Мөлшерлеме 23%-дан (ЖТСМ 26,12%-дан) 24,40%-ға дейін (ЖТСМ 28,44%)
Салықтарды есептеген кезде, ҚҚС-ның орнын толтырыңыз
Автокөліктің кілтін бір күнде алыңыз
37 айдан 60 айға дейін лизинг мерзімін белгілеңіз
Төлем тапсырмасын және қағаз құжаттарды ұсынбай-ақ,
1-2 батырманы басып, автолизингті ресімдеңіз
| Сома | 5 млн-нан 70 млн теңгеге дейін |
| Шешім қабылдау мерзімі | 10 минутқа дейін |
| Лизинг мерзімі | 37 айдан 60 айға дейін |
| Алғашқы төлем | қаржыландыру сомасының 10%-дан бастап |
| Сыйақы мөлшерлемесі | 23,00%-дан (ЖТСМ 26,12%-дан бастап) 24,40%-ға дейін (ЖТСМ 28,44%) |
| Ұйымдастыру комиссиясы | қаржыландыру сомасының 0,5%-дан бастап 1,5%-ға дейін |
| Лизинг алушының түрі | ТОО — құрылтайшысы міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы тиіс. Құрылтайшыда ықтиярхат болса — Банк қаржыландырмайды. Құрылтайшылар құрамы — 100% ҚР азаматтары. Бір ғана құрылтайшы — ҚР азаматы немесе резиденті және бірінші басшы болуы қажет. |
| Сома | 5 млн-нан 50 млн теңгеге дейін |
| Шешім қабылдау мерзімі | 10 минутқа дейін |
| Лизинг мерзімі | 37 айдан 60 айға дейін |
| Алғашқы төлем | қаржыландыру сомасының 10%-дан бастап |
| Сыйақы мөлшерлемесі | 23,45%-дан (ЖТСМ 26,18%-дан бастап) 24,9%-ға дейін (ЖТСМ 27,97%) |
| Қарызды ұйымдастыру үшін алынатын комиссия | комиссия қарастырылмаған |
| Лизинг алушының түрі | 1. Үздіксіз қызмет мерзімі кемінде 12 ай ЖК. 2. Қарыз алушылардың шекті жасы – өтінім берген сәтте 65 жас. 3. Жағымды кредит тарихы, салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлем бойынша берешектің болмауы. 4. «Банк ЦентрКредит» АҚ-та ашылған ағымдағы шотының болуы. 5. Төмендегі санаттарға жатпауға тиіс: - Шаруа қожалығы (ШҚ) - ЖСО, нотариус, адвокат, медиатор - Ортақ заңды тұлғаларға қатысушылар (АО, ОО, КСК, ЖК) |
Бастапқы жарна лизинг алушы лизинг шартын жасасқаннан кейін төлейтін автокөлік құнының пайыздық қатынасында есептеледі. Бастапқы жарнаның мөлшері банктің кредиттік ұсынысының шарттарымен айқындалады және автокөлік құнының кемінде 10%-ына тең.
Автолизинг лизингтің барлық мерзіміне КАСКО міндетті сақтандыруын қамтиды. Апат болған жағдайда, КАСКО шартында көрсетілген талаптарға сәйкес әрекет ету қажет. Жоспарлы жөндеуге, техникалық байқауға және басқаларға жұмсалатын шығыстар мiндеттi сақтандыру пакетiне кірмейді және лизинг алушы тарапынан дербес төленедi.
Қазіргі таңда лизингке арналған автокөліктер Hyundai автосалондарында ғана қолжетімді. Алайда жеткізушілер тізімін жақын арада кеңейту жоспарланып отыр.
Салық заңнамасына сәйкес, лизингтің ең аз мерзімі 37 айды құрайды. 37 айға дейін мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, айыппұл санкциялары туындауы мүмкін, оларды болдырмау үшін борышты ішінара өтеуді ұсынамыз.
Лизинг аяқталғаннан және төлемдер кестесі бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін автокөлік лизинг алушының меншігіне айналады.
Лизинг алушы ауысқан кезде, шарттар өзгертілуі мүмкін. Алайда жаңа лизинг алушы қайталама лизинг алу мүмкіндігіне банктің тексеруінен өтуі тиіс.
Автокөлікті мерзімінен бұрын қайтаруға рұқсат етіледі, бірақ лизинг алушы ілеспе шығыстарды өтеуі тиіс.
Нашар кредит тарихы автолизинг алу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін. Банк тарапынан оң шешім қабылдау үшін әдетте жақсы кредит тарихы талап етіледі.
Лизинг беруші жеке кәсіпкер үшін автокөлікті пайдалануға арналған сенімхатты ұсынады. Осы сенімхат бойынша кәсіпкер басқа тұлғаға көлік жүргізу құқығын бере алады.
Автолизинг кезінде әдетте қосымша шығыстар болмайды. Алайда лизинг шарттары міндетті түрде КАСКО сақтандыруын ресімдеуді және автокөлікке GPS-трекер орнатуды көздейді. Бұл шаралар қосымша қорғауды және автокөліктің пайдаланылуын бақылауды ұсынады.
Жеке кәсіпкерлер үшін автолизинг салықтық жеңілдіктер береді, себебі пайдаға салынатын салықты төмендете отырып, лизингтік төлемдерді шығындарда есепке алуға болады.
Лизингтегі автокөлік кепілді талап етпейді, өйткені ол лизинг шарты бойынша міндеттемелер аяқталғанға дейін лизинг берушінің меншігі болып табылады.
Сонымен қатар лизинг кредиттік ресурстарды басқа қажеттіліктер үшін сақтауға мүмкіндік береді және кәсіпкердің кредиттік рейтингін төмендетпейді
Инвестициялық максаттарға
Шын мәнінде маңызды нәрсеге берілетін кредит