«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк), Банк ұсынатын өнімдер мен сервистерге (бұдан әрі - BCC сервистері) қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреді. Сіздің дербес ақпаратыңызды қорғау біз үшін өте маңызды, сондықтан Банк ВСС Сервистерін пайдалану аясында өңделетін дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарайды.
BCC сервистері Банктің мобильді қолданбаларын (bcc.kz, bcc business, junior bank), веб-сайттарды, сондай-ақ BCC Сервистерін Пайдаланушыларға (бұдан әрі – Пайдаланушылар) Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жасалған, сондай-ақ оларды жасаусыз банктік қызмет көрсету шарттары және/немесе өзге де шарттар аясында Банкпен бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік беретін bcc.kz сайтында орналастырылған өзге де онлайн-сервистерді қамтиды.
BCC сервистерін пайдалануға рұқсат алу Пайдаланушылардың осы Құпиялылық саясатының (бұдан әрі – Саясат) қағидаларымен сөзсіз келісімін білдіреді. Осы Саясат Пайдаланушылардың BCC Сервистерін пайдалануы нәтижесінде Банк алған ақпаратқа қатысты қолданылады.
Банк үшін деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді реттейтін міндеттер, түйінді принциптер мен заңнамалық нормалар аса маңызды. Пайдаланушының дербес деректері деп BCC сервистерін пайдаланған кезде, сондай-ақ біздің серіктестеріміздің және мемлекеттік ұйымдардың қызметтерімен бірлесіп әрекет еткен кезде Пайдаланушы кез келген нысанда ұсынған ақпарат түсініледі.
Пайдаланушылар жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, уәкілетті жұмыскерлер және/немесе BCC сервистерінде тіркелген заңды тұлғалардың өкілдері болып табылады.
Банк BCC сервистерін пайдалану процесінде алатын дербес деректерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді: ТАӘ, ЖСН, ұялы телефон нөмірі, биометриялық деректер, жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері, қаржылық деректер, мемлекеттік сервистерден және өзге де көздерден мәліметтер.
BCC сервистері Банк қызметтерін ұсынуға және көрсетуге қажетті дербес деректерді ғана жинайды және өңдейді. Банк Пайдаланушылардың деректерін келесі мақсатта жинайды:
Бұл ақпарат ақауларға диагностика жасау және оларды жою үшін қажет. Банк диагностикалық деректерді, сондай-ақ оларды пайдаланған кезде BCC сервистерінің өнімділігі туралы мәліметтерді жинайды. Бұл санатқа төмендегілер жатады:
Пайдаланушының келісімімен BCC сервистері келесі ақпаратты пайдалану рұқсатын ала алады:
BCC сервистері сайттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын жақсарту, талдау жасау және дербес контент ұсыну үшін cookie файлдарын және ұқсас технологияларды пайдаланады. Толығырақ: https://www.bcc.kz/cookies/
Банк, төменде санамаланған жағдайларды қоспағанда, Банкпен шарттық немесе өзге де заңды қатынастары жоқ үшінші тұлғаларға Пайдаланушылардың ақпаратын бермейді:
Дербес деректерге қол жеткізетін барлық үшінші тұлғалар құпиялылықты сақтауға және берілген ақпараттың қорғалуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес. Бұл міндеттемелер осы Саясаттың талаптарын, сондай-ақ Банкпен жасалған құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімдердің ережелерін қамтиды және олармен шектелмейді.
Банк серіктестеріне BCC Сервистерін Пайдаланушылардың жалпыланған иесіз деректерін, яғни қосымша ақпаратты пайдаланбай Пайдаланушының жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін ақпаратты ұсынуға құқылы. Мұндай деректер, оның ішінде статистикалық, талдамалық және өзге де зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
BCC сервистері 16 жасқа толмаған тұлғаларға арналмаған (Банкпен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда қосымша төлем карточкаларын ұстаушыларды қоспағанда). Банк BCC сервистерін пайдаланушылардың жасын анықтамайды. Бұл ретте кәмелетке толмағандардың құпиялылығын қорғау Банк пен олардың заңды өкілдерінің бірлескен бастамасы ретінде қаралады. Ата-аналарға онлайн-сервистерді пайдаланған кезде қатысуға және балалардың цифрлық белсенділігін бақылауға кеңес беріледі.
Пайдаланушылардың ақпаратын ҚР-дан тыс жерлерге берген кезде Банк шарт жасау арқылы, оның ішінде ақпарат алушылардың ақпараттық қауіпсіздікті қорғаудың тиісті деңгейін ұстанатындығына кепілдік беретін қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Банк қызметтердiң жоғары сенiмдiлiгiн, деректердiң қауiпсiздiгiн және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етуге көмектесе отырып, олардың орналасқан жерiне қарамастан қауiпсiз бұлтты технологиялар мен қоймаларды пайдаланады.
Банк Пайдаланушылардың дербес деректерін заңсыз пайдалану, өзгерту, ашу, жою әрекеттерінен және деректер қауіпсіздігін өзге де бұзушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша барлық ықтимал әкімшілік, құқықтық және техникалық шараларды қабылдайды. Банк дербес деректерді жинауды, жинақтауды, сақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді, оқшаулауды және жоюды қамтитын оның «өмірлік циклінің» барлық кезеңдерінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді және алынған ақпараттың құпиялылығын бұзуға жол бермейді.
Банк заңнаманың талаптарына сәйкес ақпараттық жүйелерде деректерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету үшін мынадай әдістерді (қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) пайдаланады:
Дербес деректердің жария болу оқиғаларына ден қою процесі Пайдаланушылардың дербес ақпаратының жария болуына немесе рұқсатсыз қол жеткізуіне байланысты оқиғаларды анықтауды, бағалауды, оқшаулауды және олардың салдарын жоюды қамтиды.
Банкте қосымша дербес деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы оқытуға және ақпараттандыруға, заңнама мен ішкі саясат талаптарын сақтауға, сондай-ақ деректердің жария етілуіне байланысты оқиғаларды болдырмау әдістеріне бағытталған жұмыскерлердің хабардар болуын арттыру процесі іске асырылды. Банкте деректерді сақтау және жою мерзімдері ҚР заңнамасының талаптарына, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, Банктің Пайдаланушылармен шарттық қатынастарын белгілейтін құжаттарға және олардың дербес деректерді өңдеуге келісімдеріне сәйкес айқындалады.
Қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ұсыныстармен толығырақ https://www.bcc.kz/personal/other/information-security/ сайтынан танысуға болады.
Пайдаланушылардың дербес деректерін жинауды және өңдеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының Келісімі болған кезде Банк жүзеге асырады. Банк Пайдаланушылардың дербес деректерін осы Саясатқа және Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін және/немесе ҚР заңнамасының талаптарын сақтау үшін қажет болғанға дейін өңдейді.
Пайдаланушының құқықтары «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» қолданыстағы заңнама арқылы реттеледі. Пайдаланушының құқықтары:
Қызметтерді тиісінше көрсету мақсатында Банк төменде көрсетілгендердің негізінде оларды жаңарту арқылы Пайдаланушылардың дербес деректерінің өзектілігін қамтамасыз етеді:
Банк кез келген уақытта осы Саясаттың қағидаларын жаңартуға және өзгерiстер енгiзуге құқылы. Егер Саясаттың жаңа нұсқасының қағидаларында өзгеше көзделмесе, Саясаттың жаңа нұсқасы www.bcc.kz сайтында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Банк BCC Сервистерін Пайдаланушыларға неғұрлым өзекті нұсқасымен танысу мақсатында осы Саясатқа ұдайы жүгінуді ұсынады.
Осы Саясатты қолдануға байланысты Пайдаланушы мен Банк арасында туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жүргізу арқылы, ал келiсiмге қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда - ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес шешiлетiн болады.
Дау келіссөздер арқылы қанағаттанарлықсыз шешілген жағдайда Пайдаланушы дербес деректерді қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті органға – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуге құқылы.
Осы Құпиялылық саясатының талаптарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы BCC Сервистерін пайдалануды тоқтатуға құқылы. Дербес деректерді өңдеуге байланысты жазбаша өтініш немесе сауалдар беру үшін Пайдаланушы Банктің ресми мекенжайына өтініш жібере алады немесе бұдан әрі көрсетілген байланыс деректерін пайдалана алады.
• Электронды пошта: info@bcc.kz
• Ресми сайт: www.bcc.kz
• Байланыс орталығы: 505 – жеке тұлғалар үшін, 605 – бизнес-клиенттер үшін
• Банк офисінің мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38-үй
Жазбаша өтініштерді Банк ішкі регламенттерде белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде қарайды.