Цифрлық теңге деген не?
Артықшылықтары
Қаражат белгіленген мақсатқа ғана жұмсалады
Қаражат қозғалысын бақылап, есеп беруді жеңілдетіңіз
Заманауи технологиялар деректердің жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етеді
B2B төлемдерін жылдамдатып, қаржы ағындарын оңтайландырыңыз
Жиі қойылатын сұрақтар
Цифрлық теңге — Қазақстанның ұлттық валютасының цифрлық форматтағы ресми нысаны. Оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарады.
Ол тек цифрлық түрде қолданылады. Цифрлық теңгемен тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге, ақша аударуға және есеп айырысуға болады.
Ол жылдам есеп айырысуға, операцияларды бақылауға және қаражатты белгіленген мақсатқа сай пайдалануға мүмкіндік береді.
Иә. Цифрлық теңгенің артықшылықтарының бірі — қаражатты белгіленген мақсатқа сай пайдалану және операцияларды бақылау мүмкіндігі.
Операциялар мен деректерді қорғау үшін заманауи қауіпсіздік технологиялары қолданылады.
Цифрлық теңгені пайдалану үшін цифрлық әмиян ашу қажет.
Интернет-банкинг арқылы цифрлық әмиян ашу туралы өтінім жіберіңіз.
Алдымен ЦентрКредит Банкінде шот ашыңыз. Содан кейін цифрлық әмиянды қоса аласыз.
Цифрлық теңгені клиенттің немесе жеткізушінің әмиянының мекенжайына аударыңыз. Төлем бірден түсіп, жүйеде тіркеледі.
Иә, 1 цифрлық теңге 1 кәдімгі теңгеге тең. Қаражатты платформада айырбастауға болады.
Иә, таңбаланған қаражатпен жүргізілетін операцияларды бақылауға болады. Бұл қаражаттың пайдаланылуын қадағалауға және алаяқтық қатерін азайтуға көмектеседі.
Жоқ, цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз қаражатты алмастырмай, толықтырады.
Цифрлық теңгені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарады. Криптовалюталар мен басқа криптоактивтерден айырмашылығы — цифрлық теңге ұлттық валютаның ресми нысаны болып саналады.
Әмиян іске қосылғаннан кейін оның жария мекенжайы автоматты түрде қалыптасады. Деректемелерді интернет-банкингтен көруге болады.