Туристті ерікті сақтандыру
Сапарыңызға сенімді аттаныңыз!
Туристтерді ерікті сақтандыру полисі шетелде туындауы мүмкін күтпеген жағдайлар кезінде медициналық шығындарды, шұғыл көмекті, тасымалдауды, багаждың жоғалуын және өзге де тәуекелдерді өтейді.
Сақтандыру төлемі
Туристке сақтандыру ресімдеңіз
- bcc.kz қолданбасын орнатып, авторизациядан өтіңіз.,
- «Сервистер» бөлімінен «Сақтандыру» → «Туристті сақтандыру» бөліміне өтіңіз.
- Серіктесіміздің сайтына өтіңіз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Өтеу аясына не кіреді?
Сақтандыру шетелде кенеттен сырқаттанған немесе жазатайым оқиғаға ұшыраған жағдайда шұғыл медициналық және медициналық-көліктік көмек көрсету шығындарын өтейді.
Оның ішінде:
- ауруханаға жатқызу және емдеу;
- дәрігерлердің қызметтері мен зертханалық талдаулар;
- жедел медициналық көмек және эвакуациялау;
- шұғыл стоматологиялық көмек;
- мәйітті репатриациялау (қайтыс болған жағдайда).
Толық ақпаратпен Сақтандыру қағидаларынан таныса аласыз.
Сақтандыру бойынша COVID-19 сырқаты қамтылған ба?
Иә, полисті ресімдеу кезінде тиісті опцияны таңдаған жағдайда (белгі қою қажет) COVID-19 сырқаты қамтылады.
Қамту аясына мыналар кіреді:
- шетелде COVID-19 сырқатын емдеу;
- медициналық шығындарды төлеу;
- таңдалған бағдарламаға байланысты билет пен тұру шығындарының құнын өтеу.
Сақтандыру сомасы – 10 000 $ дейін.
Толық ақпаратпен Сақтандыру қағидаларынан таныса аласыз.
Сақтандыру виза алу үшін жарамды ма?
Иә, сақтандыру полисі визаны, оның ішінде Шенген визасын ресімдеу талаптарына сәйкес келеді.
Полис мыналарды қамтиды:
- шетелде медициналық шығындарды өтеу;
- жазатайым оқиғалардан сақтандыру;
- шұғыл медициналық көмек көрсету қызметтері;
- сақтандыру сомасы — 50 000 USD/EUR дейін;
- сапардың бүкіл мерзімінде қолданылады.
Полисті ресімдегеннен кейін консулдыққа ұсынуға болатын сақтандыру полисін аласыз.
Шетелде сақтандыру оқиғасы болған жағдайда, қандай әрекет жасау керек?
Archimedes Medical Group компаниясының тәулік бойы жұмыс істейтін сервис орталығына хабарласыңыз:
+7 771 111 2828 / +7 771 734 0982 (WhatsApp бар)
claims@archimedes.kz
Келесі ақпаратты хабарлаңыз:
Сақтандырылған тұлғаның аты-жөні және сақтандыру шартының нөмірі;
Өтініш беру себебі (шағым), Елі, қаласы, қонақүй атауы және бөлме нөмірі;
Байланыс телефоны;
Сақтандыру шартының көшірмесі.
Маңызды:
Оқиға орын алған сәттен бастап 48 сағаттың ішінде сервис орталығына хабарласыңыз.
Егер бұл туралы уақытында хабарламасаңыз, сақтандыру компаниясы төлем жасаудан бас тартуға құқылы.
Толық ақпаратты Сақтандыру ережелерінен білуге болады.