЦентрКредит Банкі жеке кәсіпкерлер үшін кепілсіз кредит беруді бастады.
Желтоқсан – ЦентрКредит Банкі қазақстандық ЕДБ ішінде алғашқы болып премиум санатындағы металдан жасалған контактісіз карталарды шығара бастады. ЦКБ-нің ең жоғарғы премиум деңгейіндегі жаңа картасы #IronCard деп аталады және ЦентрКредит Банкінің және Visa халықаралық төлем жүйесінің авторлық дизайнын, мәртебесін, айрықша артықшылығын үйлестіреді.
Наурыз – Банктің «Цеснабанк» АҚ-қа тиесілі жай акциялар пакетінің барлығы, яғни 29,56% үлесі «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ірі қатысушылары Бахытбек Рымбекович Байсеитовке және Владислав Сединович Лиге, сондай-ақ бірқатар жеке тұлғаларға (миноритарлық акционерлер) сатылды.
Шілде – «Банк ЦентрКредит» АҚ өз клиенттері үшін «Еуразиялық банк» АҚ-тың банкомат желілерінде қолма-қол ақша алуға белгіленген жалпы лимиттер туралы келісімге келді.
Тамыз – ЦентрКредит Банкі ЕҚДБ-дан 45 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз алды. ЕҚДБ қаражаты ЕҚДБ-ның шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыру бағдарламасы және «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың кепілдігімен беріледі. 60%-дан астам кредит қаражаты Астана және Алматы қалаларынан тысқары орналасқан ҚР облыс орталықтарындағы шағын және орта бизнесті, сонымен қатар әйелдер басқаратын кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталатын болады.
Тамыз – Банктің 30-жылдық мерейтойы тойланды. Мерейтой құрметіне орай Қазақстан Республикасының ірі бес қаласы – Астана, Алматы, Өскемен, Ақтау және Шымкент қалаларында ЦентрКредит Банкі әуе шарының мерейтойлық туры өткізілді.
Қараша – ЦентрКредит Банкі «7-20-25» бағдарламасы бойынша көшбасшы болғаны үшін марапат алды. Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінде ЦентрКредит Банкі «7-20-25» ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруда көшбасшы болғаны үшін естелік кубокпен марапатталды. Бағдарлама бойынша берілген кредиттердің 91%-дан астам үлесі ЦКБ-ге тиесілі.
Қараша – ЦентрКредит Банкі Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Apple Pay мобильді төлемдер сервисін іске қосты.
Қараша – S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың «В/В» деңгейіндегі рейтингін растады, болжам – тұрақты. Агенттіктің хабарында ЦентрКредит Банкі жүйелік маңызы бар қазақстандық банктердің қатарына қосылған.
31 тамызда ЦентрКредит Банкінің басшысы Владислав Ли өзінің ЦКБ Басқарма төрағасы ретіндегі қызметін аяқтау туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлады.
22 қыркүйекте Ғалым Хусаинов "Банк ЦентрКредит" АҚ басшысы болып тағайындалды. Сәйкес шешім банктің Директорлар кеңесінің жиналысында қабылданды.
ЦентрКредит Банкі жеке сот орындаушыларымен электрондық бірлесіп әрекет ету форматына өтті.
ЦентрКредит Банкі Visa және MasterCard карталарынан төлем қабылдайтын К-Рау мобильді төлем терминалы арқылы транзакциялар жүргізуде "Кселл" АҚ-тың серіктесі болды.
28-29 қазанда бірінші BCC Innovation Challenge банктік хакатон форумы өтті.
ЦентрКредит Банкі сервистер мен өнімдерді жақсарту мақсатында жаңа банктік "Colvir" IT-платформасына өтті. Жаңа платформаға өту 25 наурызда жүзеге асырылды.
ЦентрКредит Банкі саяхатты ұнататын тұлғалар үшін Card for fly пластик карталарын шығара бастады. Бұл – Air Astana әуекомпаниясымен бірлесіп жасалған жоба.
ЕАДБ "Банк ЦентрКредит" АҚ-қа сауданы қаржыландыру мақсатында 10 млн доллар мөлшерінде кредит желісін берді.
Наурыз – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-пен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша 3 млрд теңге сомасын тарту туралы келісім жасалды.
Сондай-ақ наурыз айында "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-пен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша 3 млрд теңге сомасындағы қаражатты тарту туралы келісім жасалды.
Сәуір – отандық көлік құрастырушылардың автокөліктерін сатып алушыларға кредит беру арқылы қазақстандық өндірушілерді қолдау үшін ҚДБ-мен 20 жыл мерзіміне 2 млрд теңге сомасын тарту туралы келісім жасалды.
Мамыр – ҚДБ қаражаты есебінен жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасы бойынша бірінші қарыз берілді.
Маусым – "Проблемалы кредиттер қоры" АҚ-пен 15,6 млрд теңге сомасына жасалған банктік салым шартына қол қойылды.
Тамыз – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ЦентрКредит Банкін Валют Транзит Банктің салымшыларына қосымша төлем жасау үшін агент-банк ретінде тағайындады.
Қыркүйек – ЕҚДБ-мен әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерін қаржыландыру үшін әрқайсысы 5 жыл мерзіміне берілетін жалпы сомасы 3 720 млн теңге мөлшеріндегі 2 траншты тарту туралы кредиттік келісім жасалды. 1,86 млрд теңгені құрайтын бірінші транш Банкке 2015 жылғы қазан айында келіп түсті.
Қараша – стратегиялық серіктес Kookmin Bank ЦентрКредит Банкіне 100 млн АҚШ доллары мөлшерінде жаңартылатын кредит желісін (uncommitted credit facility) беретін кредит шартына қол қойылды.
Желтоқсан – айналымдағы төлем карталарының саны бойынша әлемдегі ең ірі төлем жүйесі болып табылатын UnionPay International халықарық төлем жүйесіне қосылды.
ЦКБ ШОБ саласындағы кәсіпкерлерге жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша клиенттерден өтінімдер қабылдауды бастады
ЦКБ-нің миллионыншы төлем картасы шығарылды.
Қайта өңдеу өнеркәсібі саласында ШОБ-ты қаржыландыру үшін "Даму" КДҚ АҚ-пен ҚР Ұлттық қорының қаражатын тарту туралы кредиттік келісімге қол қойылды.
ШОБ-ты қаржыландыру үшін Азия даму банкінің екінші траншын алу туралы келісім жасалды.
"Даму" КДҚ АҚ кепілдігімен 5 жыл мерзіміне микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру туралы ЕҚДБ-мен 10 млрд теңгеге кредиттік келісім жасалды.
Жеке тұлғалар мен Жеке кәсіпкерлерге арналған "Комиссиясыз тұтыну кредиттері" акциясы өткізілді.
"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" заңның күшіне енуіне байланысты "Ақшаны жария етуге арналған шартты салым" өнімі енгізілді.
"Colvir" автоматтандырылған заманауи банк жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.
Бизнес-клиенттерге арналған "Интернет-Банкинг" жүйесінің "Light" және "Mobile" жаңа нұсқалары іске қосылды.
Visa Infinite жаңа карточкалық өнімі шығарылды.
АТ стратегиясын іске асыру аясында "Colvir" өндірістік автоматтандырылған банк жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.
Есепшотты қашықтан басқару жүйесі – Star Banking жаңа қызметі енгізілді.
Төлем карталары бойынша PCIDSS стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты берілді. Қазіргі таңда Қазақстанда PCIDSS стандартына сәйкестік сертификаты тек 2 Банкке ғана берілген.
Халық банкімен бірге «Екіжақты Хост-ту-Хост» жобасын іске қосу жұмысы жүргізілді.
Мәліметтердің біртұтас корпоративтік қоймасын құру жобасы аяқталды. МБКҚ-ны құру маңызды міндетті – есептілікті құру процесін орталықтандыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Ішкі бақылауды күшейту мақсатында жеке бөлімше – Комплаенс қызметі құрылды.
Жылдың соңында банктің өткізу желісі 20 филиал мен 136 ФҚБ-ты құрады.
«Автоматтандырылған карточкалық скоринг» жобасы енгізілді.
Жаңа ұйымдық құрылым енгізілді. Әр өңірдегі филиалдардың жанынан сатылымдар офисі, кредиттік талдау орталықтары және операциялық қолдау орталықтары құрылды.
KPMG консалтинг компаниясымен бірге банкте ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясын әзірлеу аяқталды
ЕҚДБ марапаты – 2010 жылы сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.
«Банк ЦентрКредит» АҚ, Kookmin Bank Co Ltd және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) ЦКБ капиталына қатысу туралы мәмілені аяқтады.
Халықаралық қаржыға арналған ай сайынғы арнайы ағылшын The Banker журналы (Financial Times баспасы) ЦентрКредит Банкін «Қазақстандағы Жыл банкі» деп таныды.
«Эксклюзив» сараптамалық шолушы журналы жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең үздік іскерлік беделі бар коммерциялық банктердің арасындағы рейтингте екінші орынды иеленді.
ЦентрКредит Банкі Республиканың жеті ірі коммерциялық банкімен қатар Қазақстанда құрылған Бірінші кредит бюросының акционері болды.
Банк «Call Center» орталығын ашып, бөлшекті қызметті одан әрі кеңейтті және қашықтан қызмет көрсететін «Үйдегі банкинг» жүйесін іске қосты
Visa Inetrnational халықаралық төлем жүйесі ЦентрКредит Банкінің мәртебесін эмиссия және эквайринг жүргізетін, сондай-ақ осы төлем жүйесімен барлық есеп айырысуларды тікелей іске асыратын тұрақты мүшесіне (Principal Member) дейін көтерді.
Western Union компаниясы ЦентрКредит Банкін «Бизнесті дамыту үшін» номинациясында Еуропа және ТМД агенттері арасында жеңімпаз ретінде танып, «Алтын гүлдесте» сыйлығымен марапаттады.
2003-2005 жж. Банк жаңа ІТ платформасына негізделген RISC жоғары өндіруші серверге көшті, жекелеп кредит беруге арналған скоринг жүйесін, сондай-ақ деректерді өңдеу бойынша қазіргі заманға сай орталықты іске қосты.
2005 жылдың аяғында желіде 105 бірлік жұмыс істеді.
Банктің Мәскеу қаласындағы өкілдігі ашылды.
Банк қатысушы-мүше ретінде «VISA International» жүйесіне қабылданды, ол бойынша VISA пластик карточкаларын шығару және оған қызмет көрсету қызметтері көрсетіледі.
Көрсетілетін қаржы қызметтерін кеңейту мақсатында банк «KIB Asset Management» ЖШС брокерлік-дилерлік компаниясының ортақ құрылтайшысы болды.
Реттелген қарыз түрінде алғашқы меншікті облигациялар шығарылды.
Зейнетақы активтерінің есебін жүргізу және сақтау бойынша кастодиандық қызметпен айналыса бастады.
ЦентрКредит Банкі ЕДБ арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепiлдiк беру (сақтандыру) қорына қатысушы болды. №2 сертификат.
ЦентрБанкке банкаралық кредит ресурстары нарығында сауда-саттық жүргізуге рұқсат берілді.
Банк "The Bank of New York" банкінде шетел валютасымен жүргізілетін алғашқы корреспонденттік есепшоттардың бірін ашты.
1975 – 1979 жж. Мәскеу Қаржы институты, РФ
1980–1981 жж. Алматы Халық шаруашылығы институты, ҚР
1982–1986 жж. Аспирантура, «Ақша айналымы және кредит» кафедрасы, Алматы Халық шаруашылығы институты, ҚР
1987ж. Плеханов атындағы Мәскеу Халық шаруашылығы институты, РФ, Біліктілікті жетілдіру факультеті.
1979–1980 жж. КСРО Мемлекеттік банкінің Алматы облыстық конторасы, экономист;
1981–1987 жж. КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық конторасы, аға экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
1988–1988 жж. КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкінің Қазақ республикалық конторасы, басқарма бастығы, Басқарма мүшесі;
1988–1991 жж. «Центрбанк» Алматы орталық кооперативтік банкі, Басқарма төрағасы;
1991–1997 жж. «Центрбанк» Қазақ орталық акционерлік банкінің Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің төрағасы;
1993–2004 жж. «Қазақстан интернационалдық банкі» ЖАҚ, Қадағалау кеңесінің төрағасы;
1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан банктерінің қауымдастығы, Президент;
1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Банк ЦентрКредит» АҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы;
2003 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – «BCC Invest» АҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы;
2013 - 2020 жж. – Еуроазиялық ынтымақтастықтың қаржы-банк қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ), Президенті;
2020 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – Еуроазиялық ынтымақтастықтың қаржы-банк қауымдастығы (ЕАЫ ҚБҚ), Іскерлік кеңестің төрағасы.
1982 ж. Алматы Халық шаруашылығы институты, «Қаржы және кредит» мамандығы;
2003–2005 жж. Халықаралық бизнес академиясы, HEC School of Management оқу орнымен бірлескен бағдарламасы, экономика магистрі;
2005ж. «International Executive MBA» бағдарламасы бойынша Іскерлік әкімшілік ету магистрі
1982 жылғы тамыздан 1986 жылғы қазанға дейін – КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық конторасы, Жоспарлау-экономика басқармасы, аға экономист;
1986 жылғы қазаннан 1987 жылғы желтоқсанға дейін – КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық конторасы, Жоспарлау-экономика басқармасы, бас экономист;
1988 жылғы қаңтардан 1988 жылғы қарашаға дейін – КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкінің Қазақ республикалық конторасы, Мемлекеттік сауда-саттықты және жеңіл өнеркәсіпті қаржыландыруды және кредиттеуді ұйымдастыру басқармасы, басқарма бастығының орынбасары;
1988 жылғы қарашадан 1989 жылғы қыркүйекке дейін – КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкінің Қазақ республикалық конторасы, Мемлекеттік сауданы және жеңіл өнеркәсіпті қаржыландыруды және кредиттеуді ұйымдастыру басқармасының бастығы;
1989 жылғы қыркүйектен 1993 жылғы наурызға дейін – «Центрбанк» Алматы орталық кооперативтік банкі, Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі;
1993 жылғы наурыздан 1995 жылғы тамызға дейін – «Центрбанк» Қазақ орталық акционерлік банкі, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
1995 жылғы тамыздан 1997 жылғы тамызға дейін – Қазақ акционерлік әлеуметтік дамуды кредиттеу коммерциялық банкі, Басқарма төрағасы;
1997 жылғы тамыздан 1998 жылғы маусымға дейін – «Тұрғын үй құрылыс банкі» ЖАҚ, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
1998 жылғы маусымнан 2017 жылғы қыркүйекке дейін – «Банк ЦентрКредит» АҚ, Басқарма төрағасы;
2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Банк ЦентрКредит» АҚ, Директорлар кеңесінің мүшесі;
2016 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы дейін – Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, Алматы қ. Мәслихатының Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары;
2016 жылғы 4 наурыздан бастап – «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі;
31.07.2018 жылдан бастап – «ҚБТУ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі.