Банкте комплаенс – тәуекелге мониторинг және бақылау жүргізетін тиімді комплаенс - бақылау жүйесі құрылды,
сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес комплаенс-тәуекелді басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдер ұйымдастырылды.
Банктің комплаенс - бақылау бөлімшесі Банктің және оның қызметкерлерінің қаржы нарығында қызметтер көрсету және операциялар жүргізу тәртібін регламенттейтін заңнамасының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарын
Банктің сақтауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
Комплаенс бақылау банктің барлық басқару деңгейлерінің, қызмет бағыттарының, филиалдары мен бөлімшелерінің
мәселелерін қозғайды, сондай ақ клиенттердің, серіктестер мен акционерлердің мүдделерін қорғауға бағытталған
және ҚР заңнамасы мен банктің ішкі құжаттарының бұзылуын анықтауға, жоюға және алдын алуға мүмкіндік беретін
ішкі мониторинг, үйлестіру және бақылау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жиынтығын білдіреді.
Банк халықаралық санкцияларды қатаң сақтайды және жетекші ұйымдардың, соның ішінде Office of Foreign Assets Control (OFAC), Financial Action Task Force (FATF) талаптарын, сондай-ақ Wolfsberg Group ұсынымдарын басшылыққа алады.
Біз халықаралық санкцияларды сақтау және қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттемелерді қолдаймыз, біздің операцияларымыздың ашықтығы мен сенімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, заңсыз қызметті қаржыландыруға жол бермеуге тырысамыз.
Банк өзінің барлық клиенттері мен серіктестерін жаһандық қаржы жүйесіндегі заңдылық пен жауапкершілік қағидаттарын бірлесіп қолдау үшін қолданыстағы халықаралық санкциялар мен шектеулерді сақтауға шақырады.