Бизнес-карталар заңды тұлғалар мен ЖК үшін Банк «ЦентрКредит»
Заңды тұлғалар мен ЖК үшін
Ерекше артықшылықтары бар бизнеске арналған карта
Қазақстандағы бизнеске арналған бөліп төлеу функциясы бар алғашқы кредиттік карта
UnionPay бизнес-картасы
Заңды тұлғалар мен ЖК-ге «ЦентрКредит» Банкі бизнесті бұрынғыдан да тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше бизнес-картаны ұсынады.
Шот бойынша #business картасы
Visa Business карточкасы онлайн шот ашқан кезде автоматты түрде ресімделеді. Оның басты артықшылығы - қызмет көрсету мен картаны ресімдеу тегін.
Өнімнің стандарт функционалы бар. Жеке кірісті шығарып, 24/7 режимінде шотты басқаруға, қосымша карта шығаруға, қолма-қол ақша алуға, Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay контактісіз төлем сервисін қосуға болады.
Карточка көпвалюталы: оны теңгемен де, доллармен де, ресей рублімен де немесе еуромен де ашуға болады.
Visa Business 5 минутта шығарылады. SMS-хабарлама Қызметтер пакетіне енді.
#businessprime премиум картасы
Visa Signature Business карточкасы эксклюзивті мүмкіндіктерге жол ашады. Мәселен, шетелге барған кезде, 500 мың долларға дейінгі лимитпен сақтандыру, түрлі мәселелерді шешуге көмектесетін консьерж-сервис, Lounge Key бағдарламасы бойынша бизнес-күту залдарына кіру мүмкіндігі қажет болады. Оның үстіне, сіз әуежайда басымдық беретін сервисті, жүкті буып-тию қызметтерін пайдалана аласыз.
Картаның тағы бір ерекшелігі – пластик картаға иесінің аты-жөнін ғана емес, сондай-ақ оның лауазымын, компания атауын, тіпті никнеймін жазуға болады.
Бизнес-картаны шығаруға тапсырыс беру үшін онлайн-өтінімді толтырыңыз. Сұрақтар бойынша 605 телефоны, сондай-ақ info@bcc.kz электрондық поштасы, Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы кеңес алуға болады.