«Чемпион» депозиті
Арзан қызыққа алданбай, көбірек ақша жинаңыз
8,70 - 14,20% (ЖТСМ 9,06 - 15,16%)
Жинақ ақшаңызды көбейтіңіз
8,70 - 14,20% (ЖТСМ 9,06 - 15,16%)
Депозиттің артықшылықтары
Депозитіңіздің қандай табыс әкелетінін біліңіз
Жиған-тергеніңіз үшін сенімді банк
bcc.kz қолданбасында кез келген уақытта толықтырып, ақша алыңыз
Жиған-тергеніңіздің сақталатынына сенімді болыңыз
6, 13 ай — жылдық 15,16%-ға дейін
24 ай — жылдық 10,09%-ға дейін
кемінде 1000 KZT, 10 USD,
1000 RUB, 10 EUR
Депозиттің шарттары
| Мөлшерлемесі | 8,70 - 14,20% (ЖТСМ 9,06 - 15,16%) |
| Салым мерзімі | 6, 13, 24 ай |
| Салым валютасы | KZT, USD, RUB, EUR |
| Салымның минималды сомасы | 1 000 KZT 10 USD 1 000 RUB 10 EUR |
| Ішінара ақша алу | Шектеусіз, бірақ төмендетілмейтін ең аз қалдық сомасын сақтау қажет (1 000 KZT/RUB, 10 USD/EUR) |
| Қосымша жарна қабылдау | Рұқсат етілген |
| Автоматты түрде мерзімін ұзарту мүмкіндігі | Рұқсат етілген 6 айға – 3 рет ұзарту, 13 айға – 3 рет ұзарту, 24 айға – 2 рет ұзарту |
| Сыйақы төлеу кезеңділігі | Ай сайын |
| Мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігі | Салымшының талабы түскен сәттен бастап 7 күнтізбелік күннен кешіктірмей Салымның бірінші сомасы шотқа есептелген күннен бастап бір ай өткенге дейін сыйақы есептелмейді Салымның бірінші сомасы шотқа есептелген күннен бір айдан астам уақыт өткен соң, сыйақы депозит сақталған күндердің нақты саны үшін есептеледі |
| ҚР Азаматтық кодексі бойынша депозит (салым) түрі | Мерзімді депозит |
| Депозит (салым) бойынша кепілдіктің максималды (шекті) сомасы | Ұлттық валютадағы депозит бойынша 10 000 000 теңге Шетел валютасындағы депозит бойынша 5 000 000 теңге |
| Тұтынушыға арналған қаржы өнімінің тәуекелдері | Валюталық тәуекел – шетел валютасы бағамының өзгеруі салдарынан қаржылық шығындар немесе күтілетін кірістің төмендеу тәуекелі. Егер салым шетел валютасында ашылса, ұлттық валютаға аударылған жинақ сомасы мен кіріс айырбастау бағамының ауытқуына байланысты өсуі де, азаюы да мүмкін. Пайыздық тәуекел – қаржы нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі жаңа салымдар бойынша талаптардың ашылған салымға қарағанда тиімдірек болу тәуекелі. Нәтижесінде салымшы ағымдағы нарықтық жағдайлардан төмен мөлшерлеме бойынша табыс алуы мүмкін. |
| Тарифтер | Депозиттегі ақшаны толықтыру және алу Банктің кассалық операциялар үшін тарифтері бойынша жүргізіледі |
Жиі қойылатын сұрақтар
Депозитті екі жолмен ашуға болады
bcc.kz қолданбасында онлайн
bcc.kz қолданбасын жүктеп алып, тіркеліңіз
Басты бетте «Депозит ашу» → AQYL бөлімін таңдаңыз немесе «Сервистер» → «Депозиттер» → Чемпион бөліміне өтіңіз.
Бөлімшеде
Банктің бөлімшесін таңдаңыз
Бөлімшедегі менеджерлеріміз егжей-тегжейлі түсіндіріп, депозит ашуға көмектеседі
Қазақстан Республикасының 14 жасқа толған азаматтары, сондай-ақ бейрезиденттер аша алады. Бір адамға ашылатын депозиттер санына шектеу қойылмайды.
Қазақстан резиденттері үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы қажет. Сондай-ақ депозитті bcc.kz қолданбасында онлайн ашуға болады. Ол үшін құжаттар қажет емес, тек қолданбада тіркелу қажет.
Бейрезиденттер үшін өзімен бірге шетелдік паспорт және ҚР-да болу мақсатын растайтын құжат болуы қажет (жаңа клиентке ағымдағы шот ашқан кезде ғана сұратылады).
Сіз депозиттің кез келген санын шектеусіз аша аласыз.
Депозитті bcc.kz қолданбасында онлайн немесе біздің банктің бөлімшесінде ашуға болады.
Толықтыру жолдары:
1. bcc.kz қолданбасында онлайн өз шоттарыңыз арасында ақша аудару бөлімінде. Ақша әп-сәтте түседі.
2. Kassa24 жүйесі, Cash-in банкоматтары және ЦентрКредит Банкінің АТТ арқылы. Ол үшін салымшының ЖСН мен шоттың соңғы төрт санын енгізу қажет. Ақша 15 минутта түседі, максималды сомасы – 1 терминалға 500 000 теңге (40 купюра).
3. біздің банктің бөлімшесіндегі касса арқылы қолма-қол ақшамен. Бұл жағдайда үшінші тұлға толықтыра алады.
Салым бойынша сыйақы мына формула бойынша есептеледі:
салым сомасы X айына салым бойынша пайыз есептелген күндер саны X номиналды пайыздық мөлшерлеме / 365 күн.
Иә, ЦентрКредит Банкі – ҚР жеке тұлғаларының депозиттеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы.
ҚР Заңына сәйкес салымшыларға ұлттық валютадағы депозит бойынша кепілдікті өтеу мөлшері:
● 10 000 000 KZT — мерзімді депозит бойынша
● 20 000 000 KZT — жинақ ақша депозиті бойынша
● ең көбі 5 000 000 KZT — шетел валютасындағы депозит бойынша
Депозит немесе ағымдағы шот ашу, сондай-ақ операция жүргізу үшін Банк бөлімшесіне барып, қажетті құжаттарды ұсыну қажет.
14 жасқа толмаған баланың заңды өкілі мына құжаттарды ұсынуы қажет:
• баланың туу туралы куәлігі;
• екінші ата-анасының келісімі (бар болса);
• қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімі.
14 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мына құжаттар қажет:
• баланың жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
• ата-анасының екеуінің де (бар болса) немесе қорғаншысының келісімі.
Егер екінші ата-анасы болмаса, төмендегі құжаттардың бірі қосымша ұсынылады:
• қайтыс болу туралы куәлік;
• хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімі;
• екінші ата-анасы көрсетілмеген баланың туу туралы куәлігі.
Картадағы банк
Ештеңе табылмады
-
Мүгедек тұлғалар үшін қолжетімді болуы
-
Пандус не требуется
-
Кнопка вызова помощи
-
Тактильная плитка
-
Желтые круги
-
Звуковой маяк
-
Мнемосхема
-
Заниженная касса
-
Адаптированный санузел
-
Банкомат с наклейками шрифта Брайля
-
Парковка
-
Пандус
Ештеңе табылмады
Ештеңе табылмады
Сізді қызықтыруы мүмкін
Біздің банктегі ең жақсы мөлшерлеме. Толықтыру және ақша алу мүмкіндігі жоқ. Салым сомасы 500 000 KZT/1000 USD-ден басталады
Автоматты түрде толықтырудың 4 тәсілі. Депозит bcc.kz қолданбасында 1₸ бастап онлайн ашылады