Мобильді құрылғыларда төлемдерді қабылдаудың ыңғайлы функцияларын пайдаланыңыз
Смартфоныңыз арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаңыз
Барлық төлем түрлерін тәулік бойы қабылдаңыз
BCCPAY арқылы транзакциялардан алынған қаражат келесі жұмыс күні шотқа түседі.
BCCPAY – бұл банктік карталар мен байланыссыз төлем жүйелерін пайдаланып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін төлем шешімі. Клиенттің төлем ақпаратын өңдеу және беру үшін смартфонға орнатылған BCCPAY қосымшасы қолданылады. Төлемдер дебеттік және несиелік карталар арқылы, сондай-ақ Apple Pay және Samsung Pay қосымшалары арқылы және оларға байланысты құрылғылар – сағаттар немесе білезіктер арқылы жүзеге асырылады. Қандай тәсілмен төленсе де, ақша алдымен эквайер банкке түседі, содан кейін сауда компаниясының шотына аударылады.
• Android смартфонының болуы
• Смартфонда NFC модулінің болуы (өндірушінің сайтында немесе смартфонның параметрлерінде тексеріңіз)
• Android нұсқасы кемінде 10.0 (смартфонның параметрлерінде тексеріңіз және қажет болса, Android нұсқасын жаңартыңыз)
• Интернетке қосылу
Шартқа қол қойылғаннан кейін қосылу 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жоқ, қосылу және қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды. Жүргізілген транзакциялар үшін комиссия тарифтерге сәйкес алынады.
Түскен қаражат келесі жұмыс күні шотқа түседі.
Қосымшаны тегін жүктеу үшін келесі сілтемені пайдаланыңыз https://play.google.com/store/apps/details?id=by.iba.bccpay
BCCPAY қосымшасы арқылы төлем қабылдауда бір транзакция үшін 3 миллион теңгеге дейін шектеу бар.