Бизнесіңізге арналған цифрлық мүмкіндіктерді ашыңыз
Бизнес-процестерді ЦентрКредит Банкіндегі API шешімдері арқылы оңай әрі қауіпсіз автоматтандырыңыз
ЦентрКредит Банкі сервисінің артықшылығы






Ұсынылатын API
Ұсынылатын қызметтер:
- Терминалдар, кассалар, сайт және мобильді қолданба арқылы төлем қабылдау
- Бюджетке, ТКШ, сақтандыру, білім беру және басқа бағыттарға төлем жасау
- ЦентрКредит Банкі мен ҚР-дағы кез келген банктегі шоттарды толықтыру
- Ыңғайлы есептілік және қайтарымдарды бақылау
Бизнесіңізге ұсынылатын артықшылықтар:
- Қолмен жұмыс көлемінің азаюы, автоматтандырудың артуы
- Жүйелеріңізбен икемді әрі жедел интеграция жасау
- Клиенттік сервисті жеделдету
- Қауіпсіздік және ЭЦҚ талаптарына сәйкестік
- OpenAPI командасының әр кезеңдегі қолдауы
Ұсынылатын қызметтер:
- Интернет-банкингке кірмей-ақ төлем жасау және ақша аудару
- Интернет-банкинг функциялары тікелей сіздің жүйеңізде (ERP/CRM)
- Шоттар мен операциялар туралы ақпаратты лезде алу рұқсаты
- Қауіпсіздік пен реттеушілердің талаптарына толық сәйкестік
Бизнесіңізге ұсынылатын артықшылықтар:
- Уақытты үнемдеу және күнделікті процестерді автоматтандыру
- Қате мен қолмен жасалатын жұмысты азайту
- Қаржылық ашықтық пен басқару деңгейін арттыру
- Ыңғайлылық – бәрі өзіңізге үйреншікті бір жүйеде
Ұсынылатын қызметтер:
- Банк бөлімшелерінің, банкоматтары мен терминалдарының орналасуы туралы өзекті мәлімет
- Төлемді дұрыс ресімдеуге арналған ҚБК, ТМК және СОК анықтамалықтары
- Нақты уақыт режимінде берілетін Банк бөлімшелеріндегі валюта бағамдары мен FX-бағамдар
Бизнесіңізге ұсынылатын артықшылықтар:
- Платформаларыңыздағы клиенттік тәжірибені жақсарту
- Төлем құжаттарындағы қатені азайту
- Бухгалтерлік және анықтамалық операцияларды автоматтандыру
- Қолмен жаңартуды қажет етпейтін өзекті деректер
ЗТ-ларға/ЖК-лерге арналған шотты онлайн ашу API
Ұсынылатын қызметтер:
- Шот ашуға онлайн өтінім беру
- Клиентті қашықтан сәйкестендіру
- Шот ашу және #business картасын ресімдеу
- Мультивалюталық шоттар: KZT, USD, EUR, RUB, CNY
- Өтінімдердің мәртебесі мен хабарламалар алу
Бизнесіңізге ұсынылатын артықшылықтар:
- ШОБ клиенттерін жедел онбординг
- Сенім мен адалдықты арттыру
- Үздіксіз процестің арқасында конверсияны арттыру
- Платформаңыздың функционалын банктік өнімдермен кеңейту
- Бизнесті бастау кезіндегі кедергіні азайту
Ұсынылатын қызметтер:
- Теңгемен төлем жасау ақша аудару
- Баланс пен операциялар мәртебесін қарау
- Шот бойынша үзінді көшірмелерді нақты уақыт режимінде алу
- Мультивалюталық шоттармен жұмыс істеу
Бизнесіңізге ұсынылатын артықшылықтар:
- Платформаңыз ішіндегі транзакциялық белсенділіктің артуы
- Уақытты үнемдеу және клиенттерге ыңғайлы қызмет көрсету
- Бірыңғай цифрлық тәжірибе арқылы адалдықты арттыру
- Толық ашықтық пен барлық операцияны бақылау
Loan API (ЖК-лерге кредит беру)
Ұсынылатын қызметтер:
- ЖК-лердің банкке бармай-ақ кредит ресімдеу мүмкіндігі
- 5 минут ішінде автоматты шешім қабылданатын онлайн-өтінім
- Қаражатты өтінім берген күні бірден аудару
- Өтінімдер мәртебесі, тарихы және хабарламаларды көрсету
Бизнесіңізге ұсынылатын артықшылықтар:
- Агенттік комиссиялар есебінен қосымша табыс табу
- Кәсіпкерлердің адалдығы мен сенімін арттыру
- Клиенттердің айналымы мен белсенділігін ұлғайту
- Платформадағы қаржы инфрақұрылымын кеңейту
Банкпен интеграция жасау оңай әрі түсінікті.
Ұсынылатын қызметтер:
- Әзірлеуші ұсынатын барлық API сипаттамалары көрсетілген ыңғайлы портал
- Жылдам интеграция жасауға арналған сұраныстар мен жауаптардың мысалдары
- Толық техникалық құжаттама
- Тест өткізуден бастап өнім ортасына енгізуге дейінгі барлық кезеңде техникалық қолдау
- Қауіпсіз тест өткізуге арналған «сынақ алаңына» кіру рұқсаты




Қосымша материалдар
ЦентрКредит Банкі ұсынған Open API – бұл біздің серіктестерімізге банктің онлайн-қызметтерін өз жүйелеріне немесе қолданбаларына енгізуге мүмкіндік беретін сервистер жиынтығы. Бұл арқылы сіз:
• ішкі бизнес-процестерді автоматтандыра аласыз
• нарықта инновациялық бизнес-модельдер құра аласыз
• өз қолданбаларыңызды дамыта аласыз
Интеграция мерзімі клиент жағындағы әзірлеу уақытына байланысты. Әдетте толық интеграция циклі бір айдан аспайды.
Егер ұсынылған кейстер арасында өз кейсіңізді таппасаңыз, қосу туралы өтінім берген кезде «Бизнес-кейстің сипаттамасы» өрісінде міндетіңізді сипаттап жазыңыз.
Біз оны мұқият зерттеп, ең қолайлы шешімді ұсынамыз.
1. Сайттағы форманы толтырыңыз немесе компания деректері мен байланыс ақпаратын көрсетіп, хат жіберіңіз.
2. Банк менеджері нақты ақпарат алу және құжаттар пакетін келісу үшін 1-3 жұмыс күні ішінде сізге хабарласады.
3. Қосылу қадамдары — менеджер техникалық нұсқаулықтарды, тест режиміндегі кіру рұқсатын беріп, іске қосу күнін келіседі.
Сізді қызықтыруы мүмкін
Бизнесіңіздің белсенді жүргізгеніңіз үшін бонус алыңыз да, оны жеңілдік алуға жұмсап, ақшаңызды үнемдеңіз
Әлемнің кез келген жерінен ең жақсы бағам бойынша валюта сатып алу және бағалы металдармен онлайн-операциялар жүргізу тиімді




