Мөшерлеме 28,25-37,25% (СЖТМ 32,18-44,26%)
Екінші деңгейдегі басқа банкте теңгемен берілген қолданыстағы кепілсіз қарызды қайта қаржыландыру
Қарыз валютасы | Теңге | |
Сыйақы мөлшерлемесі | шерлеме 28,25-37,25% (СЖТМ 32,18-44,26%) | |
Арыз сомасы | 5 000 000 теңгеге дейін | |
Кредит мерзімі | 60 айға дейін | |
Өтінімді қарау және кредитті ұйымдастыру үшін алынатын комиссия | - қайта қаржыландыру сомасынан есептелетін комиссия - 0% - қосымша алынатын сома (қайта қаржыландырылатын сомадан асып кеткен сома) үшін есептелетін комиссия - 5% | |
Мерзімінен бұрын өтеу | өтелетін соманың 1% (бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алғашқы 6 (алты) ай ішінде өтеген кезде / 1 (бір) жылдан астам мерзімге берілген қарызды алғашқы бір жыл ішінде өтеген кезде алынады). Тариф Шарт жасалған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде алынбайды. | |
Клиентке қойылатын талаптар | Жеке тұлғаның үздіксіз жұмыс өтілі 6 (алты) айдан кем болмауы, қайта қаржыландырылатын қарыз бойынша, сондай-ақ басқа міндеттемелер (болған кезде) бойынша ағымдағы мерзімі өткен берешек болмауы тиіс. |
*СЖТМ 32,18%-дан бастап
Қажет болғанда, Банк қосымша құжаттарды сұрауы мүмкін
Қайта қаржыландыру жөніндегі шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі береді, Банктің қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және шешімге ықпал ете алмайды. Әрбір нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және сіздің кредиттік тарихыңыздың сапасына және сіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты болады.
Төлемді BCC.KZ мобильді қосымшасында, Банктің терминалдары мен банкоматтарында, Kassa24, Yurta арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде жасауға болады.
Екінші деңгейдегі басқа банкте (ЕДБ) алынған кепілсіз қарызды қайта қаржыландыруға болады, сондай-ақ басқа ЕДБ-ден алынған қарыз қайта қаржыландырылғаннан кейін қосымша қаржыландыру алуға болады.
Бұл ретте қайта қаржыландырудың және жаңа қаржыландырудың жиынтық сомасы ең жоғары сомадан аспауы тиіс. Қарыз алушының өзге ЕДБ-ден 3 айдан астам уақытқа алынған, Банкке өтініш берген сәтте қарыз берілген күннен бастап кемінде 3 (үш) ай өткен қарыздары қайта қаржыландырылады.
*«Банк ЦентрКредит» АҚ-та берілген кепілсіз қарыз қайта қаржыландырылмайды.