Шетелде жұмыс істейтін бизнеске арналған
құралдардың мінсіз жиынтығы
Валюталық келісімшартты тіркеңіз,
контрагентіңізбен өзара есеп айырысып,
тіркелген келісімшарт бойынша валюталық кіріс алыңыз
Контрагентті, алушы/жөнелтуші банкін, сондай-ақ санкциялық шектеудің болуына қатысты СЭҚТН кодын алдын ала тексеру қызметі
Қызмет уақытты айтарлықтай үнемдеуге, ең бастысы, жоспарланған мәміле бойынша тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді
Контрагенттің сенімділігін кешенді тексеру
Тиісті сақтық таныту (жақсартылған қауіпсіздік)
Қайтарылмайтын дебиторлық берешекті азайту
Интернетте контрагент туралы ақпаратты іздеуге уақытты үнемдеу
Ыңғайлы пайдалану
Тариф | Еркін | Оңтайлы+ | Премиум | Ультра |
Шарт шотының нөмірін тағайындау/жаңарту. Bcc бизнес қосымшасы арқылы есептік нөмірі бар келісімге енгізілетін толықтыруды/өзгерісті қабылдау | Тегін | Тегін | Тегін | Тегін |
Bcc бизнес қосымшасы арқылы есептік нөмірін тағайындамай валюталық келісімді тексеру және қабылдау | Тегін | Тегін | Тегін | Тегін |
Bcc бизнес қосымшасы арқылы өтініш берген кезде, валюталық шарт бойынша ақша мен тауар қозғалысы туралы анықтама ұсыну | Тегін | Тегін | Тегін | Тегін |
Валютаны конвертациялау | Тегін | Тегін | Тегін | Тегін |
OUR аударымы, ТМД елдері валюталары мен юань кірмейді. Жөнелтуші барлық банктің (оның ішінде жөнелтуші банкінің) комиссиясын бөлек сомада төлейді, аударым сомасынан шегерім жасалмайды, ҚҚС есептелмейді. | 0,3% min 20 000 ₸, max 134 000 ₸ | 0,3% min 15 000 ₸, max 120 000 ₸ | 0,2% min 12 000 ₸, max 100 000 ₸ | 25 төлем (соның ішінде RUB және CNY) - 0 ₸, одан әрі - 0,15% min 8 000 ₸, max 90 000 ₸ |
Шетелдік валютамен жасалатын операциялар (CNY-да - 09:00-ден 14:30-ға дейін (Алматы уақытымен) | 0,3% min 15 000 ₸, max 134 000 ₸ | 0,25% min 8 000 ₸, max 120 000 ₸ | 0,17 % min 7 000 ₸, max 100 000 ₸ | 25 төлем (соның ішінде басқа валюталар) - 0 ₸, одан әрі - 0,15% min 7 000 ₸, max 90 000 ₸ |
BCC Business арқылы | 0,20% min 3 000 KZT max 50 000 KZT | аударым сомасының 0,15% min 2 500 KZT max 40 000 KZT | аударым сомасының 0,10% min 2 000 KZT max 30 000 KZT | 25 төлем (оның ішінде басқа валютада) - 0 теңге, одан әрі - 0,05% min 2 000 KZT max 20 000 KZT |
Шарт жасалған күні шарт сомасы 50 000 USD (шарт валютасындағы баламасынан) асса, есептік нөмір (ЕН) алу қажет. Сонымен қатар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт жасалған күні ол жерде шарттың сомасы көрсетілмесе, мұндай шарт та есептік тіркеуге алынуға тиіс шарт болып саналады.
Есептік тіркеуге алынатын валюталық шарт бойынша валюталық операциялар тек тағайындалған есептік нөмірі (ЕН) болған жағдайда жүргізіледі. Операция сомасы 10 000 USD (төлем валютасындағы баламасынан) асса, заңды тұлға резиденттер мен бейрезиденттер құжаттарды міндетті түрде ұсынады. Жеке тұлға және заңды тұлға бейрезиденттер 10 000 USD (төлем валютасындағы баламасынан) аспайтын сомаға валюталық операция жүргізген жағдайда, операцияны құжаттарды ұсынбай жүргізе алады. Заңды тұлға резиденттер 10 000 USD (төлем валютасындағы баламасынан) аспайтын сомада операция жүргізген жағдайда, бұл төлем және (немесе) ақшаны аудару ЕН тағайындауды қажет ететін валюталық шартты орындаумен байланысты емес екені туралы растау жазбасы бар болса, операцияларды құжаттарды ұсынбай жүргізе алады.
Валюталық бақылау бойынша құжаттарды мына email-ге жіберуге болады: vk_doc@bcc.kz
BCC Business (web/mobile) жүйесінде тағайындалған есептік нөмірі бар шарт көшірмесін алу үшін мына жолмен өтіңіз: Валюталық бақылау — Валюталық келісімшартқа (ЕН-мен / ЕН-сіз) өтініш — Қажетті шартты таңдау — "Тіркелген файлдар" қойындысы — Құжатты жүктеп алу.
Басқа банктен қызмет көрсетуге ауысқан кезде, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартқа жаңа есептік нөмір тағайындалмайды. Клиент ЦентрКредит Банкіне мына құжаттарды ұсынады: № 78 Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы заң (бұдан әрі - ЭИВБ Қағидалары) 3-қосымшасына сәйкес экспорт немесе импорт бойынша есептік нөмір тағайындалған валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдауға өтінім; Алдыңғы банктің ЕН тағайындағаны туралы белгісі бар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың түпнұсқасы немесе көшірмесі ЦентрКредит Банкі өтініш пен шартты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде алдыңғы банкке валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы ақпаратты алуға сұрау жібереді, және оны алғанға дейін валюталық шарт бойынша төлем/аударым жасамайды. Алдыңғы банк сұрауды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде валюталық шартты есептік тіркеуден шығарады (клиенттің тіркеуден шығару туралы өтінішінсіз және келісімінсіз) және ЦентрКредит Банкіне міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты жібереді.
Репатриация мерзімі – контрагенттің валюталық шарт бойынша экспорттаушының немесе импорттаушының алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімі. Репатриация мерзімін экспорттаушы немесе импорттаушы тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау шарттарына қарай дербес есептейді және мына мерзімдер арасындағы уақыт кезеңін білдіреді: Экспорт күні мен экспорт төлемі ретінде валютаны алу күні; Импорт бойынша төлем/ақша аудару күні мен бейрезидент міндеттемелерді орындамаған/толық орындамаған жағдайда импортқа төленген пайдаланылмаған аванстық төлемді қайтару күні; Импорт бойынша төлем/ақша аудару күні мен импорт бойынша валюталық шартта пайдаланылмаған аванстық төлемді қайтару мерзімі көрсетілмесе, импорт күні (тауар жеткізу, қызмет көрсету, жұмысты орындау).
Қазақстанда ЖК және заңды тұлғалар үшін СЭҚ банктік қызметі валюталық бақылауды қамтиды. Шетелдік контрагенттермен жүргізілетін операцияларды банктік бақылау осылай аталады. Қызметтің мақсаты – есептеудің заңдылығы мен операцияның негізділігін тексеру. Банк оның нәтижелерін реттеуші орган – Ұлттық банкке хабарлайды.
Ерекшеліктері
Егер сыртқы экономикалық қызмет аясында операция сомасы 10 000 USD-ден асатын мәміле жасалса, валюталық бақылау жүргізіледі. Төлемдер ғана емес, сонымен қатар экспорттық немесе импорттық мәміле жүргізу үшін кредиттер, инвестициялар, қаржылық қарыздар да қадағаланады. ҚР аумағына келіп түсетін бағалы қағаздар да бақылауға алынады.
Валюталық бақылау желісі ЦентрКредит банкінің СЭҚ-қа қатысты барлық қызметтер пакетінде бар. Толық ақпаратты 605 қысқа нөмірі бойынша алуға болады.