Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Карталар
Карталар
Кредиттік карта
Дебеттік карталар
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға
Балаларға арналған карта
Зейнетақы картасы
24,0%–26,0% (ЖТСМ 27,1%–29,7%)

Жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кредит

Бөлімшелерде немесе bcc.kz қолданбасында онлайн ресімдеу

Жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кредит деген не?

Тұтынушылық мақсатта жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін кредит. 

Кепіл ретінде пәтерді, тұрғын үйді немесе ғимаратқа кіріктірілген коммерциялық жылжымайтын мүлікті пайдалануға болады. Кредит мерзімі — 3 айдан 10 жылға дейін.

Неліктен кредит ресімдеген тиімді?

Мақсатыңызға 150 млн ₸-ге дейін
Тұтынушылық қажеттіліктеріңізге қомақты сома алыңыз.
Онлайн немесе бөлімшеде
Пәтер кепілімен берілетін кредитті bcc.kz қолданбасында онлайн ресімдеуге болады.
Өтеу мерзімі 10 жылға дейін
Кредиттің қолайлы мерзімін таңдаңыз — 3 айдан 10 жылға дейін.

Кредитті қалай ресімдеуге болады?

Кредитті есептеп, өтінім беріңіз
Төлемді есептеп, шарттармен танысыңыз да, өтінімді онлайн жіберіңіз.
Алдын ала шешім алыңыз
Өтінім мақұлданғаннан кейін пәтерді тәуелсіз бағалауға тапсырыс беріңіз.
Құжаттарды жүктеңіз
Бағалау туралы есепті, пәтер құжаттарын және қажет болған жағдайда табысты растайтын құжатты тіркеңіз.
Түпкілікті шешім алыңыз
Шарттармен танысып, өнімде қарастырылған болса, сақтандыру ақысын немесе комиссияны төлеңіз.
Құжаттарға қол қойып, ақшаңызды алыңыз
Құжаттарға биометрияның көмегімен қол қойыңыз. Ауыртпалық тіркелгеннен кейін банк кредит береді.
Онлайн ресімдеу тек пәтер кепілімен берілетін кредит үшін қолжетімді.

Егер сіз коммерциялық жылжымайтын мүлік немесе үй кепілімен кредит алуды жоспарласаңыз, банк бөлімшесіне баруыңыз қажет.
Кредитті есептеп, өтінім беріңіз
Төлемді есептеп, шарттармен танысыңыз да, өтінімді жіберіңіз.
Алдын ала шешім алыңыз
Банктің алдын ала мақұлдауын күтіңіз.
Жылжымайтын мүлік пен құжаттарды дайындаңыз
Тәуелсіз бағалауға тапсырыс беріп, қажетті құжаттарды ұсыныңыз.
Түпкілікті шешім алыңыз
Банк шарттарымен танысып, өнімде қарастырылған болса, сақтандыру ақысын немесе комиссияны төлеңіз.
Құжаттарға қол қойып, ақшаңызды алыңыз
Қажетті құжаттарға қол қойыңыз. Ауыртпалық тіркелгеннен кейін банк кредит береді.
Банк бөлімшесінде пәтер, тұрғын үй немесе коммерциялық үй-жай кепілімен кредит ресімдеуге болады.

Егер пәтер кепіл ретінде ұсынылса, bcc.kz қолданбасында өтінімді онлайн беруге және кредит ресімдеуге болады.

Қандай құжаттар қажет болады?

Кредит ресімдеуге қажет құжаттар:

  • жеке куәлік
  • жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар
  • тәуелсіз бағалау компаниясының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі

Сұрақтарыңыз бар ма? Кеңес алу үшін өтінім қалдырыңыз.

Жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін 
кредитті bcc.kz қолданбасында онлайн ресімдеңіз


Ыңғайлы әрі небәрі бірнеше минутта



Кредиттің шарттары

Өнімнің шарттары
  • Қаржыландыру мақсаты – тұтынушылық қажеттіліктер
  • Қаржыландыру валютасы – KZT.
Кредиттің максималды сомасы
  • Пәтер құнының 70%-ына дейін;
  • Тұрғын үйдің және коммерциялық кірістіріліп салынған жайдың құнының 60%-ына дейін;
  • Кірісті жанама растай отырып, пәтердің, тұрғын үйдің, коммерциялық кірістіріліп салынған жайдың құнының 50%-ына дейін;
  • Қарыз сомасы 100 000 000 ₸ көп болса, пәтердің/тұрғын үйдің нарықтық, коммерциялық кірістіріліп салынған жайдың құнының 30%-ына дейін.

    *Қарыздың ең көп сомасы 150 000 000 ₸
Сыйақының жылдық номиналды мөлшерлемесі

24,0%–26,0% (ЖТСМ 27,1%–29,7%)  «ЖТСМ есептеу»

Кредит мерзімі

3 айдан 120 айға дейін

Қамсыздандыру

Пәтерлер, тұрғын үйлер және коммерциялық мақсатта жапсарлас салынған жылжымайтын мүлік қабылданады

КомиссияҚарыз беруді ұйымдастыру үшін (сақтандырудан бас тартқан жағдайда) – қарыз сомасының 0,5%-ы
Сақтандыру

Жылжымайтын мүлікті сақтандыру, меншік титулы

Төлем қабілеттігін талдау

Ресми кіріспен және жанама кірісті растаумен

Қосымша артықшылық

Қайта кепілге қою мүмкіндігі бар

Қарыз алушының жауапкершілігі туралы

Кредиттерді ыңғайлы басқару

Ай сайынғы төлемді bcc.kz қолданбасында басқарыңыз

Банктің бөлімшесіне барудың не банкомат іздеудің қажеті жоқ. Ақшаңызды кез келген уақытта bcc.kz қолданбасы арқылы салыңыз. Бар керегі – қолжетімді интернет

Мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу

Кредитті мерзімінен бұрын төлей отырып, ай сайынғы төлем мөлшерін, кредит мерзімін және қалған қарызға есептелетін пайыз сомасын азайтасыз

Кейінге жылжыту мүмкіндігі

Кредитті төлеу мерзімін екі жолмен жылжыта аласыз:
кредиттің мерзімін жылжыту мерзіміне арттыру
немесе оны өзгертусіз қалдыру арқылы

Кредит берілетін мерзімді өзгертіңіз

Кредит мерзімін арттырсаңыз, ай сайынғы төлем азаяды

Кредит мерзімін азайтсаңыз, ай сайынғы төлем ұлғаяды

Кредитті өтеу күнін ауыстырыңыз

Өтеу күнін осы айға немесе бүкіл кредит мерзіміне өзгертуге болады. Жаңа күн ағымдағы күн және оған дейінгі күнді қоспағанда, айдың 1 мен 20 аралығында қолжетімді

Жиі қойылатын сұрақтар

Максималды сомасы 150 000 000 теңге.

Жылжымайтын мүлікті кепілге қойып кредитті 3 айдан 120 айға дейінгі мерзімге ресімдеуге болады.

Жеке куәлік, құқықты белгілейтін құжаттар және жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі.

Қарыз беруді ұйымдастыру үшін (сақтандырудан бас тартқан жағдайда) – қарыз сомасының 0,5%-ы

Кепілге пәтерлер, тұрғын үйлер және коммерциялық мақсатта жапсарлас салынған жылжымайтын мүлік қабылданады.

Кепілге апаттық жағдайдағы, үшінші тараптардың және ұйымдардың ауыртпалығы және бұғаты бар, мақсатына сай пайдаланылмаған, сонымен қатар жер телімі жалға алу құқығындағы жылжымайтын мүлік қабылданбайды.

Меншік құқығының ең аз мерзімі

•    Сыйға тарту шарты бойынша кредитке өтінім берілген сәтте жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болғанына кемінде 3 ай болуы тиіс;

•    Сатып алу-сату шарты бойынша кредитке өтінім берілген сәтте жылжымайтын мүлікке меншік құқығының туындағанына кемінде 1 ай болуы тиіс (егер мәміле мерзімі 3 айдан аз болса, жылжымайтын мүлікті сатушыдан есеп айырысудың толық жүргізілгені туралы нотариат куәландырған өтінішті міндетті түрде талап ету шартымен);

•    Сатып алу-сату шарттары (ССШ) бойынша кемінде 1 ай және 3 айдан аспайтын мерзім өткен жағдайда, қарыз алушыдан/кепіл берушіден жылжымайтын мүлікті сатушыдан Есеп айырысудың толық жүргізілгені туралы нотариат куәландырған өтінішті немесе келісімді міндетті түрде талап ету қажет.


Жоғарыда көрсетілген талаптар келесі жағдайларда қолданылмайды:

•    Банк кепіліне қабылданатын жылжымайтын мүлікті сатушы/сыйға тартушы кепілгер немесе қарыз алушы болған жағдайда;

•    Банк кепіліне қабылданатын жылжымайтын мүлікті сатушы құрылыс салушы болған жағдайда;

•    Банк кепіліне қабылданатын жылжымайтын мүлікті сатушы/сыйға тартушы кредитке өтінім берілген күні жасы 21 жасқа толмаған немесе 65 жастан асқан жеке тұлға болған жағдайда;

•    Жылжымайтын мүлік объектісі Банктің ипотека бағдарламалары бойынша сатып алынған жағдайда.

Иә, осы мақсатта бұрыннан бар кепіл қайта кепілге ресімделеді.

Бастапқыда кредит мыналар арқылы берілген болса, қайта кепілге қою қарастырылмайды:
- мемлекеттік кредиттеу бағдарламасы;
- субсидияланған кредиттеу бағдарламасы;
- шағын, орта және ірі бизнесті кредиттеу бағдарламасы;
- жаңартылатын/жаңартылмайтын кредиттеу лимиті.

Жылжымайтын мүлікті тәуелсіз бағалау компаниясы бағалайды.

Кешенді сақтандыру (мүлікті сақтандыру/құқықтық сақтандыру) міндетті түрде 1 жылға жасалады. Кейінгі жылдары клиенттің өтініші бойынша жасалады.

Төлемді кейінге жылжытуға өтінім бере аласыз, сонымен қатар кредит берілетін мерзімді немесе кредитті өтеу күнін өзгерте аласыз.

Банк расталған және жанама табысы көрсетілген өтінімдерді қарастыра алады.

Иә, кредитті мерзімінен бұрын толық не ішінара өтеуге болады. Ай сайынғы төлемдер сияқты, мерзімінен бұрын өтеу мүмкінгі де bcc.kz қолданбасында онлайн қолжетімді.

Жылдамдық, сапа және мүлік кепілімен тиімді шарттар

Иә, пәтер кепілімен берілетін кредитті толықтай онлайн ресімдеуге болады. Егер кепілге тұрғын үй немесе коммерциялық жылжымайтын мүлік ұсынылса, онлайн режимінде тек өтінім бойынша алдын ала мақұлдау алуға болады.

Сізді қызықтыруы мүмкін

Қазақстандағы ипотека

«Банк ЦентрКредит» АҚ Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Шымкент және Қазақстанның басқа қалаларында ипотека алуға болады

Қолма-қол ақшалай берілетін кредит

Шын мәнінде маңызды нәрсеге берілетін кредит

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді